19.Тамақ адам энергиясының көзі ретінде. Ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың энергия құндылығы. Жоғары калориялы және төмен калориялы тағамдар. Көмірсулар
Көмірсулар күндізгі рационның 45-65-пайызын құрауы керек. Асказан-ішек жолдарының дұрыс қызмет атқаруына кыска-орташа және ұзын тізбектіккөмірсулардан басқа ерімейтін тағамдық талшықтарды қолдану ұсынылады.Тағамдықталшықтар тоқ ішектің төменгі бөліктерінің айналымын қамтамасызетеді. Ол үшін тағамдық талшықтардың көзі болатын бұршактұқымдастарды,бүтін дәндерді, жемістерді, көкөністерді тұтыну керек. Мұндай тағам картадамдарға тән іштің қатуын болдырмайды, нәжістің қалыптасуы мен оныңбөлінуіне ықпал етеді. ДДҰ сарапшыларының ұсыныстары бойынша, толықкүндік тағамның құрамында 30 г тағамдық талшықтың болуы шарт.
Майлар
Маймен бірге ағзаға көп қанықпаған және аз қанықпаған май күйінде калорияның 20-35% түсуі керек. Мұндай кезде емдәм былай құрылады: тағаммен бірге қаныққан майдың 10-дан төмен калориясы түсу керек. Күніне 300 мгхолестеролды қолдануға рұқсат беріледі, алтрансмайлардың мөлшері өтетөмен болу керек. Қан құрамындағы холестеролдың мөлшері жоғары болған карт адамдарға ұсынылатын емдәмнің құрамындағы сінірілген майлардын мөлшері 7% және холестеролдың мөлшері күніне 200 мг-ға тен болу керек. Тағамның құрамындағы май мөлшерін бірден төмендету тағамның дәміне, құрылымына, басқа да параметрлеріне әсер етеді, ал ол керісінше, емдәмге, дене салмағы мен өмір сапасына жағымсыз әсер етеді.
Тағаммен түсетін энергияның 34-ы майдың ыдырауының нәтижесінде пай-
да болады. Майдың энергетикалық құндылығы 9 ккал/г құрайды. Сондықтан,
сау адамдарға тағам құрамына жеткілікті май молшерін қосу ұсынылады.
Тағамдық май адамның май тініне жиналуға қабілетті. Ол энергетикалық
депоны құрады. Ашыккан кезде энергетикалық мақсатта барлық май
жұмсалмайды. Майдың кейбір мөлшері ашыққан кезде тиімді қолданыла
алмайды. Ол кейбір висцеральдық ағзаларды механикалық әсерлерден
корғайды. Алакан мен табандағы май қабаттары сүйектерді артық қысымнан
қорғайды. Сонымен қатар, адамда жылуды сақтағыш қызметін атқаратын
теріасты майының қоры бар. Тағамдық майлардың рөлі мынадай өмірлік
маңыздылығы жоғары үдерістерге қажет: ас қорыту, ыдырату, сіңірілу, майда
еритін дәрумендер мен каратиноидтар, ликопендер сияқты фитобөлшектерді
тасымалдауда. Майлар асқазан секрециясын тежейді, панкреатикалық және
өт капшыктык белсенділікті арттырады.
Химиялық құрылысына сәйкес майлар үш топқа бөлінеді:
- май қышқылдары;
- үшглицеридтер;
- фосфолипидтер.