1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар



бет1/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ
І тоқсан 9- сынып Әдебиет БЖБ 2 оқушыға (2)

1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар.
Нутрициология бұл- тағамтану жайлы ғылым болып табылады. Яғни, тағамдық заттардың метаболизмдік, қызметтік, клиникалық, гигиеналық жағынан адам организміне әсер етуі бойынша зерттейді. Жалпы нутрициология жалпы және жеке бөлімдерден тұрады. Мұндағы жалпы бөлімде, тағамдық заттардың құрамы, сапасы, және тағамды қабылдау ережелері, тағамдық заттардың байланысы мен адам организміне әсерін зерттейді. Ал жеке нутрициологияда, адамдардың жасына, жынысына және кәсібіне байланысты тамақтану гигиенасы, және алиментарлы-тәуелді аурулардың алдын алу мен емдік тамақтану бойынша қарастырады. Осы нутрициологияда зерттеуді негізгі 3 бағыты бар:

  • Тағам адам организмінде-адам организмінде аурулардың алдын алу және емдік есер ететін фактор ретінде.

  • Тағамдық заттардың сіңірілуі, жалпы метаболизм үдерістері және адам организміне әсері.

  • Табиғатты өндіру мен тұтынуды ұйымдастыру.

Осы салауатты тамақтануға байланысты көптеген ұғымдар бар, және олардың ішінде мағыналары ұқсас терминднрдн кездеседі. Осы терминдердің мағынасын ажырата білу тағамтану ғылымынң ғана емес, профилактикалық медицинаның дамуын да қамтамасыз етеді. Қысқаша бірнеше терминдерді қарастыратын болсақ:
Тамақтану- тағамдық заттардың организмге түсуі, қорытылуы, сіңірілуі, метаболизмі және пайда болған қалдық заттардың шығарылуы.
Нутриенттер бұл-негізгі тағамдық заттар, яғни макро және микронутриенттер.

  • Макронутриенттерге- нәруыздар, майлар, көмірсулар жатады.

  • Микронутриенттерге- дәрумендео иен минералдық заттар жатады.

Тағамдық рацион- белгілі бір уақытта адамға белгіленген тағамдық заттардың құрамы мен мөлшері.
Емдәм-денсаулықты сақтау мен нығайту үшін қолданылатын, белгілі бір уақытта белгілі ретпен, құрамы мен мөлшері анықталған тағамдық заттар.
Тамақтану статусы- адамның белгілі бір уақыт аралығында қолданатын тағамының мөлшері.
Сіңірілу- адам организміне түскен тағамдық заттардың асқазан-ішек жолдары арқылы ыдырап, соңғы қалдық заттарының сыртқа шығарылуы.
Тағамдық азық- адамның тамақтануы үшін қолданылатын, табиғи немесе өңделген азық-түліктер.
Профилактикалық тамақтану- тағаммен байланысты паталогиялар дамуының алдын алу мақсатында қолданылатын, дені сау және денсаулығында түрлі ауытқушылықтары бар науқас адамдарға ұсынылатын тамақтану.
Тағамдық заттардың құндылығы- адамның қажетті заттарға және энергияға деген физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ететін тағам сипаттамалары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет