2 ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Геометрияны оқытудағы ақпараттық технологиялардың ролі
Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады»,- делінген.
Қазіргі заман талабы информатизацияланған қоғамды маман етеді. Яғни индустриялдық кезеңнен ақпараттық кезеңге өту қажет.
Қоғамды информациялау дегеніміз – бұл глобальді процесс ерекшелігі. Әлеуметтік өндіріс саласында басты роль ақпаратта. Яғни ақпаратты әртүрлі жинау,сұрыптау, өңдеу, сақтау т.с.с. есептеуіш техникалармен құрылғылар арқылы.
Қоғамды информатизациялаудың ең өзекті мәселесінің бірі - ол білімді информатизациялау, яғни оқыту білім беру сапасына жаңа ақпараттық технологияларды ендіру. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы арқасында дербес компьютерлер білім беруде бөлінбес технологияға айналыпта үлгерді.
Осы жайттарды ескеретін болсақ, онда қазіргі таңда білім беру сапасында жаңа ақпараттың техналогиясыменен жұмыс істей алатын мұғалімді дайындау мәселесі шығып отыр. Мұғалімдерге қойылар талапта жоғарылап отыр, өйткені олар әр түрлі программаны игерген, жаңа техналогияның деңгейін білетін дербес компьютермен бағдарламаларды өздерінің педагогикалық тәжірибесіне ұтымды пайдалануды білу керек.
Ақпаратты жетік меңгерген мұғалім қолында компьютер күшті қару бола алады.
Ал информатика мұғалімдері туралы айтатын болсақ, мемлекеттік білім стандартына сәйкес олар программалау саласында сауатты болу керек. Ақпараттық технологиялар мен бағдарламалардың тез қарқынды дамуы визуальді программалауға көңіл бөліп ден қоюды талап етеді. Мысалы, осы кезге дейін қағаз жүзінде түсіндіріліп келе жатырған жоғарғы математика курсындағы фигуралардың тек қана математикалық моделін ғана жасап қоймай оларды бағдарламалар көмегімен дербес компьютерде визуалды моделін құру қажеттілігі тұр.
Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеуді жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: бірінші фактор – ЭЕМ-ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті мұғалімдерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, жалпылама ақпараттық-компьютерлік оқытулар жүргізуді қамтамасыз ету;
Екінші фактор – жалпылама математикалық, ақпараттық-компьютерлік модельдеу бойынша сауаттылық мәселесін жетілдіру қажеттілігімен;
Үшінші фактор – педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуын анықтайтын, білім жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен анықталады.
Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әр түрлі педагогикалық міндеттерді шешу үшін мультимедиялы электронды оқулықтар базасында ақпараттық технологияны пайдалану және оны жасаумен байланысты мәселелерді шешетін педагогикалық-психологиялық әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-технологиялық деңгейде қарастырылады.
Білім беру үдерісіне ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу технологиясын енгізу арқылы зерттеу және тәжірибе жүргізетін мәселелердің үлкен ортасы бірінші кезекте білім беру практикасына қажетті ақпараттық технологияларды құру концепциясын жасауды талап етеді.
Зерттеудің ең ұтымды тәсілдерінің бірі ол модельдеу. Модель ұғымын көп ретте «бітім» ретінде түсіндіріледі, яғни шынайы өмірдегі объектімен көп ұқсастығы бар (мысалға түр әлпеті, түсі т.с.с). Бітімдер, модельдер шынайы өмірдегі зат қолда болмаған кезде онын орнын алмастыруда қолданылады. Модельдерді білім беру кезінде көп пайданаланады. Сонымен қорыта келгенде модель дегеніміз – шынайы өмірдегі затты алмастыра алатын материалды немесе ойдағы бір объект.
Модель болу үшін мына шарттарды қанағаттандыруы қажет:
модель бұл өзі де объект болып саналады;
модель материалды түрде де ойша түрде де бола алады;
модель шынайы өмірдегі затты алмастыра алады;
модель шынайы өмірдегі заттың қасиетін сақтау керек, айтпесе ол басқа заттын моделі;
модель зерттеуге қажет қана қасиеттерін сақтай алса болғаны.
1.Компьютерлік модельдеу біздің өмірімізге дәл қазіргідей толығымен еніп, үлкен маңызға ие болады дегенді, кеше ғана елестету қиын еді. Соңғы он жылдағы технологияның қарқынды дамуы компьютерлік технологияның және оны бағдарламалық қамтамасыз ету саласының тез дамуына ықпал етті. Қазіргі өлшемдер бойынша маңызды емес болып көрінген арнайы эффектілер көмегімен құрылған фильмдер эпизоды, кезінде таңданыс толқыны мен пікірталас тудырғаны белгілі. Қазір кино мен теледидардағы арнайы эффектілермен ешкімді таңдандыра алмайсың. Олар компьютерлік графиканы және соның ішінде үш өлшемді модельдеуді құру бағдарламасының жалпылай тарауының арқасында күнделікті құбылыс бола бастады. Үш өлшемді графиканың бағдарламалары өз мүмкіндіктері бойынша ең қызықтылары және меңгерілуі бойынша ең күрделілері[11, 632 б.].
Геометриялық фигураларды 3DS Max бағдарламасы арқылы визуализациялау нәтижесінде тек сапалы білім ғана емес, әр түрлі техникалық, медициналық мәселелерді шешуге қолдануға болады.
Бастапқы модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объкті аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы, жэне біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкідіктерісәйкесіз болды. Уақыт өте келе нақты объектілер жасанды сызбалардың, суреттердің, карталардың модельдік ерекшеліктері арқылы сипаттала бастады. Келесі қадамда модель ретінде нақты объект ғана емес абстрактылы, идеиалдыққұрлымдардың да жұмыс істеу мүмкіндіктері белгілі болды. Яғни 1-ші суретке сәйкесінше көрсетілген.
Сфераның сыртқы аудандық
пішіні S = 4πr2 , S = πd2
Сфераның өлшемі
Сурет 1. Сфераның үш өлшемді сыртқы пішіні.
Мұның мысалы математикалық модельдер бола алады. Математика негіздерін зерттеумен айналысатын математиктер мен философтардың еңбектерінің нәтижесінде модельдер теориясы жасалды. Онда модель бір абстрактылы математикалық құрылымның басқасына бейнелеу, түрлендіру нәтижесі болып анықталады. Тор — осьтің шетімен айналғандағы пайда болған геометриялық фигура. Оның теңдеуі
төмендегі 2-ші суретке сәйкес тор фигурасында көрсетілген.
Сурет 2. 3ds max бағдарламасы арқылы салынған тор фигурасы.
ХХ-ғасырда модель түсінігі нақты және идеалдық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланды. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, әлем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде де жалғасып отырғандығын естен шығармау қажет. Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми
пәндер аясында, содан соң ғылымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды.
3DS Max бағдарламасының көмегімен жоғарғы математикада кездесетін екі өлшемді сплайндар мен полигональдарды үш өлшемді кеңістікте модельдеу жасалды. Ғылыми зерттеу белгілі пәндік саласындағы процесі, объектісі немесе белгілі мақсаты мен құбылыстары. Зерттеу процесі субъекті енгізіледі және объектінің қасиеттерінде орындау әрекетінде субъект - зерттеушінің маңызды көзқарас бағасымен заңға сыйымды қатынастары арадағы көрсеткіш қасиеттерімен қорытындылады. Үлгілеу ең тиімді зерттеу әдістері болып саналады. Түп нұсқа объектісі зерттеу қасиеттеріне зерттеуші көзқарасымен арнайы зерттеу үлгілерімен ол салуында қорытындылады. Кең мағынасында үлгі шынайы әлемін тану үшін пайдаланым үлгілерін және зерттелетін салу әдістері зерттеу тәртібін көрсетеді. Үлгілеу ғылыми тәртібі болып, бірнеше арнайы ұғымдарын ұстап осы ғылымның әдістемелік негіздерін құрайды. (Ғылыми концептуалдық бөлімі).
Тиісті үлгілеу зерттеу әдістерімен сол пәндік салаларын зерттеп, үлгінің философиялық тұжырымдамасын бейне теориясы және тану теориясы құрайды, ал әдістемелік үлгілеу негізін зерттеу тәртіптері және математикалық логикасы, математикалық санағы, тәжірибе теориясы, ұқсастық теориясы құрайды. Осы бөлімінде келешекте жасалатын тиісті объектілерін және шынайы бар объектілерін үлгілеу бойынша ғылыми негізгі ахуалдарын қарастырған. Математикалық фигуралардың үш өлшемді моделін құруға (Lathe) айналдыру әдісі өте ыңғайлы және жақсы келеді. Мысалға: 3 суретте көрсетілген.
Сурет 3. (Lathe) командасы арқылы орындалған конустық бет геометриялық фигурасы толық 360 градуске бұрылуы.
Ақпараттық модель – бұл кең көлемде ойлағанда кез-келген объектінің ойша немесе шартты пішіні (24,66) ойша модельдеу ақпаратты процеске әкеледі. Ақпараттың өмір сүру формасы екі фактормен анықталады: кодтау әдісі (құпия сан - әріппен құпиялау) және материалды тасымалдаушы құпиялау (кодтау) әліпбиі модельдеу объектісінің зерттеу дәрежесін анықтайды. Бұдан шығатыны ойша модельдеу сұрыптағанда көз алуына келтіру (елестету) амалдарын ажырата білу өте маңызды.
Бейнелік модельдеу – бұл түпнұсқа қасиеттерінің көрнекі сезім бейнелеуі көмегімен, табиғи тілмен суреттеуі немесе суретпен бейнеленуі. Ақпарат тасымалдаушы адам организмінен тыс орналасуы да мүмкін. Мысалы: суретті кесіндемелер, суреттер, кинофильмдер, ауызша әңгімелер, көптеген физикалық модельдер: Резердюр мен Бор ұсынған атом моделі газдардың кинетикалық теориясындағы басқа шарлар.
Материалды моделдеу (табиғи) түп нұсқаның өзіндік ерекшеліктерімен физикалық және формалды модельдеу болып бөлінеді, немесе А.Б Горстко теориясы бойынша іспеттес деп аталады. Физикалық модельдеу құрылғысында, қайта өндіру құрылымы немесе модельдеу объектісінің іс әрекеті, сол табиғаттың объектісі, моделденуші объектпен бірдей ұшу аппаратарының моделі, автомобильдер, кемелер т.б планеталар, гидротехникалық құрылғылардағы суы бар, жаймалардың моделі құюға арналған қалыптар; үй макеттері қозғалмалы бөліктері жоқ қуыршақтар – бұның бәрі материалдық физикалық модельдер.
1 сызба
Достарыңызбен бөлісу: |