1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет44/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

10-ДӘРІС
Тақырыбы: Карантинді ағзалар. Сыртқы және ішкі карантин.
Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін көп жылдық, аз жылдық , тоғышар, жартылай тоғышар және улы арамшөптердің түрлерімен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Көп жылдық арамшөптер.

  2. аз жылдық арамшөптер.

  3. тоғышар, жартылай тоғышар және улы арамшөптердің түрлері.

Тақырыптың мазмұны.
Мәдени дақылдардың зиянкестері мен арамшөптері өсімдік шаруашылығында әрқашан басты мәселе болып саналады. Қазіргі таңда өсімдік зиянкестерінің 60 мыңнан астам түрі белгілі. Олар әр уақытта үлкен шығынға ұшыратып отырды. Бұл мәселенің өзектілігі халық аралық сауда қатынастарының дамынан одан әрі өрши түсті. Ұзақ уақыт бойы, зиянды ағзалардан келетін шығынды азайтуға бағытталған ешқандай келісілген шараларды болмады. Іс жүзінде өсімдік өнімдерімен алмасатын барлық елдер сәйкесінше зиянды ағзаларымен де алмасып отырды. Зиянкес, ауру және арамшөптерден келтірілген зиян халықаралық қауымдастықтың осы зиянды ағзалардың алдағы уақытта әр түрлі елдерге таралуы мен қоныстануының алдын алу мақсатында карантин құруына түрткі болды.
Нәтижесінде, 1851 жылы Париж конференциясында өсім­діктер карантині жөнінде халықаралық конвенция қабылданды.
Алғашқы карантиндік шаралар Францияда енгізілді. Олар 1858-1862 жылдары Америкадан жүзім көшеттерімен келген филлоксерадан қатты зардап шеккен жүзімдіктерді қорғауға қатысты еді.
1931 жылы ауылшаруа­шылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Респуб­ликасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция құрылды. Ол Алматы қаласында отау тікті. Оның құрамына Республикалық карантин зертханасы және жеміс-жидек дақылдары көшетжайы кірді. Осы зерттеу нәтижелерінің негізінде халықаралық карантиндік мәні бар биологиялық нысандардың, сондай-ақ еліміз жеріне шектеулі ғана таралған түрлер тізімі жасалды. Жыл сайын әрбір одақтық республикада зерттеу нәтижесіне қарай Одақ бойынша шолу құрастырылды. КСРО тарағаннан кейінгі жылдары әрбір республика өз шолуын жасап, кейін республикалар оны алмастырып қарап отырды.
Одан әрі Қазақ мемлекеттік ка­рантині ҚР АШМ-не қарасты карантин жөніндегі Бас мемлекеттік инспекция болып қайта құрылды, содан соң 1999 жылы ол ҚР АШМ-ның өсімдік карантині жөніндегі комитеті, ал 2007 жылдан бері ҚР АШМ-і АӨК-інің өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция комитеті деп аталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 15-қаңтарындағы №19 қаулысымен дәнді дақылдардың Республикалық интродукциялық-карантиндік көшетжайын құру туралы тұрақты шешім қабылданды.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң, сондай-ақ халықаралық сауда байланысы ұлғайғаннан кейін республика жері үшін карантиндік мәні бар карантиндік нысандар тізімі жаңадан қарастырылды.
Бұл тізім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 10-желтоқсанындағы №1295 Қаулысымен бекітілді. Кедендік Одақ құрылғаннан кейін карантиндік нысандардың жаңа жобасы жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет