1 ОҚытудың жаңа технологияларына шолу


Оқушыларға геометрия сабағында ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту



бет12/18
Дата04.01.2022
өлшемі0,55 Mb.
#109387
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Жәнібек Н.Н

2.3 Оқушыларға геометрия сабағында ақпараттық технологияның құндылықтарын меңгерту
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында», «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге, қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген. Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін көтеруге дайындығы негізгі алғышарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.

Білім беру жүйесін дамыту барысында білім берудің нәтижесі классикалық білім парадигмасы ұсынған білім, білік, дағды ұғымдарымен қоса, интеллектуалдық, азаматтық – құқықтық коммуникативтік, ақпараттық біліктіліктері мен тұлғалық сипаттарын, қасиеттерін, қабілеттерін қамтитын құзырлық ұғымының әдіснамалық деңгейде зерттелуі оның жалпы білімдегі жүйелі практикалық қызметтерімен тікелей байланысты. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жаратуын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттігін алуға үйретеді.

Мектеп жағдайында сапа көрсеткіштері жас ұрпақтың білім, біліктілік, тәрбие даму деңгейлері, бірігіп жұмыс жасау. Мұнда әрбір жеке тұлғаның дамып жетілгені күткеніміздей, білім процесінде түпкі бір нәтиже алатындай мүмкіншіліктеріміз көрінуі керек. Мұғалім үздіксіз білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүріп шәкірттерінің қабілеттілігі, жан-жақтылығы, даралылығы ата-анасымен қаншалықты байланысты екенін де естен шығармауымыз керек. Ұсынатын сапалы тауарымыздың тұтынушысы да ата-ана. Баласының үйдегі еңбегі мен демалысының ұйымдасуына жауапкершілікпен қарайтын ата-анаға, нақты тапсырысты қалыптастыруға көмектесу бұл сапаны арттыру мәселесін шешудің кілті.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамға жинақталып және өсіп отырған ақпарат көлемінің әртүрлігімен анықталады. Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайында жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігінің арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланысты. Оқушының сабақта көзделетін нысандар, құбылыстар туралы өз бетімен ақпараттарды жинауы, оны өндеуі, өнделген ақпаратты жүзеге асыра білуі қазіргі заманғы ақпараттық технологияның құзіреттілік өрісіне байланысты. Сондықтан, қазіргі оқушыларымыз, яғни болашақтың азаматы ретінде тек қана сауатты емес, «екінші» компьютерлік сауаты да болуы керек. Математикадаоқушыларжаңакоммуникациялықтехнологияларкөмегіменбілімдіигереді.

Мұнда:


  • оқытубағдарламалары

  • электрондыоқулықтар

  • тексерубағдарламасысияқтыбағдарламалықөнімдерқызмететеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптардың ішінде былай делінген:

  • өз білімін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;

  • өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пән аралық жобаларымен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.

Күннен күнге қоғамда математиканың рөлі өсуде. Математиканың жоғары дәрежеде дамуы – білімнің түрлі сапаларының нәтижелі көтерілуінің қажетті шарты. Сондықтан математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаттары мынадай болуы керек:

  • қолданушы мен ақпараттық құрылғылар арасындағы жылдамдық;

  • қолданушы мен коммуникациялық құрылғылар арасындағы жылдам байланыс;

  • оқытылатын ақпараттың компьютерлік көзге елестетілуі;

  • ақпараттық әдістемелердің оқыту процесін ұйымдастырудағы бақылауын автоматтандыру;

  • жергілікті және жалпы тораптағы ақпараттар математикалық ақпараттың жүйелілігі;

  • электрондық – есептеуіш техниканың құрылымы, қолданылуы;

  • тесттің, диагностиканың оқушының құзіреттігін бағалауы, бақылауы оқушылардың өз білімін бағалауы.

  • Математика пәнінің мұғалімі мынаны білуі қажет:

  • әртүрліобьектілердікескіндеуді;

  • кескінді дисплей бетіндеіскеасырабілу;

  • динамикалықелестетеалу;

  • есептеупроцесінақпараттыіздеу;

  • керектімәліметтердіжинаумәліметтердіөндеудіавтоматтандыру;

  • математиканыоқытудаақпараттық технология құзіреттілігінжүзегеасыру;

  • оқушылардыңбілімдеңгейінбағалау критерий негізі;

  • оқушылардыңбілімін, дайындығынтексеретінтестікжәнедиагностикалықәдістердіқолданабілу.

  • Сабақта ақпарттық технологияны қолдану:

  • Техника мен жабдықтардыңпайдалануғадайындығы;

  • Қолданылатынэлектрондықматериалдардыңсапасы;

  • Суреттер мен фотографиялардыңсапасы;

  • Материалдыңкөлемініңмөлшердентысболмауы;

  • Дыбыспенкөркемделуі;

  • Орындалатынжұмыстардың сан түрлілігі ( презентация, тест, ЭОҚ т.б.);

  • Мұғалімөзіөзбетіменжұмысістейбілуі;

  • Мұғалімніңэлектрондықматериалдардыдаярлауғақосқанүлесі;

  • Сабаққадайындалғанда Интернет ресурстарынпайдалануы;

  • Сабақтықорытындылаудағыоқушылардыңрөлі;

  • Оқушылардыңөзқұзіреттілігініңсұранысынқанағаттандыру;

  • Компьютердіңмүмкіндігіарқасындақолжеткізгенжетістіктер;

  • Ақпараттықтехнологиялыққұзіреттіліктіңқалыптасуы.

ХХІ ғасыр басқа да техникалық ғажайыптар әкелетіні күмәнсіз. Ендеше халық ағарту қызметкерлері, мектеп қандай болуы керек, соны қазірден бастап ойланған абзал. Олай дейтінім, мемлекетіміздің болашағы жастарға тәуелді білім берудің ұлттық моделін, ақпараттық ұлттық технологияларды деңгеймен кеңірек енгізу – кезек күттірмейтін міндет[16, 272 б.].

Білім берудің сапасын арттырудың негізгі бағыттарының тағы бірі – оқыту процесін жан-жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру.

Ғылыми ақпараттар ағынының жедел қарқынмен өсуі, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді. Осы айтылғандардың барлығы мектептің білім беру жүйесінің бағдарламасына мынадай талаптарды қойып отыр: мектеп оқушыларының математикалық және компьютерлік білімдерін жоғарлату, баланың табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу.Әсіресе, математикалық қабілеттіліктері жоғары оқушыларға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Компьютерлік технологияны орта мектепке енгізудің негізгі бағыттарының бірі – оны оқыту процесінде пайдалану. Оны пайдалана отырып, озық оқыту бағдарламаларын құруды, пәндерді оқыту әдістемесін қолданбалы бағдарламалық жабдықты қолдана отырып меңгеруді жеделдету керек.

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі компьютерлік технологияны қолдану оқыту процесінде жаңа үлкен мүмкіндіктер ашады. Ақпараттандыру саласы мамандарының Г.М.Клейман, Е.И.Машбиц, И.Ганчев және т.б. пікірі бойынша, білім беруде компьютерді қолданудың негізгі артықшылықтарының бірі – оқытуды жекелендіру. Жекелендіріп оқыту оның тиімділігіне әсер ететін факторлардың бірі болып табылады, сондықтан оқушылардың сұраныстары мен бейімділіктеріне сәйкес, саралап оқытуды кеңінен қолдана отырып, оқушылардың жеке қабілеттерінің дамуына ерекше көңіл қою керек. Педагогикалық энциклопедияда жекелендіру ұғымына: «оқушының оқуға қабілеттілігінің даму деңгейін, жеке ерекшелігін ескеретін, оқыту шапшандығын, тәсілін, әдісін таңдауды қарастыратын оқу процесін ұйымдастыру ...» деп анықтама беріледі.

Біз зерттеуімізде қолданбалы бағдарламалық жабдықты оқытуда кешенді қолдану жағдайында оқу процесінің жекелендірілуінің дидактикалық талаптарын айқындаудың мүмкін жолдарының бірін қарастырдық.

Біздің ойымызша, қолданбалы бағдарламалық жабдықты қолдану бір жағынан, барлық кезеңдерде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескерсе, екінші жағынан, оқытудың өзін жекелендірудің өлшемдері ретінде қарастыра отырып, білім алушыны қалыптастыруға бағытталған оқу процесін құруға мүмкіндік береді. Ол төмендегі талаптар орындалған жағдайда мүмкін болады, олар:


  • алынған деректердің негізінде білім моделін құру;

  • берілген көрсеткіштердің сипатына бағытталған білім, білік, іскерлік дағдыны меңгеру процесін ұйымдастыру;

  • оқушылардың жеке біліктіліктерін дамытуға бағытталған элементтерді оқу материалына енгізу;

  • білім алушының моделін сәйкесінше түзету және жекелендірудің өлшемдерін үнемі тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет