1. Оқытушы туралы мәліметтер


Карантиннің Қазақстанда дамуы мен маңызы



бет46/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Карантиннің Қазақстанда дамуы мен маңызы
Қазақстан Республика­сы­ның аумағында карантиндік нысандардың кең таралуының үлкен себебінің бірі, ол – шет елдермен сауда-саттықтың ұлғаюы, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстардың өсуі, сондай-ақ, туризм саласының дамуы болып табылады. Жалпы, республика аумағындағы карантиндік жағдай тұрақты, аз шектеулі таралған карантиндік нысандарға қарсы жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға күрес жүргізілуде. Бірақ, бүгінгі таңда елімізге сырттан тасымалданатын ауылшаруашылығы өсімдік өнімдерінің көлемі айтарлықтай артуда. Соның салдарынан Қазақстан аумағына бұрын болмаған немесе аздаған ошақтары бар қауіпті зиянкестер, аурулар, арамшөптер тұқымдарының шетелдерден ену қаупі де анағұрлым ұлғайды. Әсіресе, біздің еліміз қазіргі уақытта көптеген шетелдермен сауда-саттықты жандан­дырған. Бұл тұрғыда, бұл елдердің фитосанитарлық жағдайы қазіргі таңда өте күрделі күйде қалып тұр және олар кей жағдайда әлі күні толықтай анықталмаған. Сонымен қатар, еліміз арқылы карантинге жатқызылған өнімдердің транзит арқылы өтуі де аз емес.
Ресми деректерге сүйенетін болсақ, қазір Қазақстанмен көршілес ТМД елдерінде 30-35-тен астам карантиндік нысандар таралған. Ал, шығыстағы алып көршіміз Қытай Халық Республикасында олардың саны 100-ден асады.
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің 2003 жылдың 6 маусымындағы №322 бұйрығына сәйкес республика аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі көптеген фитосанитариялық бақылау бекеттері орналасқан. Халықаралық әуежайында және темір жол стансаларында орналасқан фитосанитариялық бекеттерде, өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инс­пекторлар қызмет атқарады. Олар фито­са­нитариялық бақылау бекеттерінде каран­тинге жатқызылған шетелдерден әкелінетін өнімді тұрақты және бастапқы карантиндік тексеруден өткізеді. Тіпті, кейде қажет болғанда үлгілерін, көлік құралдарын, қол жүгі мен багаждық заттарын іріктеу арқылы олардың зертханалық сараптамасын жүр­гізеді, елімізге кіргізілген және транзиттік карантинге жатқы­зылған өнімдердің карантиндік құжаттарын қарайды. Сондай-ақ, карантинге жатқызылған өнімдер келіп түсетін соңғы орнында өнімдер қайтадан тұрақты карантиндік тексеруден өтеді. Кейін, өсімдік өнімдерін өсіретін, дайын­дайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымдарға, ішкі сауда нысандарына, шаруа, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл, орман, су және басқа да мақсатқа арналған шаруа­шылықтарға тұрақты талғамалы бақылау-тексерулерін жүргіземіз.
Егер өнімнен карантиндік нысандар табылар болса, онда өнім әкелінген еліне кері қайтарылуға, карантиндік нысандарден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Бұл шараларды орын­дау мүмкін болмаса, онда залалданған өнім белгілі тәртіп­пен қолданыстан алынып, жойылады. Ал өсімдіктер карантині ережесін бұзу фактілері анықталып жатса, онда жеке немесе заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 400-бабына сәйкес жауапқа тартылады.
Соңғы жылдары ел тұрғындары аллергиялық ауруларға жиі шалдығуда. Әсіресе, көктем, жаз айларында мұндай науқастардың саны күрт артады. Осыған белгілі бір мөлшерде ықпал ететін, карантинге жатқызылған жусанжапырақты ойраншөп (Аmbrosіа аrtemіsіfolіа) өсімдігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет