1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет41/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

9-ДӘРІС
Тақырыбы: Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін көп жылдық, аз жылдық , тоғышар, жартылай тоғышар және улы арамшөптердің түрлері. Кешенді күрес шараларын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін көп жылдық, аз жылдық , тоғышар, жартылай тоғышар және улы арамшөптердің түрлерімен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Көп жылдық арамшөптер.

  2. аз жылдық арамшөптер.

  3. тоғышар, жартылай тоғышар және улы арамшөптердің түрлері.

Тақырыптың мазмұны.

Аз жылдық арамшөптер


Аз жылдық арамшөптер тек тұқымдары арқылы көбейедi. Олардың тiршiлiгiнiң ұзақтығы бiр-екi жылдан аспайды. Тұқым бергеннен кейiн өзінiң тiршiлiгiн тоқтатады. Даму кезеңiнiң ұзақтығына және биологиялық ерекшелiгiне қарай эфемерлер, жаздық, қыстайтын, күздiк және екi жылдық арамшөптер болып бөлiнедi.
Эфемерлер (раң тәрiздiлер). Оларға даму кезеңi өте қысқа және тез өтетiн арамшөптер жатады. Қолайлы жағдай болғанда бұл топтың кейбiр өкiлдерi бiр жылда бiрнеше ұрпақ бере алады. Негiзгi өкiлдерi: дымқыл жұлдызшөп, сеппе көкнәр.
Жаздық ерте өнетіндер. Бұл топтың арамшөптерiнiң тұқымдары ерте көктемде, топырақ 10-120 С жылығанда өнеді, жазда бiр ұрпақ бередi. Күзде шыққан көгі суық түсе үсiп қалады. Олардың өкiлдерi: көкпек, ақ алабұта, арам кенепшөп, қара сұлы, шырмауық таран, жабайы шомыр, дала қышасы тағы басқалар.
Аталған өкiлдердiң, қаңбақтан басқаларының көгі мамырдың екiншi онкүндiгiнде немесе үшiншi онкүндiгiнiң басында шыққан жағдайда қайталап соққан суықтар мен жер бетiндегi бозқыраудан үсидi. Себебi олар төмен температураның әсерiне өте сезiмтал келедi.
Қ
.
ыстайтындар.
Бұл топтағылардың биологиялық ерекшелiктерi, олар көктем мен күздiң жағдайына байланысты, жаздық дақылдар немесе күздiк дақылдар сияқты өсіп-дами алады. Егер арамшөптер көктемде көктеп шықса, олар жаздық дақылдар сияқты дамып, күзде тұқым бередi. Күзде көктеген арамшөптер қыстап шығып, келесi жылы өз тiршiлiгiн әрi қарай жалғастырады, былайша айтқанда күздiк дақылдар сияқты өсіп-дамиды. Бұл топқа егiстiк ярутка, кәдiмгi жұмыршақ, сарыбас қурай, иiссiз түймедақ т. б. жатады.
Күздiктер. Бұл топтағы арамшөптер көздерінің даму айналымын толық аяқтау үшiн күзгi-қысқы суықтың әсерiн қажет етедi. Тұқымының бiрiншi жылы көктемде, жазда немесе күзде көктегенiне қарамай қысқа дейiн тек тамыр маңайындағы жапырақтардың тобын құрады, ал астық тұқымдастар тек түптенедi де, қысқа түседi. Келесi жылы сабақтанып, гүлдейдi және тұқым бередi. Негiзiнен олар күздiк дақылдардың егiстiктерiн ластайды. Бұл топтағылар көп емес. Солтүстiк Қазақстанда жаздық дәндi дақылдардың егiстiктерiнде кездеспейдi. өкiлдерi: қара бидай арпабасы, далалық арпабас, кәдiмгi сiпсебас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет