1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет55/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Сабақ қаракүйесі. Қоздырғышы– Urocystis occulta Rab. Ауру белгілері өсімдіктердің сабақтану мезгілінен бастап, дән сүттенуге дейінжапырақ қынабы мен сабақ буынаралықтарында жұқа үлбірмен көмкерілген,саңырауқұлақтелиоспораларынан тұратын қара жолақтар ретінде байқалады. Кесел қатты жайлаған өсімдіктердің өсуі кенжелейді, жапырақтар ширатылып,масақтанбауы мүмкін.Кей жағдайда оныңбелгілері масаққауызында байқалады. Қарабидаймен қатар бұл саңырауқұлақ күздік және жаздық бидайды және тритикалені залалдайды. Спора жиынтығы дөңгелектеу немесе сопақтау келген,мөлшері 15-40 мкм,ортасындадиаметрі 10-18 мкм дөңгелектеу немесе эллипс тәріздес, алшетінде көлденеңі3-13 мкм,қоңыр жасушалармен қоршалған.Инфекция тұқым арқылы таралады және топырақта ұзақ сақталады. Көбінесе жас өскіндер залалданып, ауру сабақты бойлай жүйелі таралып, жапырақтарда да байқалады. Оның дамуына топырақылғалдылығы25-40% , температурасы 15-20 0Саралығында болғанықолайлы.
Жапырақ таты(қоңыр тат).Қоздырғышы–Puссinia recondita Desm.(син.Puccinia triticiEriks.).Еліміздің солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында таралған,зияндылығы жоғары. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының орманды-дала, ылғал жеткілікті жылдары дала аймақтарындаэпифитотия дәрежесіне дейін дамуы жиі байқалып тұрады. Жаздық және күздік бидай қатар егілетін Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында кей жылдары айтарлықтай дамиды. Көбінесе күздік бидай егілетін оңтүстік және оңтүстік- шығыс өңірлерде сирек кездеседі және кеш таралады. Ауру белгілері көбінесе жапырақтардың төменгі бетінде шашыраңқы орналасқан, дөңгелектеу, немесе сопақ, қоңырқай, күрең кішірек пустулалар ретінде байқалады.Олар пішіні дөңгелектеу немесе эллипс тәріздес, сыртқы қабықшасы қоңырқай, үстінде сүйел тәріздес бедерлері бар урединиоспоралар жиынтығынан тұрады. Өсімдіктердің өсу көзеңінің соңына қарай урединийлердің орнына 2 жасушалы,түйрегіш тәріздес телиоспоралардан тұратын жылтырқара телийлер түзіледі.
Күздік бидайда жапырақ таты қысқа айналыммен дамуы мүмкін. Күз кезінде ауру қоздырғышы жас өскіндерді залалдап,урединиомицелий қыстап шығады. Көктемдесаңырауқұлақ тіршілігі жанданып, түзілген урединиоспоралар ауа ағынымен егіске тарала бастайды. Осыған байланысты күздік және жаздық бидай қатар егілетін аймақтарда ауру эпифитотиясы жиі байқалады, зияндылығы да жоғары. Саңырауқұлақтың табиғи айналымында урединий сатысы негізгі рөл атқарады,аралық ие-өсімдік шамалыәсер етеді.Инфекция кейбір жабайы астық тұқымдас шөптерде сақталып, солар арқылы да таралуы мүмкін.Урединиоспоралар18-250С температура аралығында ,тамшы ылғалда 3-4 сағаттан кейін өніп, өскіндер береді, олар жапырақтың сыртқы қабықшасынанөтіп, жасуша аралықтарына таралады.Демек,өсімдіктің залалдануы үшін қысқа мерзімде сақталатын тамшы ылғал жеткілікті. Жаз бой саңырауқұлақ бірнеше урединийұрпақ береді, ол аурудың біртіндеп егіске таралуын қамтамасыз етеді.Аурудың дамуына22-27 0С аралығындағы температура қолайлы. Ауаның орташа температурасы 23-250С болса,инкубациялық мерзім 7-8, 16- 200С- та 10-12 тәулікке дейін созылады.Қазақстанның солтүстік өңірінде шілде және тамыз айының бірінші жартысында гидротермикалық коэффициент жоғары (0,9-1,2) болуыаурудың дамуына қолайлы. Кеселге шалдыққан өсімдік жапырақтарының фотосинтез жүргізетін көлемі азаятындықтан, оның қарқындылығы және біраз ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ауру бидай түтіктеніп-масақтану кезеңінде таралып, қарқынды дамыған жылдары дақылдың түсімділігі 15-20%-ға, ал септориозды теңбілмен қосарланған жағдайда 25-30% - ға дейін төмендеуі мүмкін. Ол кешірек – дән байланып-сүттену кезеңінде байқалса, дақылдың түсімділігі 7-10% аралығында төмендейді. Жапырақ татының даму қарқындылығы мен зияндылығы бидайдың түрі мен сортына да байланысты. Қатты бидай сорттары бұл ауруға берігірек келеді,оларда ауру баяу дамиды.
Күресу шаралары: Ауыспалы егісті реттеу. Сүдігер жырту. «Тізімде....» көрсетілген инсектицидтерді қолдану.
2- тапсырма: Тұқымдық материалды өңдейтін, өсіп даму кезеңінде қолданылатын фунгицидтерді білу.
3 – тапсырма: 1,2 - кестелерді толтыру.
Бұршақ тұқымдас дақылдардың микоздарымен күресу шаралары: бұршақ тұқымдас дақылдарды 2-3 жылға дейін бұрынғы орнына қайтаруға, көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдарға жақын отырғызуға болмайды; өсімдік қалдықтарын жою; тұқым алу үшін 2-3-ші жылғы көпжылдық шөптерден алу дұрыс; көпжылдық бұршақ дақылдарының тұқымдарын мұқият тазалау қажет (оны флотация әдісімен тазалайды, яғни ас тұзының қаныққан ерітіндісінің бетіне өнбейтін тұқымдар қалқып шығады да, қалған тұқымдарды жуып, кептіріп тұқымдыққа пайдаланады); себер алдында тұқым дәріленеді; өсу кезеңінде жапырақ, сабақ ауруларының қатты дамуы болжанғанда егістік «Тізім...» бойынша фунгицидтердің бірімен өңделеді.



  1. кесте — Бидай, арпа,сұлының қаракүйе аурулары






Аурудың атауы

Дақылдың атауы

Қоздырғыш/систе матикасы (лат.)

Аурудың белгілері

Инфекциян ың
өсімдікке ену фазасы

Аурудың белгілері байқалу фазасы

Инфекция қоры

















































2 кесте - Дәнді дақылдардың тат аурулары



№ р/н

Қоздырғыш, зақымданған дақыл

Өсімдіктің зақымданған мүшесі, белгілері

Аралық ие өсімдік

Аурудың бастапқы, екінші пайда болу көздері

Аурудың дамуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар

Күресу шаралары
































































3 -кесте - Бұршақ дақылдарының аурулары



Ауру,
қоздырғыш

Залалдана-тын дақыл

Залалданатын өсімдіктің мүшелері

Инфекция қоры

Күресу шаралары
















Бақылау сұрақтары


1.Қара күйе ауруларынан қорғау шаралары
2. Асбұршақтың негізгі аурулары, олардың қоздырғыштарының жүйелік орны.
2. Қытай бұршағының негізгі аурулары, олардың қоздырғыштарының жүйелік орны.
3. Жоңышқаның негізгі аурулары, олардың қоздырғыштарының жүйелік орны.
4. Бұршақ дақылдарының ауруларын есепке алуы.

Бақылау сұрақтары:



  1. Тат ауруларына қарсы қолданылатын іс шаралар.

  2. Қара күйе ауруларына қолданылатын іс шаралар.

  3. Астық дақылдарын залалдайтын тат аурулары

  4. Астық дақылдарын залалдайтын қара күйе аурулары

  5. Бұршақ дақылдарына залал келтіретін аурулар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет