1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет53/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қызылшаның зиянкестерін және олардың отряды мен тұқымдастарын атап беріңіз.

  2. Қызылша бүргесінің түр құрамы, дамуы және зияндығы.

  3. Қызылша бізтұмсығының ішкі белгілері, даму циклі, зияндығы.

  4. Қызылша қандаласының биологиялық және морфологиялық ерекшелігі.

  5. Қызылша тамыр бітенің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі.

6. Күнбағыс зиянкестерінің даму ерекшелігі.
7. Күнбағыс зиянкестерінің даму ерекшелігі.
Әдебиеттер

  1. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  2. Морозов Д.О., Коршунов С.А., Любоведская А.А., Мишуров Н.П., Коноваленко Л.Ю. Современные системы интегрированной защиты сельскохозяйственных растений: науч. аналит. обзор. – М.: ФГБНУ «Росинформагротех», 2019. – 92 с.file:///C:/Users/ww/Downloads/obzorintegrirovannayazashchita.pdf

  3. Өсімдік қорғау туралы заң: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000331_

  4. Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.

  5. Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных для применения в Республике Казахстан на 2013-2022 годы. - Астана, 2013. – 151 с.

  6. Ш.Ш. Бекенова, Г.Т.Есенбекова. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан, 2022. - 112 б.

  7. Бекенова Ш.Ш. Тәжірибелік фитопатология және энтомология. Оқу құралы. - Нұр- Сұлтан, 2022. – 175 б.

  8. А.К. Тулеева, М.А. Габдулов, Г.М. Юсупова, К.С. Байбусенов, Д.Жақып, Б.Жексенбай. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдары: Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарына арналған . – Астана: ҚазАТУ баспасы, 2016. - 280 б. Онлайн сілтеме: http://extension.kazatu.kz/file_recom/Osimdik_korgaudyn_himiyalyk_kuraldary_up0kyU4s.pdf

  9. Ә.Қ.Тулеева, Б. Жексенбай, Ш.Б. Сейтжанова. Өсімдіктерді қорғау әдістері / ПОӘК. - Астана, 2015. – 142 б.

  10. Защита садовых культур: Учебное пособие / Сост.: Л.Н. Соколова, О.В. Антюхова. – Тирасполь, 2020. – 136 с. obzorintegrirovannayazashchita.pdf

4 тақырып. Көкөніс дақылдардың негізгі зиянкестері. Күресу шараларын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдардың негізгі зиянкестерінің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен танысу және күресу шараларын ұйымдастыру.


Материалдар мен құрал-жабдықтар: слайдтар, зиянкестер коллекциясы, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер тізімі, 2022
1 – тапсырма: Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін зиянкестерінің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін білу. Күресу шараларын меңгеру.

Жұмыстың барысы: Қырыққабат бітесі - Brevicoryne brassica L. Айқышгүлді дақылдарды әсіресе қырыққабат қатты зақымдайды. Қазақстаның барлық жерлерінде кең таралған. әсіресе республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жыл сайын өсіп- өніп өте қатты зиян келтіреді. Сирек шығыс, батыста кездеседі. Аналықтардың партеногенетикалық екі түрі бар: қанатты және қанатсыз. Біріншісі жұмыртқа тәрізді денесі ұзындығы -1,9-2,3 мм. Сарылау-жасыл, екі қатарлы қара шашымен. Барлық денесі қоңырлау ақшыл түсті балауыз шаңымен басып тұрады. Ақты буынды мұртшалары бар ұрықтанусыз көбейеді.


Қанатты ұрғашылары- жаздың екінші жартысында пайда болады. Денесі сұңғақтау, аяғымен мұртшалары қанатсыздарға қарағанда ұзындау. Күзгі ұрпағының жұмыртқалайтын ұрғашыладың денесі біршама домалақтау. Еркек бітелер қанатты, қанаттарымен, басы, кеудесі жылтыр-қара.
Қырыққабат бітесі жұмыртқа күйінде қырыққабат өзегінде, тұқымдықта жабайы өсетін айқышгүлділердің өсімдіктерінде және топырақ кесектерінде қыстайды.
Ерте көктемде жұмыртқалардан дернәсілдер шығып, негізі салушы ұрғашы бітеге айналады, екінші ұрпақтан бастап қанатты – негіз ұрпақ салушы, ұрғашылар пайда болып бастайды, қырыққабатпен айқыш гүлділерге ұшып барып сонда шоғырлана тіршілік етеді.
Қанатсыз ұрғашы бітенің 20-80 –ге дейін дернәсілдерді туады. Қанатты ұрғашылардың ұрықтанғаны аздап төмен. Қалайлы жағдайда 6-10 күннің ішінде дернәсіл үлкен жәндікке айналады. Өнім-өсу кезеңінің аяғында, ұрықтанған аналықтар 2-4 қыстайтын жұмыртқадан салады. Қырыққабаттың өсіп-өну кезеңінде республиканың барлық аймақтарында зиянкес 6-15 ұрпақтан береді. Бітенің көбеюіне ауа-райының жылы –ауаның ылғалдылығы қолайлы болуы әсер етеді. Өсімдік жапырақтарының бітелер сорған жерінде жапырақтар қалыпсызданады, тұқымшалалардың өркендері ширатылады. Тұқымдары семіп кетеді.Азық- түлік қырыққабат жапырағындағы сөлін алған жерлерінде жапырақтары ауырып немесе ашық-қызыл түске айналады, жапырақтардың шетжақтары жоғары қарай ширатылады қатты зақымдалған жағдайда салады. Жаппай бітенің көбеюі жапырақтардың түсімін жоғалтып ширатылып қалады және жапырақ тақтасын бітелердің бөліп шығарған сұйық заттары ластайды ақбасты қырыққабат зақымдалса оның басы өте борпылдақ және жеңіл болып қалады. Қырыққабат бітелері әсіресе орташа- кешпісетін сұрыптарды өте қатты зақымдайды ерте писетіндерді аздап зақымдайды өйткені бітелер жайылғанша биологиялық піскен каудан пайда болады.
ЭЗШ –жаңа дамып кележатқан фазасына кауданда қоныстанған -5-10 дана қырыққабат бітесі.

Қырыққабаттың ақ көбелегі Pieris brassicaе L. Қазақстанның барлық жерінде тегіс таралған. Қырыққабатты, шомырды, шалқанды, рапс пен басқа айқышгүлді дақылдарды зақымдайды.


Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғары бұрыштары қара, артқы қанаттарында- ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Сонымен қатар ұрғашыларының алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады.
Жұмыртқалары сары, шыны сауыт пішіндес, көп қырлы келеді.
Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы -40-45 мм жетеді, үсті сұрғылт жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған, денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтармен нүктелерден тұратын сурет бар, екі жағымен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.
Қуыршағы сарғылт жасыл түсті, қара дақтары бар, ұзындығы -23 мм.
Қырыққабаттың ақ көбелегі қуыршақ сатысында талдарда, шабақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде қыстайды. Көбелектер ерте көктемде шығады де, көп кешікпей жұмыртқалауға кіріседі.
Бірінші ұрпағының ұрғашылары жұмыртқаларын айқышгүлді тұқымдас арамшөптерге салады, ал кейінгі ұрпақтары мәдени айқышгүлді өсімдіктерінің жапырақтарының төменгі жағына 15-200 данадан салады. Жұмыртқаның дамуы 8 күннен 14 күнге дейін. Жұлдызқұрттарының дамуы 17 күннен 25 күнге дейін,5 жас аралығында өтеді. Қуыршақтарының дамуы 11 күннен 18 күнге дейін созылады.
Республиканың Солтүстігінде қырыққабат ақ көбелегі 2 ұрпақ береді, ал оңтүстікте 3-4 ұрпаққа дейін дамиды.
Кіші жастағы жұлдызқұрттар жапырақтардың жоғарғы қабығына тиіспей, төменгі жұмсағын жейді, ересек жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарды жуан тарамыстарынғана қалдырып тегіс жеп қояды.
ЭЗШ жапырақ дөгелек кезеңінде 5 % астам өсімдіктерде жұмыртқа табылған жағдайда, немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дөгенде 5-10%егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдызқұрттан келсе.
Айқышгүлді бүргелері Phyllotreta. Барлық жақта таралған. Барлық айқышгүлділерді дақылдарды әсіресе өскіндер мен жаңа егілген көшеттерді зақымдайды. Айқышгүлділер бүргесі әр түрлісі болады –қара бүрге, ақ сирақты бүрге, көк бүрге, ирек жолақты бүрге, оңтүстік бүрге, түрлерінің бәрі 2 ұрпақта дамиды.
Қоңыздар майда 3,5 мм дейін, үстінге қанаттары екі түсті, қара сарыжолақты, біртүсті сызыкты, металл жылтырлы, қара, жасылдау немесе көктүсті. Артқы аяқтары секіргіш жәндіктердің денесі дөңкиген, мұрттары жіп тәрізді, жұмыртқалары өте майда, домалақ мөлдір,0,1-0,2 мм шамасында болады.Дернәсілдері ұзынша, құрт тәрізді, ақшыл- сары түсті кеудесінде үш аяғымен, басы анық көрінеді. Қоңыздар өсімдіктердің астында қыстайды. Ерте көктемде, қыстап шыққан жерлерінен шығады, алғашында айқышгүлділер туыстас арамшөптерімен коректенеді, одан соң айқыш гүлділердің жаңа шыққан өскіндерімен, көшеттеріне көшеді.
Жас өскіндерді айқыш гүлді бүргелер топырақ бетіндегі тұқым жарнақтарды пайда болғанға дейін жеп қояды, өсімдікті жапырақтарды кішірек шұңқыршалар қазады, зақымдайды жапырақтардың шет- шетін майда тесіктеп келерін жасайды.
Күннің ыстық қүрғақшылық кезеңінде өсімдіктердің зақымдалуы өте қауіпті, мұндай ауа- райында қоңыздар өте жылдам және қомағай болады. Жұмыртқаларын топыраққа салады, дернәсілдері тамырда өмір сүреді де, осы жерде коректенеді онша зиян келтіре қоймайды.Тек ақшыл аяқты бүргесінің ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға салады. Басқаларынан өзге ақшыл аяқты бүгре жапырақтарда кішірек қисық формалары миналар жасайды. Жұмыртқалар 8-19 күнде, дернәсілдер -20-30 күнде дамиды. Олар топырақта қуыршақтанады, қуыршақтың дамуы 8-19 күнге созылады. Қоңыздар біраз уақыт әр түрлі айқыш гүлділермен көректеніп қыстауға кетеді.
Бүргелер ЭЗШ – бір өсімдікке-2-3 қоңыздан келеді.
Айқышгүлділер қандаласы– Eurydema. Қырыққабат және айқышгүлділердің өсімдіктеріне басқа да бес түрлі қандала зиян келтіреді. Марокандық, қыша, әшекейлі, рапс сібір қандалалары марокан қандаласынан, басқалары барлық жерлерде зиян келтіреді. Соңғы жылдары айқышгүлділерінің қандаласы, әсіресе қырыққабаттық түрі өте көбейіп кетті. Қырыққабаттың бір жапырағында кейде 15-20 данадан болады.
Қандаланың имагосы бес буынды мұртшалары бар, дамыған қалқаншалары құрсақтарын жартылай жабады. Ашық түсті – металды көк немесе металды – жасыл, қызыл, сары немесе ақ суретті болады.
Даму мен және өсімдікті зақымдауымен қандалар өте ұқсас.
Жұмыртқалары бөшке тәрізді, доңкиген жапқышымен, қара түстес, жасыл немесе сұр, ұзындығы -0,6-1,5 мм болып келеді.
Дернәсілдер үлкен қандалаларға ұқсайды, тек кішілеу және қанатсыз болады.
Үлкен қандаламен дернәсілдер жапырақтың терісін тесіп сөлін алады. Гүл жаратын өркіндердің зақымдану салдарынан генеративтік мүшелері шашылып қалады, ал пайда болған бұршаққындардағы дәндер солғын болады. Қатты зақымдалған жапырақтар бірден сарғайып, қурап қалады ал жас өсімдіктер өліп қалуы мүмкін.
Қандалалар түскен жапырақтардың айында, орман шетінде, көшет жайлар мен бақтарда ағаштардың түбінде қыстайды.
Ерте көктемде олар қыстаған орындарынан шығып, бастап арамшөптерде, кейін айқышгүлді дақылдарда көректенеді (қырыққабат, шомыр,шалқан).
Ұрғашылар жұмыртқаларын жапырақтармен және сабақтардың үстінде салады: әр бір қоймада екі қаторға орналасқан 6 дана, екі реттен 12 дана болады. әр түрлі түрлерінде өсімталдығы 30- дан -30 ге дейін жұмыртқадан толады 3-10 куүнің ішінде жұмыртқалардан дернәсілдер шығады, 25-60 күн ішінде 5 жастан өтір үлкен дараққа айналады. Қазақстаның сол түстігінде қандалалар бір ұрпак берсе, оңтүстігінде 2-3 ұрпактан береді.
ЭЗШ – бір өсімдікке 0,2 қандала болады, 1-2 қандала 1 м2.
Шалқанның ақ көбелегі Pieris rapae L. Қазақстанның барлық жерлеріне кең таралып зиян келтіреді. Айқыш гүлділердің дақылдарын зақымдайды. Қырыққабаттың ақ көбелегіне ұқсас, бірак одан гөрі кішірек, қанаттардың өрісі 40-50 мм. Ұрғашы көбелектердің алдыңғы қанаттарында екі- екіден, еркектерінде бір-бірден қара дақ болады.
Жұмыртқалары сары түсті, шыны сауыт пішінді және көп қырлы. Жұлдыз құрттарының ұзындығы 20-24 мм барқыттай жасыл денесі қысқа түктер басқан арқасында бойлай орналасқан сары жолақ болады. Қуыршақ жасылдау немесе сұрлау бұрұшты ұзындығы 18-20 мм. Бұл көбелек қуыршақ күйінде қыстайды . көбелектер ерте көктемде шығады қырыққабатың ақ көбелегіне қарағанда. Жұмыртқаларын жекелеп орналастырады,200 –ге дейін жұмыртқа салады, жұмыртқаның дамуы 5-13 күнге созылады, жұлдызқұрттардың дамуы 17-29 күнде, қуыршақтардың дамуы 8-15 күнге созылады.
Жұлдызқұрттар өсімдіктердің жапырақтарында көректенетін жерлерде қуыршақтанады. Жылына 3-4 ұрпақ береді, жұлдызқұрттар өсімдіктерді жапырақтарын шетінен кеміріп тесіп тастайды кауданды да зақымдайды.
Бұл өнімнің азайыуна және ластануына әкеледі.
ЭЗШ- бір өсімдікке немесе зақымдалған 25% жапырақтың үстіңгі қабатына 3-5 жұлдызқұрттан келеді.
Қышаның ақ көбелегі Pieris brassica L. Қазақстанның барлық жерлеріне тегіс таралған. Қышаның ақ көбелегі қуыршақ күйінде қыстайды. Көбелектерінің ұшуы шалқанның ақ көбелегімен қатар ұшады. Жұмыртқасы шалқан көбелегінің жұмыртқасына ұқсас. Көбелектер ерте көктемде ұшып шығады, көп кешікпей арамшөптердің және айқышгүлді тұқымдық өсімдіктердің жапырақтарымен гүл шоғырларына жұмыртқа салады, оларды жекелеп орналастырады.
Бір ұрғашы көбелек өз өмірінде 200-дей жұмыртқа салады. Эмбрионалдық даму мерзімі 3 күннен 10 күнге, жұлдызқұрттың дамуы 10 күннен 20 күнге дейін, ал қуыршақтың дамуы 6 күннен 12 күнге дейін созылады. Жылына 3-4 ұрпақ береді, жұлдызқұрттар әр түрлі айқышгүлді өсімдіктердің жапырақтарын, бітеу гүлдерін, гүлдерін және жеміс қаптарын жеп, қоректенеді.
Қырыққабат күйе көбелегі Plutella maculipennis Curd. Қазақстанда кең таралған. Батыс, Солтүстік, Орталық Қазақстанда зиянын қатты келтіреді. Айқышгүлділердің дақылдарын зақымдайды. Көбелектің қанаттарының өрісі 14-17 мм, қанаттарының артқы жиегін бойлай дөңгелек төмпешікті ақшыл сары жолақ орналасқан. Артқы қанаттары ұзын шашақтары бар күлгін қоңыр түсті, жұмыртқалары ақшыл сары аздап сопақтау ұзындығы 0,4-0,5 мм. Жұлдызқұрттары ұршық тәрізді, ақшыл жасыл түсті болады., ұзындығы 9-12 мм.
Қуыршағы сарғылтау немесе жасылдау сопақша келген борпылдақ, ақ түстү пілләнің ішінде болады. Ұзындығы 10 мм. Қуыршақ күйінде пілләнің ішінде, арамшөптерде және жиын терінен кейін қалдықтарда қыстайды.Көбелектердің ұшуы ерте көктемде, көбелектер ымыртта және түнде ұшады. Бір ұршағы көбелек 100 ден көп жұмыртқаға дейін салады. Ұрпағының дамуы 4-8 күнге, жұлдызқұрттарының дамуы
11-18 күнге, қуыршағының дамуы 5-10 күнге созылады. Зиянкестің бір ұрпағының дамуы 25-30 күнге дейін созылады.
Қазақстанның солтүстік және орталық аудандарында 3-5, ал оңтүстігінде 6-8 ұрпақ береді. Көпшілік жағдайда жұлдызқұрттар қырыққабаттың ішкі жапырақшалары мен төбе бұршігін зақымдайды. Олар пісіпіп жетіле бастаған қырықаббат басының ішіне еніп те зақымдайды.
Қырыққабат қоңыр көбелегі– Mamestra brassica L.Жаппай таралған. Жұлдызқұрттар көпқоректі, бірақ көбінесе қырыққабатты артық көреді. Көбелек қанатын жағдайда 40-50 мм, көбелектің алдыңғы қанаттары қара- қоңыр, ішкі жағана қарай екі толқынды колденең жолақтары бар, қанатының ортасында екі қара жиектелген дақтар орын алған, олардың сыртқы жағындағысы ақшыл бүршік тәрізді, ал ішіксі –қара дөңгеленген болып келеді.
Жұмыртқалары жарты шар пішінді мұр түсті, көп қырлы. Жұлдызқұрттарының түстері ақшыл жасылдан қара түске дейін өзгеріп тұрады. Денесінің бүйір жақтарында жалпақ күңгірт сары жолақ және үзілмелі екі қара сызық жатады. Ұзындығы 50 мм-ге дейін. Қуыршағы қызыл қоңыр , жылтыр, ұзындығы 20-25 мм. Қуыршақ күйінде топырақ арасында қыстайды.Қырыққабат қоңыр көбелегі Қазақстанның оңтүстігінде 2, солтүстігінде бір ұрпақ береді.
Көбелектер Қазақстанның Солтүстігінде маусымның ортасында ұшып шығады. Көбелектер ымырт түскенде әсіресе кешкі 10- нан түнгі 12-ге дейінгі кезеңде белсенді түрде ұшады. Көбелектер жұмыртқаларын әдетте 20-дан 150-ге дейін топтап, қырыққабат жапырақтарының астыңғы бетіне орналастырады, қырыққабат қоңыр көбелегі өте өсімтал келеді. Бір ұрғашы көбелек 300-ден 2000-ға дейін , орта есеппен 600-ге жуық жұмыртқаға дейін салады. Эмбрионалдық дамуы 4-17, жұлдызқұрттарының дамуы -24-50 күн, сол аралықта 6 жаста өтеді, қуыршақтың дамуы 12-30 күнге созылады. Жұлдызқұрттар бастарңыда бірге өмір сүріп,үшінші жастан бастап жапырақтың астыңғы жағымдағы жұмсақпен қоректенеді. Олар өсімдікке өрмелеп шығып, жапырақтарға қисық фомадағы тесіктер жасайды.Қатты зақымдалған жапырақтардың садарынан қырыққабаттың өнімділігі шұғыл төмендейді. Ересек жұлдызқұрттар қауданға ешіп, кеміріп жол жасайды және экскременттерімен ластайды. Ондай қаудандар заттық сапасын жояды, олардың көбі шіриді.
ЭЗШ саны 1-3 жұлдызқұрт өсімдікте 5 % егіс танабында табылса немесе 5-8 жұлдызқұрт/м2 (ерте отырызылған қырыққабат).
Кәдімгі қырыққабат шыбыны– Delia brassica Bche. Қазақстанда тегіс таралған. Бұл қырыққабатқа тарнаның, шомырды, шалқанды зақымдайды, ол топырақ арасында піллә күйінде қыстайды.
Көктемде шыбынның ұшып шығуы қырыққабат көшеттерінің жерге отырғызу кезінде, ал олардың жұмыртқалай бастауы шие ағашы мен мамыргүлінің ағашының гүлденүіне тұра келеді. Шыбындар жұмыртқаларын топтап 5-10-15 жұмыртқадан өсімдіктің тамыр мойынына сабағынының төменгі жағына өсімдік түбіне жақын жер бетіне немесе топырақ кесектерінің астына орналастырады.
Өсімталдығы -100-150 жұмыртқаға дейін. Дернәсілдер тамырға және қырыққабат көшетіне сабағының төменгі бөлігіне, шалғамның, тарнаның, шомырдың тамыр жемістеріне еніп, өсімдіктердің сол мұшелерімен, көректеніп, зақымдайды, жұлдызқұрттар топырақ арасында қуыршақ танады. ЭЗШ – жапырағының жоғарғы кезеңіне 2-3 дернәсілден келеді.
Айқышгүлділер зиянкестерінің санын есептеу және есепке алу Зиянкестер мен пайдалы бөжектерді анықтау, жүйелі зерттеулер қырыққабат алқаптарында алғашқы көшеттер шыққаннан бастап, бүкіл вегетация мерзімінде жүргізіледі. Қырыққабат ақкөбелегі, бітелер, қырыққабат күйесі ашық тіршілік циклін жүргізеді және оларды өсімдіктердің жер үсті бөліктерінен оңай анықтауға болады. Осы зиянкестердің сан мөлшері 100 өсімдіктен анықталады. Осы мақсатта, егістік алқабынан шахматты тәсілімен әр сынамада 5 өсімдіктен 20 сынама алынады.
Қырыққабат бітесінің сан мөлшерін анықтау әр 7 күн сайын 100 өсімдікте, 5 өсімдіктен 20 сынама алу арқылы жүргізіледі. Мұндай жағдайларда бітелер табылған әр өсімдікті олардың жапырақтарын анықтайды. Сол өсімдіктерден ересектер, дернәсілдерін, жұмыртқа санын анықтайды.
Бітелердің санын дұрыс анықтау үшін 5 баллдық шкала арқылы әр сынамада 1 өсімдіктен- 20 өсімдік алынады: 0 – өсімдікте біте жоқ; 1 балл – жеке аздаған; 2 балл – әрбірінде 5-10 бітеден 1-2 колониялар; 3 балл - колониясында 20-дан астам бітесі бар, жапырақтың ауданын 50% дейін мекендеген; 4 балл - колониясында 50-ден астам бітесі бар, жапырақтың ауданы дейін 75% -ға мекендеген; 5 балл – бітелер жапырақ бетін толық қамтиды. Одан соң олардың алқаптарда анықталған орташа баллы шығарылады. Жүйелі санақ жүргізу оңтайлы ара қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Бітелердің тоғышарлармен зақымдалуы әр жапырақта 200 дарасымен есептеледі. Тоғышарлармен зақымдалған бітелер мумияланады және зақымдалмаған бітелерден оңай ажыратылады. Бітелердің тоғышармен зақымдалуының дұрыс санын анықтау, металды трафарет арқылы жүргізіледі. Алынған үлгілер зертханалық жағдайларда анықталады. Кем дегенде 50 бітелерден тоғышар анықталады.
Қырыққабат ақкөбелегін және қырыққабат күйесін олардың жұмыртқасын, жұлдызқұрттарын, қуыршақтарын анықтау арқылы жүргізеді. Әдетте, бұл зиянкестердің жұмыртқалары апта сайын жиналып, зертханаларда талданады. Қырыққабат ақкөбелегінің тоғышарларын 3 реттен, әр 7-10 күн сайын ұрпақтың даму кезінде анықтайды. Қырыққабат ақкөбелегінің қуыршақтарының тоғышаларын олардың қуыршақтануының бастапқы және жаппай кезінде анықтайды. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарын жинақтау әр ұрпағында 3 рет жүргізіледі. Маусым бойы олардың фенологиялық даму фазалары қаралады.
Күзде қырыққабат зиянкестерінің қыстауға кеткен сандарын анықтау дақылдың орнына жүргізіледі. Тексеруге қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат күйе көбелегі, қырыққабат бітесі жатады. Сол үшін шахмат тәртібі бойынша 10 сынамадан 5 косеусабақ әрқайсысынан алынады. Косеусабақтың төменгі бөлігін қарап, қырыққабат бітесінің жұмыртқасын және қырыққабат күйе көбелегінің пілләдағы қуыршақтарын санаймыз. Қырыққабат бітесінің жұмыртқалары көп болған жағдайда сынамадан 2-3 косеусабақ қаралып шектеледі.
Қырыққабат бітесінің жұмыртқасымен және қырыққабат күйесінің қуыршағымен қоныстанған егістікті анықтау үшін бір косеусабаққа орташа саны анықталады. Қырыққабат шыбынының жалғанпілләсіна және қырыққабат қоңыр көбелегінің қуыршағына есеп топырақ қазу арқылы сынама орналасқан жерлерде жүргізіледі, әр сынамадан топырақ қазып тек қана бір косеусабақтан қаралады.сынама өлшемі 35х35 см (көсеусабақтың айналасына) 25-30 см тереңдікке қазу арқылы жүргізіледі.
Егістіктің қоныстанғаны жалғанпілләмен және қырыққабат қоңыр көбелегінің қуыршағымен орташа саны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет