Микотоксикоздар дегеніміз – бұл улы метаболиттердін ( микотоксиндер , зең саңырауқұлақтары , ауылшаруашылық өнімдері ) организмге түсуінен бо латын уланулар . Микотоксикоздармен улану көбіне зақымдалған дәнді дақылдарды ( ұн , жармалар , нан ) өңдегеннен кейін дамиды . Бұл топтағы улануларға афлаток сикозды , фузариозды және эрготизмді жатқызуға болады . Афлатоксикоздар . Тағамдық микотоксикоздардың ішіндегі ең қауіптісі . Тағамдық өнімде Aspergillus flavus және Aspergillus parasiticus токсиндерінің жинакталуымен сипатталады . Қазіргі күні ең кең таралған және толық зерттелген арнайы аспергиллезді токсиндер — В1 , В2 , G1 , G2 . Улылығы жағынан B1 токсині өте улы және кең Тағамнан улану 315 таралған , ал G2 токсинінің улылығы төмен . В1 және B2 токсиндері өсімдіктер арқылы сиырдың организміне түседі де , сүт арқылы адамдарға таралуы мүмкін . Афлатоксиндер көбіне арахис , бидайда , жүгеріде , соя , бұршақта , арпада , кофеде , какаода кездеседі , сонымен қатар , кептірілген және қақталған балык , ет өнімдерінен де кездестіруге болады . Токсиннің түзілуі үшін 24—35 ° С температурадағы 9—18 % ылғалдылық негізгі қолайлы орта , әсіресе крахмалға және майға бай өнімдер негізгі көзі болып табылады . Клиникалық көрінісі . Афлатокискоздардан болатын тағамдык уланулар негізгі екі түрде кездеседі : жіті және созылмалы субклиникалық уланулар . Жіті улану кезінде бауыр зақымдалады ( жіті улы гепатит ) , өлім көрсеткіші шамамен 25 % құрайды . Афлотоксикоздардың созылмалы түрінде гепатоконцерогенді әсері байқалып , бауырдың обыры дамуы мүмкін . Бірақ айта кететін жайт , бауырдың карциномы токсиннің ұзақ әсерінің нәтижесінде ғана емес , сонымен қатар шамадан тыс , көп мөлшерде түсуінен де болуы мүмкін . Мәліметтер бойынша жержаңғақ өңдейтін орында жұмыс жасайтын жұмысшыларда бауыр обыры анықталғаны жөніндегі жағдайлар тіркелген ( 12—15 % жұмысшылар ) . Соны мен қатар , ауру асқазанның , жатырдың , өкпенің обырын дамытуы мүмкін . Афлотоксиндер мутагенді , тератогенді және эмбриотоксинді әсерге ие . Афлотоксикоздың дамуына тағамның сапалылығы өте ерекше әсер етеді . Себебі , тағам құрамындағы нәруыздың және алмастырылмайтын амин қышқылдардың жеткіліксіздігі афлотоксикоздың жіті және созылмалы көріністерін белсендіреді , ал А , В , дәруменінің жеткіліксіздігі афлотокси коздардың канцерогенді әсерін күшейтеді . Алдын алу шаралары ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын қатаң бақылауға негізделеді . Майлы дақылдарда , жержаңғақта және оның өңде улерінде В1 афлотоксинінің 1 кг шикізатта кездесу мөлшері 30 мкг , ал бидай , күріш , соя және басқа да дәнді дақылдардың құрамында 10 мкг / кг аспауы Кажет . Фузариотоксикоздар . Fusariит саңырауқұлақтарымен зақымдалған дәнді дақылдардың өнімдерін ( бидай , арпа , сұлы , күріш , жүгері ) қолдану барысын да дамиды . Фузариотоксикоздар тобына fusarium graminearит және fusarium sporotrichella var . Sporotrichioides жатады . . • Fusarium graminearит – « есірткіш » нанмен улану . Клиникалық көрінісі бойынша алкогольді ішімдікпен уланудың ауыр түріне ұқсас келеді . Fusarium graminearит саңырауқұлақтары дәнді дақыл қоймаларындағы дәндерді саңырауқұлақтарының өсуі барысында зақымдайды . Егер адам ұзақ уақыт бойына осындай нанды қабылдайтын болса қан аздық , психикалық бұзылыстардың ауыр түрі және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі секілді көріністер байқалады . • Fusarium sporotrichella var . Sporotrichioides — алиментарлы - улы алейкия , яғни баспаның жаралы түрімен көрінеді . Клиникалық көрінісі тыныс жолдарының сілемейлі қабатының қабынуымен , лейкопения , тромбоци топения және қан аздықпен көрініс береді . Бұл кезде адам организмініңқантүзу жүйесі бұзылып , миелоидты және лимфоидты тіндері бұзылады . Инкубациялық кезеңі зақымдалған тағамды қабылдағаннан кейін 1-2 аптадан соң басталады . Негізгі алдын алу шаралары егіс жиналу ұзақтығына , сақталу мерзімінің дұрыстығына , алкалоидтар мен фузариотоксиндердің кездесу мөлшерін анықтауға бағытталады . Эрготизм . Қастауыш алкалоидтарымен улану . Claviceps purpurea ауылшаруашылық дақылдарының көптеген түрлерінде ( бидай , арпа , жүгері , қара бидай ) жинақталатын өте ұсақ мөлшердегі қастауыштар . Токсинді әсері құрамында лизергин қышқылы бар , нейротропты әсерге ие эргометрин , эрготоксин және эрготамин алколоидтарымен , соны мен қатар , адреналин тәрізді әсер беретін тираминге байланысты болады . Қастауыштардың улы әсері жоғары температураға төзімді , тіпті зақымдалған өнімдерде ұзақ уақытқа дейін сақталады . Клиникалық сипаты . Құрысулық , гангренозды және аралас түрлерін ажыратуға болады . Құрысулық түрінде әлсіздік , терлегіштік , шаршағыштық , құсу , жүрек айнуы , іштің ауырсынуы , бүріп ауыру сияқты белгілер байқалады . Науқастарды , жүйке жүйесі жағынан байқалатын өзгерістер , бүгу бұлшық еттерінің құрысуы , елес , естің бұзылыстары мазалайды . Ауыр жағдайда опистотонус дамуы мүмкін . Гангренозды түріне жүрек тамыр жүйесінің зақымдары тән . Науқастар көгеруге , аяқ қолдардың қан айналымының на шарлауына шағымданады . Яғни ауыр жағдайында гангрена дамиды . Қазіргі күні бұл жағдайдан толық емделу мүмкін болмай тұр . Өндірістік және тұқымдық дәнді дақылдарды қастауыштардан тазарту ал дын алудағы қазргі күнгі тиімді шараның бірі болып отыр . Олардың кездесу жиілігі 0,05 % аспауы қажет .