52-НҰСҚА
1.Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ тастардан жасалған құрал:
A)Гарпун
B)Бифас
C)Қырғыш
D)Шапқы
E)Микролит
2.Жазба деректер бойынша қаңлы елін биледі:
A)Шаньюй
B)Хан
C)Уәзір
D)Гуньмо
E)Түменбасы
3.Қимақ қағанатының құрамына кірген тайпалардың ең ірісі:
A)Қыпшақтар
B)Түргештер
C)Үйсіндер
D)Аварлар
E)Оғыздар
4.ХV ғасырда Есен-бұға Жүністен құтылу үшін одақтасты:
A)Әбілқайырмен
B)Темір әулетімен
C)Бабыр, Мұхаммед Хайдармен
D)Керей, Жәнібекпен
E)Жоңғар,Ойраттармен
5.Әмір Темір билік құрған жылдар:
A)1370-1408 жж.
B)1370-1404 жж.
C)1370-1410 жж.
D)1370-1402 жж.
E)1370-1405 жж.
6.Қалан cалығының мағынасы:
A)еңбекке жарамды адамдар табысынан алынады
B)мұқтаж адамдар үшін мешітке беретін салық
C)жер көлеміне байланысты егіншілерге салынады
D)еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық
E)балықшыларға салынады
7.XIX ғасырдың екінші жартысында құрамында алты ұйғыр болысы ұйымдастырылған облыс:
A)Жетісу
B)Орал
C)Семей
D)Торғай
E)Сырдария
8.1991 жылғы 7 қыркүйекте қабылданған шешім:
A)Қазақстан тәуелсіздігін жариялау
B)Ұлттық валютаны еңгізу
C)Қазақстанның Компартиясын тарату
D)Одақтық шартты бекіту
E)ТМД құру
9.Отырар келбеті (ХVІ-XVII ғғ.)
Отырарды кең ауқымды қазу жұмысы 1971 жылы басталды. Қазу барысында ірі археологиялық обьектіні ірі горизонтальдық алаңдар арқылы зерттеу әдісі қолданып келеді. ...
ХVІ –ХVIII ғасырлардағы Отырар - дамыған қала. Онда ішкі және сыртқы рыноктарды да тауармен қамтамасыз етуі мүмкін қышшылар кварталы, жолаушы-жүргіншілерді дәмнен тарықтырмайтын нан пісірушілер мен әр түрлі шеберханалар жұмыс істейді. Қолдағы осы мәліметтер орта ғасырдың аяқ тұсындағы қала өмірін едәуір толық сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |