1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет42/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Екi жылдықтар. Бұл топтағы арамшөптер көздерінің даму айналымын аяқтау үшiн екi вегетациялық маусымды керек етедi. Басқаша айтқанда, олардың қыстайтын бiржылдықтар мен күздiктерден айырмашылығы оларға толық екi жаз керек. Тұқымдары күзде көктесе олар екi рет қыстайды. Бұл топтың өкiлдерiнiң қатарына қара меңдуана, сары түйежоңышқа, ақ түйежоңышқа, кәдiмгi кәрiқыз, бұйра түйетiкен т. б. жатады.
Көп жылдық арамшөптер

Көп жылдық арамшөптердің тiршiлiгiнiң ұзақтығы екi жылдан артық болады. Тiршiлiк кезеңiнде олар бiрнеше рет гүлдейдi және тұқым бередi. Кейбiр көп жылдық арамшөптер - атпатамырлары және тамырсабақтары арқылы - вегетативтiк жолмен де көбейе алады. Көп жылдықтар көздерінің вегетативтiк көбею мүмкiндiктерi, тамырларының түрлерi және түйнектер мен пиязшықтар құруларына қарай топтарға бөлiнедi.
Атпатамырлылар. Бұл топтағы арамшөптер тұқымдары арқылы және тамыр атпасы, тамыр бұтақшаларының көмегiмен көбейе алады. Оларды көп мөлшерде қоректiк заттардың қорын жинаған және тамыр бүршiктерi бар терең таралған тамыр жүйесi сипаттайды. Олар ең қауiптi және жоюы қиын арамшөптер, барлығы қосжарнақтыларға жатады.
Олардың өкiлдерi: қызғылт қалуен, далалық (сары) қалуен, көгілдiр қалуен (татар ақ сүттiгенi), далалық шырмауық, жатаған қызғылт у кекiре, кәдiмгi сиякөк, талшықты сүттiген және басқалар.
Тамырсабақтылар (көгентамырлылар). Бұл топтағы арамшөптер тұқымдары арқылы және вегетативтiк жолмен көбейедi. Олардың тамырсабақтар деп аталатын буындары бар ұзын ақшылт жерасты сабақтары болады. Тамырсабақтар тiк және көлденең орналасады. Оларда қоректiк заттардың қоры жиналады және өркендер мен шашақты тамырлар құратын қолтық бүршiктер болады. Өркендердiң бiр бөлігі жер бетiне шығады, ал бiр бөлігі жер асты өркендеріне – тамырсабақтарға айналады. Тамырсабақты арамшөптердің жер асты бөліктерi арқылы өте тез көбеюге мүмкiндiктерi бар, олар бiрте-бiрте басқа өсімдіктердi ығыстырып алаңқайлар құрайды. Өкiлдерi: жатаған бидайық, бұтақты бидайық, қарашағыр т. б.
Өрмелегiштер. Бұл топқа жататын арамшөптер жер бетiндегi өркендерi (мұртшалар мен сабақтар) арқылы көбейедi. Жер бетiнде жатқан сабақтардың буындарында пайда болған тамырлар арқылы жерге бекидi. Бұл топтағылардың қатары онша көп емес. құрғақшылық жағдайда кәдiмгi қазтабан кездессе, ылғалды жерлерде – жатаған сарғалдақ кездеседi.
Кiндiк тамырлылар. Бұл топтағы өсімдіктердің топыраққа тереңге бойлайтын кiндiк тамыры болады. Ол өсімдіктiң бүкiл тiршiлiгiнде өзінiң өміршеңдiгiн сақтайды. Жер бетiндегi бөлігі жылда тамыр мойнындағы бүршiктен өсіп шығады. Кейбiр жағдайда тамыр мойны көп басты болуы да мүмкiн. Кiндiктамырлы арамшөптермен күрестiң көптеген қиындықтары бар. Оларды тамыр мойнынан төмен кескенде қайтадан өсіп шықпайды. Өкiлдерi: ащы жусан, бұйра қымыздық, кәдiмгi бақ-бақ.
Шашақтамырлылар. Бұл топтағы арамшөптердің негiзгi тамыры қысқарған, бүйiрлiк жiңiшке тамырлары жақсы дамыған және шашақты тамыр шоғырын құрайды. Бұл топтағылардың саны көп емес, олармен күрес аса қиындық туғызбайды. Олардың өкiлдерi: үлкен бақажапырақ (жолжелкен), күйдiргi сарғалдақ.
Түйнектi арамшөптер. Бұл топтағы арамшөптердің вегетативтiк көбеюдiң құралы болып табылатын түйнек тәрiздi жерасты органы болады. Онда қоректiк заттардың қоры жиналады. Солтүстiк Қазақстан егiстiктерiнiң ойпаң ылғалды жерлерiнде түйнектi ноғатық (чина) кездеседi. Бұл топтың басқа өкілі – түйнектi қозықұлақ - егiстiктерде кездеспейдi.
Бадана (жуа) тамырлылар. Бұл топтағы арамшөптер тұқымдарымен және пиязшықтары арқылы көбейедi. Лала тұқымдастығына жатады. Агротехниканың қазiргi деңгейiнде егiстiктерде кездеспейдi деуге болады. өкiлдерi: жұмыр жуа, жабайы жуа.
Тоғышар және жартылай тоғышар арамшөптер

Жартылай тоғышар арамшөптердің хлорофилi және дамыған жапырақтары болады. Олардың көпшiлiгi иесi болатын өсімдіктi таба алмаған жағдайда тамырларын жайып, автотрофты қоректенуге көшедi. Бiрақта, үлкен сылдырмақ туралы басқаша да мәлiметтер бар (Сорные растения СССР, 1935, том IV). Егер өсіп шыққаннан кейiн алты аптада иесi болатын өсімдік таппаса олар өлетiн көрінеді. Жартылай тоғышар арамшөптер тамырлық (үлкен сылдырмақ, кеш қандауыр) және сабақтық (ақжидек) болып бөлiнедi. Кейiнгiлерi иесi болатын өсімдіксiз өмір сүре алмайды.
Тоғышар арамшөптер өздiгiнен қоректену қабiлетiн жоғалтқан, сондықтан өзіне керектi заттардың бәрiн иесi болып табылатын өсімдіктерден алады. Олардың тамырлары, хлорофилi жоқ, жапырақтары да түбегейлi өзгерiске ұшыраған. Олар тамырлық тоғышарлар (сұңғыланың түрлерi) және сабақтық тоғышар (арамсояудың түрлерi) болып бұлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет