1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет17/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Сабақ қаракүйесі.Қоздырғышы Urocystic tritici Korn.Өсімдіктердің жапырақтары мен қынаптарын, немесе сабақты бойлай орналасқан,жұқа үлбірмен көмкерілгенсаңырауқұлақ телиоспораларынан тұратын,, ұзыныраққара жолақтар ретінде байқалады. Олар көлденеңі 20-45х12-38 мкм, түрі мен мөлшері әртүрлі келетін, бір-біріне жабысқан спораларжиынтығынан тұрады.Ортасында реңі қоңырқай,пішіні дөңгелектеу, немесе сопақтау, көлденеңі 12-16 мкм3-4, шетіндежартылай дөңгелектеу, немесе жалпиған, көлденеңі 6-12 мкм,ақшыл-сары спораларорналасады. Бұл ауру көбінесе астық тұқымдас шөптерде, әсіресе жатаған бидайықта жиі, бидай мен қарабидайда сирегірек кездеседі. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады, тұқым арқылы да таралуы мүмкін.
Жүгерінің тозаңды қаракүйесі. Қоздырғышы – Sorosporium reilianum (Kuhn.) Mc. Alpine f. sp. zeae. Ауру белгілері өсімдіктердің аталық және аналық жыныс мүшелерінде байқалады. Кесел жайлаған собық тұтасымен ақшыл- телиоспоралар жиынтығы мен су өткізетін орталық түтікшелерден тұратын орама жапырақтармен көмкерілген, сұр немесе күлгіндеу үлкен қаракүйе қапшығына айналады. Шашақтардың жеке түйіндері ғана залалданады, жұқа қабыршықпен көмкерілген түйірлердетелиоспоралар шоғырланады. Олардың пішінідөңгелек, немесе сопақтау, реңі күңгірт-қоңыр, көлденеңі 8-12 мкм.Қаракүйе қапшықтары мен түйірлері жиын-терін кезінде жарылып, тозаңдаған телиоспоралар аңызға және топыраққақонады. Инфекцияның негізгі ошағы топырақ, оның жоғарғы қабатындателиоспоралар тіршілік қабілетін жоймай 2-3 жылға дейін сақталады. Ауру басқа аймақтарға тұқым арқылы таралуы мүмкін. Топырақтың беткі қабатында қыстап шыққан телиоспораларкөктемде өніп, базидиялар мен базидиоспоралар түзеді. Соңғыларының қарама-қарсы жасушаларының қосылуы нәтижесінде жас өскіндерді залалдайтын инфекция жіпшесі түзіледі. Ауру қоздырғышы, ие-өсімдік сияқты, жылу сүйгіш, оның өніп-өсуіне 25-30 0С аралығындағытемпературақолайлы. Жүгерінің толарсақ немесе көпіршіктенген қаракүйесі. Қоздырғышы –Ustilago zeae (Bekm.) Unger саңырауқұлағы. Ауру белгілері өсімдіктің жер үстіндегі барлық мүшелерінде байқалады. Жаңа жайылған жапырақтардыңорталық жүйкесінбойлайбозғылт жолақ сызықшалар пайда болады, кейінірек саңырауқұлақ спораларының түзілуіненолар біртіндеп сұрғылт тартады.Жүгері сабағының буынаралықтарында мөлшері грех жаңғағындай, немесе одан үлкенірек домалақтау түйірлертүзіледі, кейде олар тамыр мойынында да байқалады. Жапырақтар мен сабақ буынаралықтарындағы қаракүйе бұлтықтары пісіп- жетілген кезде,сыртқы қабықшасы қақырап, телиоспоралар тозаңдап ауа ағынымен егіске таралады.Дән байлана бастаған кезеңде собықтардың үстінде пішіні мен мөлшері әртүрлі келетін, кейде 1/3 бөлігіне дейін жайылатын қаракүйе түйірлері бүзіледі, мүмкін. Телиоспоралардыңпішіні дөңгелектеу, кейде сопақтау, реңі ашық-қоңыр,үстінде ұсағырақ бедері бар, мөлшері 7-11 х 6-10 мкм. Саңырауқұлақтың өніп-өсуіне қолайлы температура 25-300С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70- 80 %аралығында. Инфекция өсімдік қалдықтарында және топырақтың беткі қабатында сақталады,тұқым арқылы жаңа аудандарға таралуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет