Церкоспороз. Қоздырушысы – Cercospora beticola Sacc.Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жатады. Жапырақтар мен олардың сағақтарында алғаш ұсақтау, біртіндеп үлкейетін қызыл-қоңыр жиекпен көмкерілген, дөңгелектеу, ортасы ақшыл-сұр немесе сұрғылт дақтар байқалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса олардың төменгі бетінде мицелийлер мен споралану мүшелерінен тұратын сұрғылт өңез түзіледі. Кониядиялар түссіз, біз немесе түйрегіш тәріздес, әрең байқалатын бірнеше көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 30-100х3-5 мкм. Тұқымдықтарда ауру ертерек - жапырақтар мен сабақтарда, гүлсыйдамда байқалады. Оның дамуына, жиі қайталанып,ұзаққа созылатын жаңбыр, ауа ылғалдылығы 60-70% , температурасы 22-270 С аралығында болғаны қолайлы. Кесел қатты өршіген жылдары тамыр-жемістердің түсімділігімен қатар, қанттылығы айтарлықтай төмендейді. Инфекция өсімдік қалдықтарында және тамыржемістерде мицелий мен конидиялар ретінде сақталады.
Рамуляриоз .Қоздырғышы – Deuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататын Ramularia beticolaRost.Жапырақтардың екі жағында қызыл-қоңыр жиекпен көмкерілген қоңырқай, біртіндеп сарғылт тартатын кішілеу дақтар байқалады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса, олардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын ақшыл өңез түзіледі. Конидиялар цилиндр тәріздес, ұштары доғал, бір немесе екі жасушалы. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.
Пероноспороз.Қоздырушысы – Peronospora schachtiFuck. Oomycota класының Переноспоралылар қатарынsң өкілі. Бұл ауру маусым мен шілде айларында ауа температурасы төмен болып, жаңбыр жиі және ұзақ жауған жылдары байқалады. Кесел жайлаған жапырақтар бозғылт тартып көмпиеді, олардың сағақтарыісініп білеуленеді, өсімдіктердің өсуі кенжелейді. Жаңбырдан кейін, немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса, дақтардың төменгі жағында саңырауқұлақ мицелийі мен зооспорангийлерінен тұратын сұрғылт-күлгін өңез пайда болады. Сағақтар қосарлана дихотомды тарамдалған, ұшында эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, мөлшері 21-27х16-20 мкм конидиялар түзіледі. Аурудың дамуына ауа температурасы төмен (17-20 0С) , ылғалдылығы жоғары (70-80%) болғаны қолайлы. Инфекцияооспоралар ретінде шірімеген өсімдік қалдықтарында , тамыр-жемістерде, тұқым шоғырларында сақталады.