1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет19/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Жапырақ таты(қоңыр тат).Қоздырғышы–Puссinia recondita Desm.(син.Puccinia triticiEriks.).Еліміздің солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында таралған,зияндылығы жоғары. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының орманды-дала, ылғал жеткілікті жылдары дала аймақтарындаэпифитотия дәрежесіне дейін дамуы жиі байқалып тұрады. Жаздық және күздік бидай қатар егілетін Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында кей жылдары айтарлықтай дамиды. Көбінесе күздік бидай егілетін оңтүстік және оңтүстік- шығыс өңірлерде сирек кездеседі және кеш таралады. Ауру белгілері көбінесе жапырақтардың төменгі бетінде шашыраңқы орналасқан, дөңгелектеу, немесе сопақ, қоңырқай, күрең кішірек пустулалар ретінде байқалады.Олар пішіні дөңгелектеу немесе эллипс тәріздес, сыртқы қабықшасы қоңырқай, үстінде сүйел тәріздес бедерлері бар урединиоспоралар жиынтығынан тұрады. Өсімдіктердің өсу көзеңінің соңына қарай урединийлердің орнына 2 жасушалы,түйрегіш тәріздес телиоспоралардан тұратын жылтырқара телийлер түзіледі.
Күздік бидайда жапырақ таты қысқа айналыммен дамуы мүмкін. Күз кезінде ауру қоздырғышы жас өскіндерді залалдап,урединиомицелий қыстап шығады. Көктемдесаңырауқұлақ тіршілігі жанданып, түзілген урединиоспоралар ауа ағынымен егіске тарала бастайды. Осыған байланысты күздік және жаздық бидай қатар егілетін аймақтарда ауру эпифитотиясы жиі байқалады, зияндылығы да жоғары. Саңырауқұлақтың табиғи айналымында урединий сатысы негізгі рөл атқарады,аралық ие-өсімдік шамалыәсер етеді.Инфекция кейбір жабайы астық тұқымдас шөптерде сақталып, солар арқылы да таралуы мүмкін.Урединиоспоралар18-250С температура аралығында ,тамшы ылғалда 3-4 сағаттан кейін өніп, өскіндер береді, олар жапырақтың сыртқы қабықшасынанөтіп, жасуша аралықтарына таралады.Демек,өсімдіктің залалдануы үшін қысқа мерзімде сақталатын тамшы ылғал жеткілікті. Жаз бой саңырауқұлақ бірнеше урединийұрпақ береді, ол аурудың біртіндеп егіске таралуын қамтамасыз етеді.Аурудың дамуына22-27 0С аралығындағы температура қолайлы. Ауаның орташа температурасы 23-250С болса,инкубациялық мерзім 7-8, 16- 200С- та 10-12 тәулікке дейін созылады.Қазақстанның солтүстік өңірінде шілде және тамыз айының бірінші жартысында гидротермикалық коэффициент жоғары (0,9-1,2) болуыаурудың дамуына қолайлы. Кеселге шалдыққан өсімдік жапырақтарының фотосинтез жүргізетін көлемі азаятындықтан, оның қарқындылығы және біраз ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ауру бидай түтіктеніп-масақтану кезеңінде таралып, қарқынды дамыған жылдары дақылдың түсімділігі 15-20%-ға, ал септориозды теңбілмен қосарланған жағдайда 25-30% - ға дейін төмендеуі мүмкін. Ол кешірек – дән байланып-сүттену кезеңінде байқалса, дақылдың түсімділігі 7-10% аралығында төмендейді. Жапырақ татының даму қарқындылығы мен зияндылығы бидайдың түрі мен сортына да байланысты. Қатты бидай сорттары бұл ауруға берігірек келеді,оларда ауру баяу дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет