1. Қоғам дамуының шешуші секторларында акт-дың рөлі



Дата13.10.2019
өлшемі24,44 Kb.
#49783
Байланысты:
1 дарис

1.     Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі

 

Жоспар:



1.     АКТ пәні және оның мақсаты;

2.     Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі;

3.     АКТ мен тұрақты даму.

 

АКТ пәні және оның мақсаты

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

 АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) – бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу үрдістері мен әдістері.

Ақпараттық-коммуникациялық технология – ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология.

АКТ әртүрлі механизмдерді, құрылғыларды, алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеу тәсілдерін сипаттайтын жалпы ұғым болып табылады.

Е.Ы. Бидайбеков «Ақпараттық - коммуникациялық технология дегеніміз – технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық - техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы» деген пікір білдіреді.

Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде АКТ – ны пайдалану өте тиімді және өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады.

АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Бұл технологияны пайдалануның негізгі мақсаттары:

  ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу жұмысына жаңашылдық енгізу;

  білім алушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау;

Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу:

     ұқыптылыққа;

     нақтылыққа;

     берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына;

     басты мәселеге назар аудара білуге;

     өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға; дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

АКТ-ның маңызды заманауи құрылғылары:

     қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер;

     ішіне қажетті ақпараттар енгізілген коммуникация құралдары.

Білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін АКТ-ның негізгі құралы – ол қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырумен, сондай-ақ, аспаптық құралдармен жабдықталған дербес компьютер.

Заманауи қоғамда:

     мәтіндік процессорлар;

     презентациялар;

     электрондық кестелер;

     графикалық пакеттер;

     мәліметтер қоры және т.с.с. әмбебап қолданбалы бағдарламалар мен АКТ құралдары кеңінен қолданылады.

Ғаламдық компьютерлік желі көмегімен қас-қағым сәтте әлемдегі ақпараттық ресурстарға:

     электрондық кітапханаларға;

     файлды сақтау қорларына;

     мәліметтер қорларына және т.б. жетуге болады.

Желі басқа да кеңінен таралған АКТ-ны қолдану мүмкіндігін береді, оларға жаңалықтар тобы, электрондық пошта, чаттар, тізімдер, таратылымдар жатады.

Онлайн (нақты уақыт режимінде) хабар алысу:

     cеанс орнатылғаннан кейін мәтінді, дыбысты, бейнені және әр түрлі файлдарды жіберу;

     әр жерде орналасқан қолданушылар компьютерімен біріккен байланыс орнату, аудио және бейне конференция ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Телекоммуникациялық желілерде тиімді іздестіруді ұйымдастыру үшін автоматтандырылған іздестіру бағдарламалары қолданылады.

Оның мақсаты ғаламтордың әр түрлі ресурстарынан мәліметтерді жинау және қолданушыға оларға жылдам қол жеткізуді ұсыну.

Іздестіру жүйелері құжаттарды, мультимедиялық файлдарды, адамдар мен ұйымдар туралы адрестік ақпараттарды, бағдарламалық қамтамасыз етулерді табуға болады.

АКТ қолдану:

     оқу, әдістемелік және ғылыми ақпараттарға қол жеткізу;

     кеңестік көмек беруді жедел ұйымдастыру;

     ғылыми және зерттеу қызметтерін модельдеу;

     нақты уақыт режимінде виртуалды сабақтарды (дәрістерді, семинарларды) жүргізу;

     қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін береді.

 

Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-дың рөлі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.

Электрондық оқу басылымы барлық оқытылатын ақпарат көлемін сақтау және беру мүмкіндігін беретін маңызды технология болып табылады. Оларды желі арқылы және оптикалық тасушылар арқылы таратуға болады. Электрондық оқу басылымы ақпараттарды графиктік динамикалық түрде ұсыну мүмкіндігін береді.

Ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келеді. Интерактивті жүйе дербес компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құралады. Демек интерактивтілік дегеніміз - студент пен құралдар арасындағы екі жақты сұхбатты жүргізу. АКТ-лар арқылы кері байланысты ұйымдастыру студенттің әрекетіне бақылау мен түзету енгізумен, әрі қарай жұмыс жасауға нұсқау берумен, ақпаратты түсіндіретін анықтама алуға мүмкіндіктер береді. 

Интерактивтік – бұл дидактикалық құралдардың әрбір субьектінің өз нәтижесі үшін маңызды жауапкершілікке болуын қамтамасыз ететін және қарым-қатынас кезінде субьектілер арасындағы әрекет, өзара түзетулер қатынастар орнатуды көздейтін іс-әрекетті ұйымдастыра білу қабілеті. Интерактивтік және бейімділік интерактив тақта (компьютердің қосымша құрылғылардың бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды, ақпараттық кескін мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал) арқылы да жүзеге асырылады. Одан басқа бағдарламалық құралдар - электрондық оқулықтар, электрондық дидактикалық материалдар, электрондық анықтамалар, электрондық энциклопедиялар, жаттықтырушы және дамытушы компьютерлік бағдарламалар да қолданылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесiне қолдану оның келесi мүмкiндiктерін бередi:

     студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне АКТ мүмкiндiктерiн қолдану;

     оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық iс-әрекеттiк компьютерлiк оқыту және т.б.);

     проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

АКТ құралдары - жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиа-технологияды қолдану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

ЖОО-да ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың  мынадай  жүйелері кездеседі:

     ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру;

     информатика, математика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша оқыту;

     бiлiм беру жүйесiнде  АКТ-ды өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;

     бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;

АКТ-мен жұмыс істеу компьютерді кеңінен пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны, интернет-сервистерді жан-жақты қолдануға, компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға негізделеді. АКТ-ны оқу үрдісіне енгізудің оқытушы  үшін тиімділігі өте жоғары:

     компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты қызықты өткізуге мүмкіндік туады;

     студенттер мен оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды;

     білім-білік дағдылары тест тапсырмалары арқылы тексеріледі;

     шығармашылық жұмыстар жасалады;

     қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;

     қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі болады;

     интернетте жұмыс жасау арқылы жан-жақты ақпарат алу;

     студенттер мен оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету және т.б.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптысуына жол ашуы керек.

 

АКТ мен тұрақты даму

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламарының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану туралы міндет қойылған. XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет-сервисті, мультимедиялық жабдықтарды, электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім алушылардың  білімділігін күшейту мен білім сапасын көтеру. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қоғамда ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияларды меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 

АКТ құралдары дегеніміз – микропроцессорлық және АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау және өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық-ақпараттық және техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім мазмұнының заман талабына сай болуымен, білім алушылардың білімді өздігімен меңгеруі және өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуымен бағаланады. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техникалық құралдары, оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология - білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формаларын беруші құрал.

 

Бақылау сұрақтары

1.     АҚТ нені оқытады?



2.     Қоғам дамуындағы АҚТ-ның қызметі?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.       Джумагалиева А.М., Нургазинова А.Ж., Смаилова Л.Қ, Күлмүратова А.Ш., Информатика: ақпараттық жүйелер, Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 247б.

2.       Мадешова А.Б.,  Габдуллаев Д.Г. Компьютер архитектурасы: оқулық/ Қазақстан Білім және ғылым министрлігі. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-303б.



3.       Мырзабекова Г.Е., Күлмұратова А.Ш., Смаилова Л.К., Тәжібай Л.К., Интернет технологиясы. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 191б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет