1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет36/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Ақшірік. Қоздырғышы Deuteromycota класының Стерильді мицелийлер қатарына жататын Sclerotiniа sclerotiorum A. deBary саңырауқұлағы. Тамыржемістерді қоймада сақтау кезінде байқалады. Алдымен олардың ауруға шалдыққан бөлігі жұмсарып, суланады, реңі өзгеріп, қоңырқай тартады, үстін мақта төріздес ақ өңез басады, алғаш сұрғылт, кейінірек біртіндеп қараятын саңыраукұлақ қарамықтары пайда болады. Қойма ылғалдылығы мен температурасы жоғары болса, инфекция сау тамыржемістерге оңай жұғады.Органикалық және азот тыңайтқыштарынмөлшерден артық қолдану, тамыр жемістер кеш және жаңбырлы күндер жиналып, жақсы кептірілмеуі, үсікке шалдығуы қоймада ауруды өршітеді.
Сулы шірік. Қоздырушысы - Erwinia carotovora Holl. Бактерия таяқша тәріздес, анаэробты жағдайда өсіп көбейеді. Ауру белгілері тамыржемістерді қоймада сақтау кезінде олардың жоғарғы ұшында ақшыл-қоңыр дақ ретінде байқалады. Кесел қатты өршіген жағдайда ұлпалардың тез ыдырауынан тамыржемістердің сырт пішініөзгеріп, олар жағымсыз иіс шығаратын қойыртпаққа айналады. Ауру тез тарайды, 1-2 апта ішінде жиналған бүкіл өнім шіріп кетуі мүмкін. Инфекция өсімдік қалдықтары мен топырақтасақталады, қоймаларда, жиын-терін кезінде пайдаланылатын саймандар мен жабдықтарда кездеседі. Бактерия көптеген қөкөніс пен жемісдақылдарының суға бай өнімдерін, тамыр жемістер мен түйнектерді залалдайды.
Көкөніс пен бақша дақылдарын аурулардан қорғау шаралары
Карантиндік, агротехникалық және профилактикалық шаралар.
Ауыспалы егіс жүйесі қатаң сақталып, көкөніс және бақша дақылдарын жоңышқа, эспарцет және т.б. қөпжылдық шөптерден, немесе біржылдық - асбұршақ, ноқат, қытайбұршақ және т.с.с. сияқты бұршақтұқымдастардан, күздік бидай, жүгері, арпа, сұлы және т.б. дәнді дақылдардан кейін орналастырған жөн. .
Өну белсенділігі мен өскіндердің ауруларға беріктігін нығайту үшін олардың тұқымдарын мырыш, марганец және мыс микролементтерінің күкіртқышқылды тұздарының ерітіндісімен (0,1- 0,5%) баптаған жөн. Топырақта кездесетін сапрофитті және жартылай паразитті саңырауқұлақтардан өскіндерді қорғау үшін дақылдардың себілетін тұқымдары жанамалы әсерлі ТМТД немесе жүйелі фундазол препаратының бірімен дәрілеу қажет (8-кесте).
1- кесте. Көкөніс пен бақша дақылдарының тұқымдарын дәрілеуге тіркелген препараттар және олардың қолдану мөлшері

Дақылдар

Аурулар

Препараттар, жұмсалу мөлшері, г/кг

Қияр, қарбыз қауын

Зеңдену, бактериоз, антракноз, фузариоз және т.б. шіріктер,

ТМТД, 80% с.ұ.(4- 6)

Кызанақ, баялы

Зеңдену, құрғақ шірік, бактериоз, макроспориоз

ТМТД, 80 %с.ұ (8,0), фундазол, 50% с.ұ. (5-6)

Қырыққабат, шалқан

Пероноспороз,фомоз, бактериоз, зеңдену

ТМТД, 80 % с.ұ (5-6), фундазол, 50 с.ұ. (0,6-0,8)

Пияз

Зеңдену, пероноспороз сұр шірік

ТМТД, 80% с.ұ. (4-5), фундазол, 50% с.ұ. (5-6)

Сәбіз

Фомоз, шіріктер

ТМТД, 80% с.ұ. (6-8), фундазол, 50 % с.ұ. (2,0)

Асхана қызылшасы

Зеңдену,тамыр жегі

ТМТД, 80 % с.ұ. (4-6)

Көкөніс және бақша дақылдарының фитосанитарлық ахуалын агротехникалық және фитосанитарлық шаралар біраз реттегенмен, кейбір аурулар өсімдіктердің өсу кезеңінде қатты өршіп, өнімнің түсімділігі мен сапасын айтарлықтай төмендететін болса фунгицид қолдануға тура келеді. Төменгі кестеде республика аумағында пайдалануға тіркелген фунгицидтер, оларды қолдану жиілігі мен күту мерзімі көрсетілген (9-кесте).


9-кесте Көкөніс және бақша дақылдарының ауруларына қарсы қолдануға тіркелген фунгицидтер және олардың жұмсалу мөлшері

Дақылдар

Аурулар

Фунгицидтер және жұмсалу мөлшері, кг/га л/га

Қолдану жиілігі



Күту мерзімі



Қияр

Ақұнтақ

Байлетон,25% с.ұ. (0, 6), топаз 100 э.к. (0,12-0,15)

1-3

20

Пероноспороз
антракноз, бактериоз

Акробат МЦ с.ұ. (2,0), балеар 72% к.с. (1,6-1,9), браво 500 к.с. (2,2-2,7); купроксат, а.қ.с. (5,0), метаксил с.ұ. (2-2,5), ридомил-гольд, 68% с.ұ (2,5), мыс хлортотығы, с.ұ. (2,4-3,2), фундазол 50% с.ұ. (0,8-1,0)

1-3

15-20

Кызанақ

Фитофтороз,
альтернариоз
макроспориоз
және т.б.

Байлетон, 25% с.ұ. ( 0, 6), купроксат 34 % (5,0), метаксил с.ұ. (2-2,5); мыс хлортотығы с.ұ. (2,4-3,2), фундазол 50% с.ұ. (0,8-1,0)

1-3

15-20

Пияз

Пероноспороз

Акробат МЦ с.ұ. (2,0) метаксил с.ұ. (2-2,5); микадо 70 с.д. г. (2); ридомил-гольд, с.ұ (2,5), мыс хлортотығы с.ұ. (2,4-3,2)

1-3

15-20

Қарбыз, қауын

Ақұнтақ



Байлетон, 25% с.ұ. (0, 3-0,4)



1-3

20

Сәбіз

Альтернариоз, ақшірік

Ровраль с.ұ. 1,5 (0,8-1,0)

1-2

30

Бір фунгицид қатарынан бірнеше жыл қолданыла берсе, ауру қоздырғышының оған берік популяциясы пайда болып, химиялық шараның тиімділігі төмендеуі мүмкін. Сондықтан оларды бір маусымда, немесе 2-3 жылда алмастырып отырған жөн.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет