Казахский язык и литература в школах с неказахским языком обучения
5В012200
Русский язык и литература в школах с нерусским языком обучения
5В012300
Социальная педагогика и самопознание
5В020200
Международные отношение
5В020300
История
5В020500
Филология
5В020700
Переводческое дело
5В021000
Иностранная филология: уйгуркий язык
5В030100
Юриспруденция
5В030200
Международное право
5В040900
Хореография
5В041300
Живопись
5В041400
Графика
5В041700
Декаративное искусство
5В042100
Дизайн
5В050300
Психология
5В050500
Регионоведение
5В050700
Менеджмент
5В050800
Учет и Аудит
5В050900
Финансы
5В051100
Маркетинг
5В060800
Экология
5В060200
Информатика
5В060300
Механика
5В070300
Информационные системы
5В071600
Приборостроение
5В090200
Туризм
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны болып саналады. Оның іргесі 1928 жылы қаланған және бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстанның беделді оқу орындарының бірі болып саналады. Абай атындағы ҚазҰПУ осы уақыт ішінде өз басынан екі рет мемлекеттік аттестацияны (1998 және 2003 жж.) және (2000, 2004, 2006 және 2014 жж.) мемлекеттік аккредитацияны ойдағыдай өткізді. Сөйтіп, өзінің жоғары мәртебесі мен кәсіби кадрлар даярлаудағы - оның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша да - сапалық деңгейін растады.
6 желтоқсан 2014 жылы Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Франция президенті Франсуа Оллланд, Қазақстанда мемлекеттік іс сапарында, әлемдегі екінші тек Орталық Азияда «Сарбонна Қазақстан» институтын салтанатты түрде ашты. Аталған Халықаралық жоба Болон конференциясының талаптары мен принциптеріне толық сәйкес келеді. «Қазақстан Сарбонна» институтының ашылуы отандастарымыздың беделді еуропалық білім алуына, Халықаралық білім стандартына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, жастарымыздың «Қос Диплом» бағдарламасы бойынша екі елдің де дипломдарын алып шығуына мүмкіндік береді.
Жасыл желек жамылған әсем Алматының 28-панфиловшылар атындағы саябағы маңына, Достық даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысына қоныстанған университет қалашығы өзінің сән-салтанатымен көз тартады. Кіре беріс баспалдағында биік тұғырға ұлы Абай мүсіні қойылған университет бас ғимаратының сәулеті де ерекше. Мұнда оқу орнының әкімшілігі, оқу
дәрісханалары, оқу-мәжіліс залдары орналасқан. Жалпы университеттің 10 оқу корпусы, 5 жатақханасы, 2 миллион данадан астам кітап қоры бар ғылыми- көпшілік кітапханасы, Интернет жүйесіне қосылған 29 компьютерлік сыныбы, Орталық саябақ жанында арнаулы спорт кешені бар. Университет базасында Ұлттық ғылым академиясының Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі жұмыс істейді.
Ғылыми және оқу зерттеу орталықтары, жоғары оқу оррындары оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіретін бөлімдердің атағы да ҚазҰПУ- дың абырой-беделін асқақтата түсуде.
Заман талабына сай әрбір студенттің компьютер мен электронды техникаларды жетік меңгеруіне, әлемдік интернет жүйесіне еркін енуіне бізде мүмкіндіктер жеткілікті.
ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 6 қарашадағы № 1500 қаулысымен
Университет жанында әскери кафедра ашылды. Әскери кафедра екі мамандық бойынша әзірлеуді іске асырады: ВУС 800100 - Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру; ВУС 801300 - Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру; ВУС - 801200 - Идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Ғылыми - педагогикалық әлеуеті жөнінен Абай атындағы ҚазҰПУ республика бойынша ең алдыңғы орында. Ірі 8 институт, 44 кафедра, еліміз үшін аса қажетті мамандар мен ғылыми кадрлар даярлап шығаруға қызмет етуде: Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Құқық; Көркем өнер; Әлеуметтік ғылымдар және бизнес; Жаратылыстану ғылымдары; Техникалық ғылымдар; Қызмет көрсету.
Бүгінде мұнда профессор - оқытушылар құрамы 866 адам болса, оның 158 - сі ғылым докторлары, профессорлар, 378 - дан астамы ғылым кандидаттары, доценттер. Бұлардың ішінде, ҚР Ұлттық ғылым академиясы мен Жоғары мектеп, басқа да халықаралық және салалық академиялардың академиктері, корреспондент - мүшелері қызмет етеді. Қазірде оқу орнының күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерінде 6 мыңнан астам студенттер, магистранттар, докторанттар оқиды.
Қымбатты білім қуған арманшыл жастар! Бүгінде кадр даярлаудың алтын ошағына, еліміздің мақтанышына айналып отырған қазақ елі білімінің қара шаңырағы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қош келдіңіздер! Изгі тілекпен,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Университетінің ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытудың барлық түрлері бойынша 2016-2017 оқу жылына білімгерлерді қабылдайды.
Білім беру барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Өтініш қабылдау мерзімі 2016
жылдың 20-шы маусымынан 9-шы шілдесіне дейінгі аралықта болады (немесе қабылдаймыз). Талапкерлерге кешенді тестілеу 2016 жылы шілде айының 17-23 жұлдыздары аралығында болады (немесе өтеді). Мемлекеттік білім грантын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін өтініштер 2016 жылы шілденің 23-31 жұлдыздары аралығында қабылданады. Студенттер қатарына қабылдау жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы тарапынан 2016 жылы тамыз айының 10-25 жұлдыздары аралығында жүргізіледі.
Магистратура және PhD докторантураға құжат қабылдау 2016 жылдың шілде айынының 10-30 жұлдыздары аралығында жүргізіледі.
Магистратураға тапсырушыларға қойылатын талаптар:
бакалавр дипломы;
түсу емтиханын тапсыру үшін шетел тілін тиісті деңгейде білу.
Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:
ректордың атына өтініш (үлгі бойынша)
жеке куәлігінің көшірмесі
нотариус куәландырған диплом және оның қосымшасының көшірмесі
ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының тізімі
№086-У түрі бойынша медициналық анықтама (флюорография түсірілімін Алматы қаласы бойынша студенттік емханадан тексертуі тиіс)
егер бар болса шетел тілін тапсырғанытуралы сертификат (TOEFL және т.б.)
мекеме атынан оқуға ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыру және оқудың төлемақысын төлейтіндігі туралы кепіл хат немесе заңды тұлғамен келісім - шарт
мекен-жайы туралы анықтама (ХҚКО)
3х4 көлемдегі 6 фотосуреті
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмесімен бірге түпнұсқасыда әкелінуі тиіс, тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы қайтарылады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлік дәреже болуы тиіс (мемлекеттік білім грантына үміткерлердің орташа есеппен алғанда GPA баллдары 3,33 (4,0 және/немесе 90% (100%) ) төмен болмауы керек
PhD докторантураға түсемін деуші талапкерлер шетел тілін жеткілікті деңгейде білуі қажет.
PhD докторантураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:
ректордың атына өтініш (үлгі бойынша)
жоспарланып отырған отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшісімен келісілген (ғылыми кеңесшісінің қолы жұмыс орнының мөрімен расталуы тиіс)