1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет33/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

7-ДӘРІС
Тақырыбы: Көкөніс дақылдарының негізгі ауруларымен танысу. Күресу шаралары.
Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдарының негізгі аурулары. , олармен күрес шараларымен танысу.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Көкөніс дақылдарына залал келтіретін аурулар.

  2. Күресу шараларын ұйымдастыру

Тақырыптың мазмұны. Пияз аурулары. Пероноспороз немесе жалған ақұнтақ. Қоздырушысы - Peronospora destructorCasp.Ооmycotaкласының Пероноспоралылар қатарына жатады . Ауру белгілері шалқан пияз бен сарымсақтың жапырақтары мен сабақтарында жайылған бозғылт сұр,сарғылтдақтар ретінде байқалады. Инфекция тұқым арқылы жүйелі таралса, ол өсімдіктің барлық мүшелерін қамтиды, жапырақтар сарғылт тартып, қурап,өскіндер опат болады. Ауа ылғалдылығы жоғары болса,немесе жаңбырдан кейін дақтардың үстінде көлденең перделермен бөлінбеген саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратын селдірсұрғылт өңез түзіледі. Сағақтар жапырақ саңылаушаларынан топтасып шығады, конидиялар эллипс немесе жұмыртқа тәріздес, реңі сұрғылт- күлгін, сыртқы қабықшасы біртегіс, кейде сәл әжімделген, көлденеңі 35-60х 22-35 мкм. Тұқымдық пияздың гүлсидамында сұрғылт созыңқы дақтар байқалады, ерте сарғайып, қурайды, опырылғыш келеді. Өсімдіктердің өсу кезеңінде саңырауқұлақ жыныссыз көбейіп, бірнеше ұрпақ береді. Инфекция жаңбыр тамшылары және ауа ағысымен таралады. Аурудың дамуына жаңбыр жиі жауып, тамшы ылғал, немесе шық ұзақ сақталуы, ауа –райы қоңыр салқын, температурасы 17-25 0С аспағаны қолайлы. Күзге қарай кесел жайлаған өсімдік мүшелерінде қалың қабықшамен көмкерілген, пішіні шар немесе эллипс тәріздес, көлденеңі 25-35 мкмооспоралар түзіледі. Олар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына берік. Инфекция тұқым мен пиязшықтарда,жиын-теріннен кейінгі өсімдік қалдықтарында сақталады.
Тат. Қоздырғышы - Basidiomycota класының Урединиялылар қатарына жататын Puccinia alli(DC)Rud. Бір иелі cаңырауқұлақ, барлық даму кезеңі пияз бен сарымсақта өтеді. Сирек кездесетін ауру, белгілері жапырақтар мен гүлсыйдамда алғаш ашық-сары эций, кейінірек қоңырқай тартатын урединийлерден тұратын пустулалар ретінде байқалады. Урединиоспоралар сарғылт,дөңгелектеу немесе эллипс тәріздес, беткі қабықшасында ұсақ бедері бар, мөлшері 18-32х18-24 мкм. Күзге қарай жылтыраған қара телийлерде телиоспоралар түзіледі. Олар қыстап шығып, келесі жылға инфекция ошағы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет