1. Нутрициология, анықтамасы, міндеттері, негізгі ұғымдар



бет85/99
Дата09.02.2022
өлшемі267,97 Kb.
#131291
түріҚұрамы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99
Байланысты:
НУТРИЦИОЛОГИЯ
І тоқсан 9- сынып Әдебиет БЖБ 2 оқушыға (2)
Диеталық өнімдер Диеталық өнімдер тұрмыстық тағамдардың медициналық көрсет кіштеріне сәйкес келмеуіне байланысты , науқастарды тамақтандыруға арнал ған химиялық құрамы немесе физикалық қасиетімен ерекшеленген арнайы тағамдық өнімдер . Диеталық өнімдердің келесі негізгі топтарын ажыратады . • Асқазан - ішек жолдары аурулары , жақ және бет жарақаттары , шайнау қызметінің бұзылыстары немесе жұтынудың қиындауы , ота жасалғаннан кейінгі кезең кезінде ас қорыту мүшелердің механикалық және химиялық тұрғыда қорғауды қамтамасыз етуге қолданылатын тағамдық өнімдер . Бұл өнімдер өте ұсақталған , құрамында экстрактивті заттар , натрий хлориді ( ас тұзы ) , тағамдық талшықтары өте аз . Мұндай өнімдерге ұсақ жармалардан дайындалған ұн , желінбейтін және қиын қорытылатын бөліктерінен тазартылған гомогенделген қалбырлық көкөніс өнімдері , жемістер , ет , балық өнімдері жатады ; құрғақ , суда еритін құндылығы жоғары концентраттар және т . б . • Натрийдің тағамдық өнімдерде төмен болуы ( тұзсыз ) , мұндай тағамдар жүрек - тамыр жүйесі аурулары , бүйрек , бауыр және басқа да аурулар кезінде қолданылады . Бұл топқа тұзсыз тағамның дәмін шығаруға арналған тұз алмастырғыштар жатады . • нәруызсыз тағамдар немесе арнайы , ерекше нәруыз бен амин қышқылы жоқ тағамдар . Оларға созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде және басқа да ауруларда қолданылатын сыз , крахмалдың әр түрінен дайындалған нан алмастырғыштар , макарон өнімдері , жармалар жатады . • Көмірсулардың құрамы өзгерген өнімдер , яғни олардың мөлшері төмендетілген қант алмастырғыштар ( сластилин , сахарин , фруктоза және т . б . ) , лактозасы жоқ сүт өнімдері . Бұл өнімдерді қантты диабет , семіздік және басқа да аурулар кезінде қолданады . • Майдың мөлшері төмендетілген немесе құрамы жақсартылған өнімдер ( сүт қышқылды өнімдер , сиыр майы , құнарландырылған өсімдік майы және т . б . ) . Аталмыш тағамдық өнімдер май алмасуының бұзылуымен көрінетін атеросклероз , семіздік аурулары кезінде және т . б . қолданылады ; • Тағам құрамындағы май немесе көмірсу мөлшерін азайту нәтижесінде энергиялық құндылығы төмендетілген тағамдық өнімдер ( тағамдық талшықтар , метилцеллюлоза және басқ . ) . • Қосымша қоректік заттармен байытылған басқа да диеталық өнімдер ( толық құнды нәруыз , йод , темір , дәрумен , лецитин ) .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет