1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет31/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Фузариозды шірік.Негізгі қоздырғыштарыDeuteromycotaкласының Монилиялылар қатарына жататын Fusarium туысының 2-3 түрі. Тамыржемістер үлкейе бастағанда шіру ішінен басталады, кеселге шалдыққан өсімдіктер-дің жапырақтары біртіндеп солып, қурайды. Олардың ішіндегі қуыстар мен жарықшықтарда саңырауқұлақ мицелийі мен споралану мүшелерінен тұратын ақшыл, ашық-сары өңез түзіледі. Макроконидиялар орақ немесе жаңа туған ай тәріздес, бірнеше көлденең перделермен бөлінген, пішіні мен мөлшері айтарлықтай ауытқиды. Жиі кездесетін F.oxysporum- ның макроконидиялары сәл иілген, 3-5 қөлденең перделермен бөлінген, мөлшері 25-50х4-5 мкм. Микроконидиялар бір немесе екі жасушалы, сопақтау, цилиндр тәріздес, мөлшері 11-18х 2-3 мкм. Мицелий тармақтарының ортасында 1-2 жасушалы көптеген хламидоспоралар түзіледі.Кеселге шалдыққан өсімдіктер өсу кезеңінің соңына қарай опат болады, немесе олардың шіруі жиын-теріннен кейін шоқада жалғасады. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады.
Рапс пен қышының аурулары . Бұл дақылдарда саңырауқұлақтар қоздыратын бірнеше аурулар кездесуі мүмкін.
Ақ тат.Қоздырғышы– OomycotaкласыныңПероноспоралылар қатарына жататын Albugo candida Kuntze. Ауру белгілері жапырақтар мен сабақтардатабұршаққындарда ақшыл дақтар ретінде байқалады, кейінірек олар бір-бірімен ұласып,ақұнтақ тәріздес қабыршыққа айналады. Саңырауқұлақ ооспораларының күңгірт-қоңыр, пішінідөңгелектеу, көлденеңі30-50 мкм, ауруға шалдыққан өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.Рапспен қатар айшықты гүлділер туысына жататын біраз өсімдіктүрлерін залалдайды.
Альтернариоз.Қоздырғышы– Deuteromycota класының Мониялыларқатарының өкіліAlternaria brassicola Wilts.Ауруға жас өскіндер шалдығуы мүмкін,жарнақ жапырақтарда жолақтар немесе дақтар байқалады. Өсімдіктердің сабақтары мен бұршаққындарында саңырауқұлақ мицелийлері мен споралану мүшелерінен тұратынкүңгірт-зәйтүн өңез түзіледі. Конидиялар алмұрт тәріздес, көлденең және тік перделермен бөлінген, мөлшері 80-130х 8-10 мкм, олардың қысқалау мойыншасы бар. Ауруға шалдыққан тұқымдар шөпектеніп, өнгіштігі төмендейді. Қырыққабат және басқа айшық гүлділер тұқымдасына жататын мәдени және жабай өсімдіктерді залалдайды.Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады және тұқым арқылы да таралады.
Фомоз. Қоздырғышы – Deuteromycota Phoma lingam Tode. Desm. Айшық гүлділер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктерді залалдайды. Жарнақ және нағыз жапырақтарда, тамыр мойынында қоңырқай жайылған, ал сабақтар мен бұшаққындарда жиектелген ашық-қоңыр дақтар байқалады. Олардың ортасында көлденеңі 1 мм-ге дейін жететін топтасқан пикнидалар түзіледі. Конидиялар эллипс тәріздес, сәл иілген, мөлшері 4-6х1,5-2 мкм. Аурудың дамуынаауатемпературасы 20-250 С аралығында, ылғалдылығы жоғары болғаны қолайлы. Инфекция өсімдік қалдықтарында және тұқымда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет