Карантинді ағзаларды анықтау әдістері Карантиндік сараптама – зиянкестерді, ауру қоздырғыштарды және арамшөп тұқымдарын анықтау мақсатында жасалатын энтомологиялық, фитопатологиялық, гельминтологиялық т.б талдаулар жүргізу.
Карантиндік сараптама түрлері: энтомологиялық, гербологиялық, фитопатологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, фитогельминтологиялық.
Талдау міндеттері – импортталатын материалдардың (бөжектер мен кенелер) карантиндік жағдайларын, сондай-ақ материалдарды карантиндік және басқа қауіпті зиянкестердің зақымдағанын анықтау. Тексерілетін материалдың сипатына және көлеміне байланысты талдау түрлі тәсілдермен жүргізіледі.
Энтомологиялық талдау тәсілдері Тұқымдарды бір-бірлеп санау, тұқым елеу, флотация, рентгенография, макролюменесцентті, биологическиялық тәсіл.
Фитопатологиялық талдау әдістері Макроталдау, центрифугалау, биологиялық, люминесценттік талдау әдістері.
Вирусологиялық сараптама жасау әдісі Индикатор-өсімдікке екпе жасау әдісі, вирусты механикалық тарату әдісі, электронды микроскоп әдісі, зиянкестермен тасымалдану әдісі, қосылу әдісі, серологиялық әдіс.
Бактериологиялық сараптама жасау әдісі Анатомиялық әдіс, макроскопиялық қарау әдісі, биологиялық әдіс, серологиялық тәсіл, люминесцентті тәсіл.
Гербологиялық сараптама әдісі 1. Тұқымдарды қолдан бөлу тәсілі: топырақ үлгілері әйнекшеге төгіліп, арнайы қысқыш, ұлғайтқыш әйнек арқылы қаралып, арамшөп тұқымдары алынады. Бұл тәсіл арамсояу мен стринг арамшөптерінің тұқымдары жоқ топырақтарды сараптауға арналған жеңіл тәсіл.
2. Жуу тәсілі: сүзгіште топырақ үлгілері жуылып, арамшөп тұқымдары сүзгіш көздерінде қалып қалады. Бұл тәсіл қолмен қарауға болмайтын топырақ үлгілерін талдау үшін ыңғайлы болып табылады.
3. Қаныққан ерітінді тәсілі: топырақтағы минералды және органикалық заттарының салмағының әртүрлілігіне бағытталған. Минералды бөлігінің орташа салмағы – 2,4, органикалық бөлігі – 1,4.
Сараптама жүргізудің тәртібі. Барлық өсімдік және жануарлар жадығаттарын алдымен журналға тіркеп, содан кейін энтомологиялық сараптама жүргізеді. Үлгілерде тірі зиянкестер болуы мүмкін. Энтомологиялық талдаудан кейін кенелермен зақымдалу дәрежесін анықтайды. Одан кейін карантиндік немесе басқа да ауру қоздырғыштардың бар-жоқтығын анықтау үшін фитопатологиялық талдау жасалады. Ең соңында бактериологиялық пен вирусологиялық талдау жүргізіледі.