1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет49/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Гельминтологиялық талдау
Мақсаты – өсімдік материалының карантиндік аурулармен және басқа да тоғышар жұмырқұрттар түрлерімен залалдануын табу. Талдауға бүкіл отырғызу материалы – тамырланған өсімдіктер, тікпе көшеттер, көшеттер, түйнектер, жуашықтар, тамырсабақтар, қалемшелер, тұқым, топырақ үлгілері, сондай-ақ өсімдіктің жер асты органдарындағы және тұқым арасындағы қоспа түріндегі топырақ жатады.


Карантиндік зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің әкеліну және таралу жолдары
Зиянды ағзалардың алғашқы өсетін орындарынан таралып мекендеулері бір-біріне жақын схема бойынша жүреді, алайда олардың арасында кейбір айырмашылықтары да болады. Мәселен тау өсімдіктері белсенді (активті) және белсенсіз (пассивті) деп аталатын екі жолмен тарайды. Белсенді, яғни сыртқы факторлардың әсерінсіз өздігінен (автохория) тараудың мысалы мыналар:
–піскен жеміс ашылған кезде тұқымның шашылуы (механохория);
–тұқымның топыраққа көмілуі (геокарпия);
–жеміс пен тұқымның өз салмағының әсерімен түсіп қалуы (бара­хория) және тағы басқалар.
Өсімдік тұқымы белсенді әдіспен, аналық өсімдіктен онша алысқа тарамайды. Өсімдік белсенсіз әдіспен (аллохория) түрлі сыртқы факторлардың әсерімен таралады, олар:
– желмен (анемохорлар);
– сумен (гидрохорлар);
– жануарлармен (зоохорлар);
– адаммен (антропохорлар).
Осы амалдар өсімдіктерді алғашқы орындарынан едәуір қашықтыққа барып таралуларына мүмкіндік береді. Антропохорларға адам әдейілеп тарататын екпе өсімдіктер жатады. Бірақ бұл топқа екпе өсімдіктермен бірге әдейілеп таратпай-ақ өздігінен таралатын арамшөптер де жатады. Сондай-ақ арамшөптер бір мезгілде гидрохор, зоохор бола алады. Ол міндетті түрде антропохор болып табылады.
Гидрохорлар. Бұл жолмен ойраншөп туысының карантиндік арамшөптері алғашқы ошақтарынан белсенді түрде тарайды. Әсіресе тараудың бұл әдісіне тұқымшасының қатпарлы орамында керемет қалқымалылықпен қамтамасыз ететін ауа қапшығы бар үшбөлікті ойраншөп бейім. Сонымен бірге ойраншөп жемісінің қабығында оларға гидрофобты қасиет беретін, сөйтіп ойраншөп жемісінің су бетінде бірнеше күн бойы тұра беруіне мүмкіндік жасайтын өсімдік майы бар. Арамшөптер тұқымдарының тарауына тасқын мен дауыл (тайфун) да мүмкіндік жасайды.
Зоохорлар. Арамшөптің асқазан-ішек жолдарынан өткен тұқымдары тіршілік қабілетін сақтап қалады, сөйтіп органикалық тыңайтқышпен бірге қолайлы өсу жағдайына тап болады да, жаңа ошақ бастау алады. Тікенегі бар тұқымдар, мысалы Bidens немесе Cenchrus туысы өсімдіктерінің тұқымдары жануарлар жүніне жабысады.
Анемохорлар. Бұл жол шаңды борандары жиі табиғи құбылыс болып табылатын далалық аудандарға ерекше бейім.
Антрохорлар. Егістегі арамшөптердің таралуында өсімдік өнімдерін тасымалдауға және жерсіндіруге байланысты адам қызметі ең мықты фактор болып табылады.
Әсемдік, мал азықтық, техникалық немесе дәрілік дақылдар ретінде жерсіндірілген өсімдік түрлерінің бақылаудан шығып кетіп, алапат арамшөпке айналғаны жайында мысал көп.
Арамшөп тұқымы мен жемісін әкелуде тұқымдық материал және басқа өсімдік өнімдерін (екпе өсімдіктер тұқымдарын, жемдік дән, жемшөп т.б.) тасымалдау бірінші дәрежелі мәнге ие. Осындай жолмен арамшөп тұқымы бір құрлықтан екіншісіне тарайды.
Арамшөп келіп түсуіне қарсы негізгі шаралар:
–ауыл шаруашылығы дақылдарының карантиндік арамшөптермен ластанған тұқымын себуге тиым салу;
–арамшөп тұқымымен ластанған азық-түліктік және жемдік дәндерді тұқымының тіршілікке деген қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиясымен және карантиндік тексеруге жатқызылатын өнімдерді сақтауға, сондай-ақ өңдеуге жағдай жасалған кәсіпорындарда ғана өңдеу;
–жемдік дәнді, оның өңделгеннен кейінгі өнімдерін, дән қалдықтарын тағы басқа құрамында карантиндік арамшөптер тұқымы сақталған азықты буламай, түйіршіктемей, ұсақтап-ұнтақтамай немесе жаныштамай (1 мм-ге дейін) және тұқымның тіршілікке қабілетін жоятын басқа да тәсілдердің бірімен өңдемей мал азықтандыруға тиым салу;
–ластанған дәнді ластанбаған дәнмен бір қоймада сақтауға тиым салу;
–жыл сайын ластанған, карантиндік тексеруге жатқызылған өнімдерді әкелу және қайта өңдеу бекеттерінің аумағын тексеріп зерттеу.
Темір жол станциясы, темір жол және автожолдардың жиектері, ластанған өсімдік өнімдері мен өзге де өнімдерді өңдеу мен сақтау бекеттері (элеваторлар, астық қабылдау бекеттері, жүнді алғашқы өңдеу бекеттері т.б.) карантиндік арамшөптер әкелінетін және олардың алғашқы ошақтары пайда болатын негізгі орындар болып табылады. Жаңа өңірлерге қауіпті арамшөптер тұқымдарын шашып-төккеннен басқа мал шаруашылығына арналған жемшөппен (қытайбұршақ бұршақтары мен дән қалдықтарын малға азық немесе тыңайтқыш ретінде пайдаланғанда) келеді.
Арамшөп тұқымдары төсеніш ретінде пайдаланылған сабан құрамында, жеміс-көкөніс және бақша дақылдарын тасымалдау кезінде орау үшін қолданылған материалдарда болады.
Арамшөп тұқымының құрылыс құмымен бірге де түсуі ықтимал. Әсіресе, бұл құм карантиндік жағдайы қолайсыз өңірлерден тасымалданса.
Карантиндік арамшөптердің жаңа ошақтарының пайда болуында олардың жемісі мен тұқымын әкеліп қана қоймай, олардың өніп-өсуіне қолайлы жағдай жасайтын адам рөлінің зор екенін атап өту керек. Адвентивті түрлердің ең алдымен, табиғи өсімдік жамылғысы бұзылған орындарға тарайтыны белгілі. Жыртылған жер, әсіресе, әкелінген өсімдіктердің жерсінуі үшін қолайлы.
Арамшөп бірден көп жерлерге таралмайды, оның таралуы бірнеше жылға созылады. Жыл сайын тек популяция ғана емес, сонымен бірге топырақтағы арамшөп тұқымының қоры да ұлғаяды. Арамшөп тұқымы топырақта тіршілік қабілеттін ұзақ уақыт (бірнеше жылдан, он жылға дейін) сақтай алатындығы белгілі. Әрине, едәуір жерден ластанған ошақ табылса оны тек ошаулауға ғана , яғни өздері тараған жердегі шамасына қарай түрдің сан мөлшерін ең аз деңгейге дейін төмендету жайлы ғана айтуға болады. Бұрын айтылғандай, арамшөп тұқымы әкелінген сәттен, ол жаңа өңірге тарала бастағанға дейін ұзақ уақыт өтеді. Латентті кезеңнен кейін түрдің жаңа ареалға жаппай таралуы басталады. Мұның себептері мыналар болуы мүмкін:
–тіршілік ету орнының антропогенді өзгерісі;
–климат өзгерісі;
–әкелінген түр популяциясының белгілі бір шекті шамаға дейін ұлғаюы;
–сол түрдің жаңа экотүрін әкелу;
–әкелінген түрдің популяциясындағы генетикалық өзгерістер.
Осы факторлар жекелей және бірігіп әсер етеді.
Карантиндік арамшөптердің жаңа ареалда алғашқы ошақтан таралу жылдамдығы, біріншіден, нақты түр биологиясының ерекшеліктеріне байланысты:
–түрдің икемділігі, яғни жаңа жағдайға тез бейімделу қабілеті;
–арамшөптің тіршілік үшін күресте жеңуге мүмкіндік беретін бәсекелестік қабілеті;
–өсімдіктің қысқа уақыттың ішінде топырақта тұқым қорын ұлғайтуға мүмкіндік беретін өсімталдығы. Екіншіден, арамшөптің таралуына мүмкіндік беретін немесе кедергі келтіретін оның тіршілік мекені жағдайларына (фитоценотикалық факторлар, жер бедерінің жағдайлары және т.б.) да байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет