1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар


Тиімді, үйлесімді тамақтану,қағидалары. Салауатты тамақтану пирамидасы



бет3/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ

3. Тиімді, үйлесімді тамақтану,қағидалары. Салауатты тамақтану пирамидасы
Тиімді тамақтану дегеніміз- организмнің энергияға, пластикалық және тіршілік әрекетінің белгілі бір жағдайларында өмірлік қажетті биологиялық белсенді заттектерге мұқтаждығын қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтері- үйлесімділік және дұрыс тамақтану режимі.
Ал үйлесімді тамақтану дегеніміз- организмде өзінің пайдалы биологиялық белсенді заттектердің оңтайлы ара-қатынасын қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз.
Организмге күнделікті қажет ететін энергияның тәуліктік рационындағы 12-15% белоктар, 30-32%майлар, 50-55% көмірсулар қамтиды. Тиімді тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын, тағамдық факторларды- амин қышқылдары, көпқанықпаған май қышқылдары, кейбір витаминдер, микро және макроэлементтер, липотропты заттектер, тағами талшықтар өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен міндетті түрде алып отыруы қажет болады. Мектеп жасындағы дені сау балаларда тәулігіне 2750 ккал, қыздарғ 2500 ккал энергия қажет. Балалар денсаулығын қамтамасыз етуде тиімді тамақтану маңызды орын алады. Яғни денсаулыққа әсер ететін қоршаған орта және әлеуметтік экономикалық факторлармен қатар дұрыс тамақтанудың да маңызы зор. Дұрыс тамақтануды ұйымдастыруда:

  • Бұл ең бірінші тағамды белгілі бір уақытта қабылдау. Осы режимді дұрыс ұстау арқылы асқазан-ішек жолдарының және басқада жүйелердің жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді.

  • Тағамды тұтынуда баланың жас ерекшелігіне, организмнің функционалдық шамасына жалпы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай қолданылады.

  • Тағаммен бірге тусетин тағамдық заттектер өзара ара қатынаста болуы керек.

  • Ана сүтімен қоректенетін балалар үшін белок, май, көмірсулар арақатынасы 1:1:3, ал мектеп жасындағы балалар үшін 1:1:4-ке тең болуы керек.

Салауатты тамақтану бұл адам денсаулығының жақсы және ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді. Сондықтан ғалымдар салауатты тамақтану пирамидасын жасап шығарды. Және де бұл артық салмақтан арылуға және оның алдын алуда да маңызды. Салауатты тамақтануда ең бірінші кезең кең көлемде қолданылатын-дәнді дақылдар болып табылады. Бұндай құрамды өнімдерді күн сайын 6-10 порция яғни, 100 г-ға дейін тұтынылуы керек.
Екінші қабатында-көкөніс, жеміс-жидектер. Бұл өнімдерді күнде жеміс-жидектердің 2 порциясы, көкөністердің 4 порциясы ұсынылады.
Пирамидалық диетаның 3-ші деңгейінде ұсынылатын- бұршақтар, тұқымдар және жаңғақтар жатады.
Пирамиданың төртінші сатысында-ақ ет, балық және жұмыртқа. Олар күнінен 0-2 порциясын қолдану ұсынылады.
Бесінші деңгей-сүт өнімдері болып табылады. Ал алтыншы деңгейлі шұжықтар, тәттілер, сары май, қызыл ет, картоп, ақ нан, күріш, жеміс шырындары т.б. Осы өнімдерді аптасына 1-2 рет өте аз мөлшерде сирек пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет