Асқазан - ішек жолдары аурулары кезінде емдік тамақтану Асқазан - ішек жолдары аурулары қазіргі күні тұрғындардың барлық топтарының арасында кеңінен таралған . Тұқым қуалаудан басқа патологияның дамуына тамақтану тәртібінің бұзылыстары да ерекше әсер етеді : уақытылы тамақтанбау , майлы , қуырылған және калориясы жоғары жылдам дайындалатын тағамдарды қолдану , психоэмоционалды күйзеліс , ұйқының жеткіліксіздігі және басқа да кері әсер етуші факторлар . Асқазан - ішек жолдары аурулары кезіндегі тағаммен емдеудің негізгі міндеттері асқазан - ішек жолдарының қызметін қалыптастыруға , сөл бөлу белсенділігін және моторлы - эвакуаторлы қызметін және метаболизмді жақсартуға бағытталған . Бұл тұлғаларға арналған диета құрамындағы қоректік заттар үйлесімді болуы қажет . Көмірсулар мен ас тұзының мөлшері төмен , ал тағамдық талшықтардың мөлшері жоғары болуы керек . Бұл тағамдық талшықтардың көп болуы оның антацидтік қасиетімен байланысты , яғни , сілемейлі қабатқа протекторлы әсер етіп , ішектің моторикасын белсендіреді . Целлюлозаға бай тағамдық талшықтар жоғары гидрофильдікпен ерекшеленеді . Целлюлозаның ионалмастырғыш қасиетіне қарай ішектегі қоректік заттардың концентрациясы жоғарылап , тоқ ішектің биоценозы қалыптасады . Диетаны тағайындауда тағамның асқазанның секреторлы және қозғалысты қызметіне әсерін ескеру керек . Тағамдық өнімдер асқазанның сөл бөлуіне әртүрлі әсер етеді . Сондықтанда , тағамдардың осы қасиетін ескере отырып әлсіз және күшті қоздырғыштар деп ажыратады .