68-НҰСҚА
1.Кроманьондық адамның табылған жері:
A)Африка
B)Германия
C)Өзбекстан
D)Франция
E)Қазақстан
2. Бесшатыр қорымындағы обалар саны:
A)40
B)39
C)78
D)57
E)31
3.Қарлұқ қағанатының астанасы (орталығы) болған қала:
A)Отырар
B)Янгикент
C)Қашғария
D)Ашнас
E)Суяб
4.Дін қызметшілері мен мұсылман діни мекемелерінің жерлері:
A)Тағар
B)Вақф
C)Сойырғал
D)Харадж
E)Иқта
5.Ноғай Ордасының орталығы:
A)Отырар
B)Сауран
C)Сығанақ
D)Түркістан
E)Сарайшық
6.Қалан cалығының мағынасы:
A)еңбекке жарамды адамдар табысынан алынады
B)балықшыларға салынады
C)еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық
D)мұқтаж адамдар үшін мешітке беретін салық
E)жер көлеміне байланысты егіншілерге салынады
7.1832 жылы Бөкей Ордасында жәрмеңке ұйымдастырған хан:
A)Шерғазы хан
B)Айшуақ хан
C)Жәңгір хан
D)Бөкей хан
E)Нұралы хан
8.Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясындағы бөлім саны:
A)9 бөлім, 98 бап
B)4 бөлім, 21 тарау
C)8 бөлім, 85 бап
D)12 бөлім, 131 бап
E)10 бөлім, 15 тарау
9.Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз:
Бұл қаланың тұрғындары Жошы жіберген елшіні өлтіріп, монғол шабуылына ерлікпен қарсы тұрды. Шыңғысханның таңдаулы түмендері қаланы қоршап алып қорғаушылармен жеті күн бойы соғысты. Жеті күннен соң қалаға кірген жендеттер шаһар халқын түгелдей қырып жіберді. Аспанмен тілдескен әсем ғимараттары бар үлкен қала халқын түгелдей айуандықпен қырғанын сол замандағы мәліметтер дәлелдейді. Алайда қанша қирағанмен бұл қала өмір сүруін тоқтатпады.Көп ұзамай қалпына келе бастады. Бату хан тұсында Дешті Қыпшақтың, яғни Алтын Орданың негізгі ірі әкімшілік орталықтарының бірі болды.
Өзбек хан тұсында (1312-1342) және оның баласы Жәнібек хан заманында Алтын Орда керемет күшейді. Сол кезде Өзбек ханның ұлы Тыныбек осы қалада хан болды.
Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және
ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 82-83-б.
Достарыңызбен бөлісу: |