Сәбіз аурулары: Ақұнтақ. Қоздырушысы - Erysiphe umbelliferarum DB. f. sp. dauci Yacz.Аscomycota класының Эризифалылар қатарына жатады. Ауру белгілері сәбіздің өсу кезеңінің екінші жартысында, немесе соңына қарай, саңырауқұлақ мицелийлері мен көбею мүшелерінен тұратын селдір ақ өңез ретінде жапырақтарда байқалады. Конидиялар тізбектелген, түссіз, пішіні цилиндр тәріздес, мөлшері 28-30х 13-15 мкм. Өсімдіктердің өсу кезеңінде cаңырауқұлақ жыныссыз бірнеше ұрпақ береді, инфекция конидиялар арқылы тез таралады. Кейінірек мицелий шоғырлары нығыздалып, сұрғылт тартады, арасында шар тәріздес , мөлшері 80-90х60- 70 мкм жеміс денелері – клейстотецийлер түзіледі. Олар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, келесі жылға инфекция ошағы болады.
Фомоз немесе құрғақ шірік. Қоздырушысы- Phoma rostpupiiSacc. Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарының өкілі. Ауру белгілері жапырақ сағақтары мен гүлсыйдамдарында қоңырқайсозылған дақтар ретіндебайқалады. Кейінірек ортасында жай көзбен көрінетін, пішіні домалақ пикнидалар, ал олардың ішінде эллипс тәріздес, мөлшері 4-6х1,5-2 мкм конидиялар түзіледі. Тамыр-жемістердің жоғарғы ұшында және басқа бөліктерінде шұңғылқарайған дақтар байқалады. Тұқымдықтардыңауруға гүл шоғыры, бұршаққындары мен ішіндегі дәндері шалдығады. Тамыр-
жемістерді қоймада сақтау кезінде ауру асқындап,ішкі ұлпалардың қарайып шіруінен қуыстар пайда болады. көлденеңінен кессе, ішінде мақта тәріздес ақшыл мицелийлер,олардың араларында пикнидалар байқалады. Жиын-терін кезінде жаңбыр жиі жауып, ауа ылғалдылығы жоғары, температурасы 20-250 С аспағаныаурудың дамуына қолайлы. Инфекциятұқымда, тамыр-жемістер мен өсімдік қалдықтарында мицелийлер, пикнидалар және қарамықтар ретінде сақталады.
Қарашірік немесе альтернариоз. Қоздырғышы -Deuteromycotaа класының Монилиялылар қатарына жататын Alternaria radicina M. et E. Ауруға шалдыққан өскіндердің тамыр мойыны қарайып, жапырақтары солып, қурай бастайды. Жаңбыр жиі жауып, ауаның ылғалдылығы жоғары болса, залалданған мүшелерде саңырауқұлақ мицелийлері мен спораларынан тұратын күңгірт-жасыл өңез түзіледі. Конидиялар бір-біріне тізбектелген, немесе қосарланған, түйрегіш тәріздес, көлденең және тік перделемен бөлінген, мөлшері 100-300 х15-50 мкм, денесінен 2-3 есе ұзын жіңішке мойынмен аяқталады.Ауруға тұқымдық өсімдіктердің барлық мүшелері шалдығады, жапырақ сағақтарында қоңырқай нүктелер мен сызықшалар,сабақтар мен гүлсыйдамдарда жолақтар мен сызаттар, терең жараларбайқалады. Гүл шоғыры мен тұқым да залалданады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса дақтардың үстінде саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын күңгірт-жасыл немесе сұрғылт өңез түзіледі. Тамыржемістерді қоймада сақтау кезінде олардың жоғарғы ұшы мен сыртында ойыстау сұрғылт, ішкі ұлпаларындамен сақиналанған жылтыр қара дақтар байқалады. Инфекция тамыржемістерде және өсімдік қалдықтарында танаптарда сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |