1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу



бет13/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н

Қолданбалы бағдарламалық жабдықты қолданып белгілі бір ақпаратты бергенде мынандай принциптер қанағаттандырылуы керек:

1. Қолданбалы бағдарламалық жабдықта оқу материалдары белгілі бір жастағы оқушылардың меңгерген білім жүйесіне сәйкес келіп, оқушының үйренген тілінде жатық баяндалуы қажет. Басқаша айтқанда, оқу материалдарының баяндалуы оқушыға түсінікті болу керек, бірақта, өте жеңіл болмауы тиіс. Өйткені, материал жеңіл болса, оқушының оған деген қызығушылығы азаяды.

2. Төменгі сыныптарға арналған қолданбалы бағдарламалық жабдықтар ақпаратты көрнекі қабылдауға, ал жоғары сыныптардың оқушыларына арналғаны ақпаратты логикалық ойлау арқылы қабылдауға бағытталған болуы керек.

Бұл принцип адамдар миының ассиметриясына байланысты. Адам миының оң жақ бөлігі көрнекі ойлауды, ал сол жақ бөлігі логикалық ойлауды қадағалайды. Төменгі сынып оқушыларында мидың оң жақ бөлігі сол жақ бөлігіне қарағанда артығырақ дамыған. Сондықтан, төменгі сыныптарда оқыту көрнекі ойлауға сүйене отырып жүзеге асуы керек. Жоғары сынып оқушыларында, керісінше мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда артығырақ дамыған. Сондықтан, бұл сыныптарда оқыту логикалық ойлауға сүйене отырып жүзеге асуы қажет. Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды қолданбалы бағдарламалық жабдықтағы материалдар төменгі сынып оқушыларына арналған болса, онда ол материалдың баяндалуында көбірек ойын элементтерін пайдаланып, логикалық сұрақтарды азырақ қою керек. Ал, жоғары сынып оқушыларына арналған материалдың баяндалуы логикалық ойлау арқылы жүзеге асуы керек[17].

Психологтардың пікірінше дәстүрлі оқыту жүйесі тек қана мидың сол жақ бөлігін дамытуға бағытталған. Соңғы зерттеулердің қорытындысына қарағанда мұны толықтай дұрыс деуге болмайды. Сонымен, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарға қойылатын үшінші принципті тұжырымдайық.

3.Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар оқушылардың көрнекі, сондай-ақ, логикалық ойлауын да дамытуы қажет.

Мұғалім оқушыларға белгілі ақпаратты хабарлайды, яғни түсіндіріп айтып береді. Және де мұғалім барлық оқушылар ол ақпаратты толықтай қабылдады деп ойлайды. Бірақ, мұғалім бір мезгілде 25-30 оқушыны оқыта отырып, оқыту қарқынын, ақпаратты түсіндірудің мән-мағынасын әрбір оқушының ерекшеліктеріне сәйкестендіре алмайды, себебі ол ерекшеліктер сан алуан. Көптеген мұғалімдер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын оқушылардың «ыңғайына» қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық оқушылар үшін ыңғайлы емес. Себебі нашар оқитын оқушылар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын меңгеріп түсіне алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда мұғалім «асығыстық» жасады деуге болады. Ал, мұғалімнің айтқанын тез қабылдайтын оқушылардың дамуында тежеу басталып, ол оқушылар меңгеретін материал «жеңіл» болып, мұғалім оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. Сонымен қатар, мұғалім «орташа» оқитын оқушының білім деңгейін ескере отырып сабақты жүргізетіндіктен білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады.

Оқушылардың барлық (жақсы, орташа, нашар оқитын) категориясына бірдей ыңғайлы болатын әмбебап әдістемені жасауға болмайтын болғандықтан, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Ол жеке ерекшеліктер әрбір оқушының оқу материалдарын жеке-дара мысалдан бастап түсіндіріп, содан кейін жалпы жағдайға көшсе жақсы түсініп, материалды жеңіл түсініп кетеді. Ал, басқа бір оқушылар алдымен жалпы жағдайды қарастырып, содан кейін, оған жеке-дара мысалдар келтірсе, жақсы түсініп материалды меңгеруі артады.

Мұғалім бір мезгілде әртүрлі екі тәсілді қолдана алмайды. Ол тек қана біреуін қолданады. Сондықтан, оқушылардың белгілі бір бөлігі материалды түсіндіруді ұға алмай, оны меңгере алмай қалады. Осыған орай, оқушылардың сабақты үлгермейтін тобы пайда болады[18,429 б.].

Психологиялық, әдісттемелік, педагогикалық, математикалық әдебиеттерді және озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу негізінде қолданбалы бағдарламалық жабдықты оқушыларыдың жеке ерекшеліктерін ескеріп қолданудың келесі педагогикалық-психологиялық негіздері анықталды:



  • оқушылардың теориялық ойлауы төменгі деңгейде қалыптасқан болса, онда материалмен алғашқы танысуын бейнелердің көрнекілігіне сүйену арқылы дәлдіктің төменгі деңгейінен бастау керек;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бағытталған әдістемені жобалау барысында жүйке жүйесінің тұрақсыз тегін оқыту процесінің барлық кезеңінде ескеріп отыру қажет;

  • тапсырмаларды баяндауда және оларды орындау барысында оқушылардың зейінін, құбылыстардың жеке жақтарын және олардың арасындағы байланыстарын түгелдей назарға алу керек;

  • қолданбалы бағдарламалық жабдық көмегімен материалды баяндауда әрбір оқушыға тән қабылдау мүмкіндіктері айтарлықтай жоғарылайды;

  • материалды оқытудың дәлдік деңгейін оқушының теориялық ойлауының қалыптасу сатысын қолайлы жағдайына дейін жеткізу керек;

  • оқушылардың іс-әрекетін материалдықтан ойлау формасына өткізуді жүзеге асыру;

  • ұсынылған материалды меңгеру деңгейі мен теориялық ойлаудың қалыптасу дәрежесіне жеткен білім алушының, материалды меңгеру деңгейін ескеру негізінде қолданбалы бағдарламалық жабдық көмегімен тексеру жұмыстарының нұсқалары қалыптасады;

  • қолданбалы бағдарламалық жабдық нұсқаларды құрумен қатар, жұмыстарды тексеруді де жүзеге асырады;

  • теориялық ойлауы төмен деңгейдегі оқушылар үшін шығармашылық сипаттағы тапсырмалардағы абстрактілі деректер кейбір нақты деректерге ауыстырылуы керек;

  • теориялық ойлауы айтарлықтай жоғары деңгейдегі оқушылар үшін шығармашылық тапсырмалар есептердің берілген шартының өзгертілуімен, абстрактілігімен, үлкен сатыдағы жалпылылығымен сипатталынуы керек;

  • оқушылардың тексерілетін жұмыстарын орындау барысында жүйке жүйесінің тұрақсыздық тегін мүмкіндігінше ескеру керек;

  • үй жұмысына жаңа материалды қабылдауға және оқушының жеке тұлғасын анықтауды қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар енгізілуі керек.

Мектептің оқу процесінде оқушылармен жеке жұмысқа ерекше мән беріледі, өйткені ол жеке тұлғаның белсенділік, дербестік, табандылық сияқты т.б. «жағымды» қасиеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен, оқу процесінде ұйымдастырылған формаларды және мамандардың бағалауын қарастыра отырып, келесідей қорытынды жасауға болады:

a)білім беру оқушының орта деңгейлі қабілетіліктеріне бағытталған болуы керек;

б)білім алушының түрлі дәрежедегі қабілеттерін, психикалық ерекшеліктерін ескеру үшін оқытуды жекелендіру қажет;

в) оқытуды жекелендірудің әмбебап құралы ­ қолданбалы бағдарламалық жабдықпен кешенді қамтамасыз етілген дербес компьютер болуы керек.

Сабақтарда қолданбалы бағдарламалық жабдықты қолдану көптеген қарама-қайшылықтарды шешеді: оқушы жұмыстың жылдамдығын, тапсырмалардың деңгейін таңдайды, әр түрлі нұсқалармен жұмыс істейді; бағдарламада ұсынылған тапсырмалар оқушының білімі дұрыс және объективті бағалануына мүмкіндік жасайды.

Оқытуды жекелендіру үшін қолданбалы бағдарламалық жабдыққа дидактикалық талаптар қойылады. Қолданбалы бағдарламалық жабдық оқытудың жаңа құралы болуы үшін бірінші кезекте дидактикалық талаптарға сай болуы керек. Біз дидактика категорияларына сүйене отырып, бағдарламалық жабдыққа қолданылатын осы талаптарды қарастырамыз. Ю.К.Бабанскийдің айтуынша, дидактика категорияларына: оқыту принциптері, білім мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары жатады.

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтың (ҚБЖ) көпдеңгейлілігі дидактикалық критерилерге жауап береді. Білім алу мазмұнын таңдауда ғылымилық, жүйелік, түсініктілік, үздіксіздік, бірізділік, өміршеңдік сияқты оқытудың негізі принциптерін басшылыққа алу керек оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдауда көрнекілік, оқытуда оқушылардың белсенділік пен саналылық прициптерін, оқытудың мазмұны мен міндеттеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістерімен үйлестіру басшылыққа алынады.

Аталған принциптер ҚБЖ-да көрініс табады. Әрине, дәстүрлі оқытудағы сияқты ҚБЖ-да да ғылымилық принципі болуы керек. Сонымен қатар, ҚБЖ білім беру мазмұнының нормативтік деңгейін қамтамасыз етуі керек.

Білім алушылардың ҚБЖ-мен жұмыс барысындағы белсенділігі оқушылардың жеке мінездеріне ҚБЖ бағытымен қамтамасыз етіледі: ұсынылған ҚБЖ «нашар» оқитын оқушылар үшін де, «орташа» оқитын оқушылар үшін де, «жақсы» оқитын оқушылар үшін де қызық болуы керек.

Білім беруде ДК-ны педагогикалық жағынан тиімді қолдануды ҚБЖ арқылы жоғарылатуға болады, олар:

- жеке тұлғаға бағытталады;

- оқушылардың белсенділігін және мотивациясын қамтамасыз етеді;

- оқушылардың жеке мінездемелеріне бейімделеді;

- мектептің ерекшелігін ескереді.

Оқытуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық жабдықты жасау барысында сыныптағы оқушылардың оқу материалдарын қабылдау жылдамдығын және жеке ерекшелік мінездері бойынша (темперамент, есте сақтау қабілеті, көңіл аудару және т.б.) өзіндік даму деңгейлерінің әр түрлі екендігін есепке алу қажет. ДК оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру үшін мол мүмкіндік береді: жұмыс қарқынын таңдау, бағдарламалармен жұмыс жасауды қайталау, сұхбат жүргізу және т.б. Монитор экранында оқу ақпаратын беру үлгісін таңдай отырып, оқушының жеке ерекшелігін: (оның қабылдау, мен есте сақтауды көру немесе есту түрі, абстрактылы немесе нақтылы образды ойлауы және т.б.), оқытылатын пәннің ерекшелігін меңгеру кезеңдерін есепке алу қажет (А.М.Довглялло).

Әрбір оқушы жеке бағдарлама бойынша жұмыс істей алатындай және оған ДК-мен байланысудың қолайлы режимі болатындай, оқуды жекелендіру үшін ҚБЖ-лар қажет.

Біздің ойымызша, жалпы білім беру пәндері бойынша оқуға негізделген қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды оқушылардың әртүрлі категориясына байланысты көп деңгейлі етіп құру қажет. Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, деңгей саны үшеу болуы керек[18,248б.].

ҚБЖ деңгейлерінің айырмашылық критерийлеріне оқыту процесінің құрамдас элементтері жатады, олар: мақсатты, мазмұнды, ынталандыру-мотивациялық, операциялық-қызметтік, бақылау-реттеу, бағалау-нәтижелілік. Егер жоғарыда тізбектелген элементтердің барлығын әр түрлі деңгейге тиісті деп қарасақ, онда түрлі деңгейде, әр түрлі мақсат қойылады. Бірінші деңгей оқу материалын қабылдауды, оны түсінуді қамтамасыз етеді; екінші деңгейде материалды ұғыну, бекіту жүзеге асады; үшінші деңгей алған білімді қолдануға және қорытуға мүмкіндік береді. Әр деңгейдегі түрлі мақсат жорамалдары барысында әр алуан ынталандырулар мен мотивация жүзеге асуы керек: бірінші деңгейді оқу барысында проблемалары бар, үлгерімі нашарларға есептелген; бұл жерде түсіну, ықылас, ынталандыру болып табылады. Екінші деңгей үлгерімі орташаларға есептелінген және көбірек жақсы білуге ұмтылу ынталану болып табылады. Үшінші деңгей білімі жоғарыларға есептелінген және бұл жерде мотивация кәсіби бағыттылық сипатқа ие. ҚБЖ-мен жұмыс барысындағы жағымды жағы барлық деңгейлерде ынталандыру әдісі болып табылады.

Мазмұны бойынша үш деңгейдің айырмашылығы бар. Бірінші деңгей – бұл теория ядросы; мұнда оқу материалын қабылдау және толық түсіну үшін барынша сипатталған, тақырып бойынша түсінікті аппарат беріледі. Екінші деңгейде бірінші деңгейге қарағанда білімді кең көлемде беріледі. Үшінші деңгей – факультативті, ол тақырып бойынша оқушының ой-өрісін кеңейтеді, оның құрамында тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін қосымша материалдар бар. Білім беру мазмұнын меңгеру бойынша оқушылардың танымдық қызметінің сипатына сәйкес қарастырылатын ҚБЖ-мен жұмыстың формаларын мен әдістерінде амалдық-қызметтік компоненттер көрініс табады (И.Я.Скаткин, М.И.Лернер).Бірінші деңгей танымдық материалдарды қамтығандықтан, онда қолданылатын әдістер мультимедиалық технологиялық құралдарын қолданылуымен түсіндірмелі-иллюстративті (графика, анимация, гипермәтін, сөздіктер, энциклопедиялар және т.б.) әдістер қолданылады. Яғни, көрнекілік есте сақтаудың белсенділігіне бағытталған. Бағдарлама типі – модельдік, демонтрациялық болып бөлінеді. ҚБЖ-ның екінші деңгейі тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Бұл жердегі проблемалық әдіс негізгі рөл атқарады. Бағдарлама типтері-машықтанушылар.Үшінші деңгейде бірнеше әдістер қолданылады: репродуктивті, проблемалық бұл жерде көрнекілік күрделі тапсырмаларды қоюға бағытталған.

1-кестеде математикалық және ғылыми жаратылыстану циклындағы пәндер үшін ҚБЖ деңгейлерінің бөлінуінің дидактикалық критерийлері қарастырылған.
1-кесте – ҚБЖ деңгейі бөлімдерінің дидактикалық критерийлері


ҚБЖ ның деңгейі

МП-ніңэлементтері

Оқыту процесінің компоненттері

ДК құралы

Мақсаты

Ынталандыруы

Мазмұны

Әдісі

1

Қабылдау, түсіну

Түсіну, есте сақтау

Жетістік, ДК-де жұмыс кезіндегі жағымды эмоция

Түсінудің теориясының теориясы

Репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті

Графика, анимация

2

Ұғыну, бекіту

Түсіндіру, бекіту

Танымдық

1-ші деңгейдегі білімді кеңейту

Проблемалық

Гипертекст сөздіктер, энциклопедиялар

3

Қолдану, талдапқорыту

Өзбілімін

жетілдіру



Өзін-өзі бекіту

Қосымша оқу материалы

Проблемалық

1-2-ші деңгейдіңбарлығы

Білім мазмұны жоғарыда көрсетілгендей, критерилердің айырмашылығы болып табылады. Біріншісі – танымдық деңгей. Бұл деңгей нақты пән бойынша оқытудың базалық мазмұнының негізінде көмек ретінде оқу материалдарын береді.

ҚБЖ-ның алғашқы деңгейін жасаушылардың міндеті – танымдық материалдарды түсінікті және есте сақталатын түрде беру, яғни графиканы, анимацияны пайдалану. Бұл орайда оқу мәтіндері маңызды рөл атқарады.

Екінші деңгейді жалпы білім беретін деп атауға болады. Бұл деңгей машықтандыру типі бойынша құрылады. Тапсырма монитор экранында беріледі және қате жауап болған жағдайда көмектің екі деңгейі болады. Оны пайдалану бағаны төмендетеді. Бұл деңгейдің мазмұндық материалы көпшілік оқушы үшін қызығушылық тудыруы қажет.

Үшінші деңгей – факультативті. Ол, бір жағынан, таңдаған пәнін тереңірек білуге ұмтылған адамдарға, екінші жағынан, қоршаған әлеуметтік-өндірістік ортаға байланысты аса қызығушылық танытқан адамдарға арналған. Бұл деңгей кәсіби бағытталған болуы мүмкін. Онда пән бойынша оқу бағдарламасына қосылмаған, бірақ пәнді оқу барысында толық және жан-жақты мүмкіндік беретін танымдық материалдар берілген. Бұл деңгейді ұйымдастырушылық проблемалы болуы қажет және жұмыстардың әр түрлі формаларын, яғни тапсырмалар, тестер, моделдеулер, қысқаша шолуларды қамту қажет[19,248 б.].

Компьютерді қолдану барысында керекті мотивация болуы үшін төмендегі бірқатар шарттарды ұстану керек, олар:



  • компьютерлік бағдарлама қолданушыға бағытталған болуы керек, басқаша айтқанда, ДК-ны қолдануда оқушының дайындық деңгейі ескерілу керек және компьютермен өздік жұмыс істеу барысында туындайтын қиындықтарды жою, сөйтіп оқу іс-әрекетінің жекелендірілуі қамтамасыз етіледі;

  • оқыту мақсаты ескеріледі, сондықтан білім алуға талпыныс пайда болады;

  • сұхбат формасы қызықты, тапқыр формада құрылған және жұмысты ынталандыратын түсініктемелер бар;

  • бағдарлама түрлі-түсті иллюстрациялармен жабдықталған, керекті жағдайда қозғалмалы болады;

Кез келген келесі деңгей танымға жетудің жаңа бір мазмұнын ұсынады.

Оқытуды жекелендіруге арналған қолданбалы бағдарламалық жабдықтың моделі 4-суретте сәйкес.


Сурет 4. Оқытуды жекелендіруге арналған ҚБЖ-ның моделі


суреттердің бір-бірімен жағымды үйлесуі, қолданатын шрифт, мәтіндік ақпараттың саны мен оның орналасу ерекшеліктері көзге ауыртпалық түсірмейді;



  • тармақталған сұхбаттың жоғары дәрежесі;

  • кезеңмен ендіру: ол, ең алдымен, мұғалімге бейімделуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет