1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет39/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Өсетiн жерiне қарай төмендегiдей бөлiнедi:
1) танаптық немесе егiстiк арамшөптер. Олардың өкiлдерi үнемi өңделетін танаптарда өседі;
2) қоқыстық арамшөптер. Бұл топтың өкiлдерi негiзiнен тұрғын үйлер және басқа да ғимараттардың маңында, алаңқайларда, тоғандар мен жолдардың маңайында өседі;
3) табиғи жайлымдардың, шалғындықтардың, басқа да мал азығына пайдаланылатын жерлердiң арамшөптерi. Бұл топтағы өсімдіктердi малдар нашар жейдi, сондықтан малды ол жерлерде ретсiз көп жайғанда осы топтағылардың саны тез артады.
Бiрақта, бұл үш топтағы арамшөптердің арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетiкен тек шабындықта емес, алаңқайларда да өседі. Ақ алабұта, көкпек, кенепшөп, гүлтәжi үйлердiң маңында және ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiктерiнде де кездеседi.
Арамшөптердi қат -қабаттылығына қарай бөлу:
1) жоғарғы қат -қабаттың арамшөптерi (қалуендер, ащы жусан, кенепшөп, ақ алабұта, көкпек) – олар дәндi дақылдардан, картоптан биiк өседі;
2) ортадағы қабаттың арамшөптерi (жабайы шомыр, кәдiмгi қарамықша, далалық арпабас, көк гүлкекiре, кәдiмгi қара сұлы);
3) төменгi қабаттың арамшөптерi (кәдiмгi қазтабан, кәдiмгi жұмыршақ, егiстiк ярутка). Төменгi қабаттың арамшөптерi көлеңкеге төзімдi келедi. Кейде төменгi қабатта ортадағы қабаттың өсіп-даму жағынан мәдени дақылдардан кейiн қалған арамшөптерi (итқонақ, гүлтәжi) кездеседi. Олар көлеңкелiкке нашар төзедi, сондықтан өте әлсiреген жағдайда болады және көздерінің тұқым өнімділігін күрт төмендетедi.
Өндiрiсте арамшөптердi агробиологиялық топтарға бөлу арқылы жiктеудiң маңызы зор. А.И.Мальцев бұл жiктеу сұлбасын дайындаған Н.С.Соколов (1935) екенiн көрсетеді, ал Н.С.Соколов бұл сұлбаның А.И.Мальцевтiң, Л.И.Казакевичтiң және Э.Корсмоның еңбектерiн ескерiп жасалғанын жазады. Жiктеудiң бұл тәсiлiн қолдануға қолайлы, сәттi жасалған деуге тұрарлық. Барлық арамшөптер қоректену ерекшелiктерiне қарай тоғышар және тоғышар емес (жасыл өсімдіктер) болып бөлiнедi. Әрi қарай жасыл өсімдіктер тiршiлiгiнiң ұзақтығына байланысты аз жылдық және көп жылдық болып бөлiнедi. Ал көп жылдықтардың өзін олардың вегетативтi көбеюге қабiлеттiлiгiне, тамыр жүйесіне қарап әр түрлi топтарға ажыратады. Тоғышарлы және жартылай тоғышарлы өсімдіктердің сабақтық және тамырлық түрлерi болады.

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi. Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет