Тақырыбы: Көкөніс дақылдарының негізгі зиякестерімен танысу. Күресу шараларын ұйымдастыру. Мақсаты: Көкөніс дақылдарының зиянкестері. Таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі. Қорғау шараларын үйрету.
Тақырыптың мазмұны: Қырыққабат бітесі - Brevicoryne brassica L. Айқышгүлді дақылдарды әсіресе қырыққабат қатты зақымдайды. Қазақстаның барлық жерлерінде кең таралған. әсіресе республиканың оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында жыл сайын өсіп- өніп өте қатты зиян келтіреді. Сирек шығыс, батыста кездеседі. Аналықтардың партеногенетикалық екі түрі бар: қанатты және қанатсыз. Біріншісі жұмыртқа тәрізді денесі ұзындығы -1,9-2,3 мм. Сарылау-жасыл, екі қатарлы қара шашымен. Барлық денесі қоңырлау ақшыл түсті балауыз шаңымен басып тұрады. Ақты буынды мұртшалары бар ұрықтанусыз көбейеді.
Қанатты ұрғашылары жаздың екінші жартысында пайда болады. Денесі сұңғақтау, аяғымен мұртшалары қанатсыздарға қарағанда ұзындау. Күзгі ұрпағының жұмыртқалайтын ұрғашыладың денесі біршама домалақтау. Еркек бітелер қанатты, қанаттарымен, басы, кеудесі жылтыр-қара.
Қырыққабат бітесі жұмыртқа күйінде қырыққабат өзегінде, тұқымдықта жабайы өсетін айқышгүлділердің өсімдіктерінде және топырақ кесектерінде қыстайды.
Ерте көктемде жұмыртқалардан дернәсілдер шығып, негізі салушы ұрғашы бітеге айналады, екінші ұрпақтан бастап қанатты – негіз ұрпақ салушы, ұрғашылар пайда болып бастайды, қырыққабатпен айқыш гүлділерге ұшып барып сонда шоғырлана тіршілік етеді.
Қанатсыз ұрғашы бітенің 20-80 –ге дейін дернәсілдерді туады. Қанатты ұрғашылардың ұрықтанғаны аздап төмен. Қалайлы жағдайда 6-10 күннің ішінде дернәсіл үлкен жәндікке айналады. Өнім-өсу кезеңінің аяғында, ұрықтанған аналықтар 2-4 қыстайтын жұмыртқадан салады. Қырыққабаттың өсіп-өну кезеңінде республиканың барлық аймақтарында зиянкес 6-15 ұрпақтан береді. Бітенің көбеюіне ауа-райының жылы ауаның ылғалдылығы қолайлы болуы әсер етеді.
Өсімдік жапырақтарының бітелер сорған жерінде жапырақтар қалыпсызданады, тұқымшалалардың өркендері ширатылады. Тұқымдары семіп кетеді. Азық-түлік қырыққабат жапырағындағы сөлін алған жерлерінде жапырақтары ауырып немесе ашық-қызыл түске айналады, жапырақтардың шетжақтары жоғары қарай ширатылады қатты зақымдалған жағдайда салады. Жаппай бітенің көбеюі жапырақтардың түсімін жоғалтып ширатылып қалады және жапырақ тақтасын бітелердің бөліп шығарған сұйық заттары ластайды ақбасты қырыққабат зақымдалса оның басы өте борпылдақ және жеңіл болып қалады.
Қырыққабат бітелері әсіресе орташа- кешпісетін сұрыптарды өте қатты зақымдайды ерте писетіндерді аздап зақымдайды өйткені бітелер жайылғанша биологиялық піскен каудан пайда болады.
Экономикалық зиян келтіру шегі жаңа дамып келе жатқан фазасына қауданда қоныстанған 5-10 дана қырыққабат бітесі.
Қырыққабаттың ақ көбелегі Pieris brassicaе L. Қазақстанның барлық жерінде тегіс таралған. Қырыққабатты, шомырды, шалқанды, рапс пен басқа айқышгүлді дақылдарды зақымдайды.
Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғары бұрыштары қара, артқы қанаттарында- ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Сонымен қатар ұрғашыларының алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады.
Жұмыртқалары сары, шыны сауыт пішіндес, көп қырлы келеді. Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы -40-45 мм жетеді, үсті сұрғылт жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған, денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтармен нүктелерден тұратын суреті бар, екі жағымен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.
Қуыршағы сарғылт жасыл түсті, қара дақтары бар, ұзындығы -23 мм. Қырыққабаттың ақ көбелегі қуыршақ сатысында талдарда, шабақтарда, құрылыс қабырғаларында немесе арамшөптерде қыстайды. Көбелектер ерте көктемде шығады де, көп кешікпей жұмыртқалауға кіріседі.
Бірінші ұрпағының ұрғашылары жұмыртқаларын айқышгүлді тұқымдас арамшөптерге салады, ал кейінгі ұрпақтары мәдени айқышгүлді өсімдіктерінің жапырақтарының төменгі жағына 15-200 данадан салады. Жұмыртқаның дамуы 8 күннен 14 күнге дейін. Жұлдызқұрттарының дамуы 17 күннен 25 күнге дейін, 5 жас аралығында өтеді. Қуыршақтарының дамуы 11 күннен 18 күнге дейін созылады.
Республиканың Солтүстігінде қырыққабат ақ көбелегі 2 ұрпақ береді, ал оңтүстікте 3-4 ұрпаққа дейін дамиды.
Кіші жастағы жұлдызқұрттар жапырақтардың жоғарғы қабығына тиіспей, төменгі жұмсағын жейді, ересек жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарды жуан тарамыстарынғана қалдырып тегіс жеп қояды. экономикалық зиян келтіру шегі жапырақ дөгелек кезеңінде 5 % астам өсімдіктерде жұмыртқа табылған жағдайда, немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дөгенде 5-10%егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдызқұрттан келсе.
Айқышгүлді бүргелері - Phyllotreta. Барлық жақта таралған. Барлық айқышгүлділерді дақылдарды әсіресе өскіндер мен жаңа егілген көшеттерді зақымдайды. Айқышгүлділер бүргесі әр түрлісі болады –қара бүрге, ақ сирақты бүрге, көк бүрге, ирек жолақты бүрге, оңтүстік бүрге, түрлерінің бәрі 2 ұрпақта дамиды.
Қоңыздары майда 3,5 мм дейін, үстінге қанаттары екі түсті, қара сары жолақты, біртүсті сызыкты, металл жылтырлы, қара, жасылдау немесе көктүсті. Артқы аяқтары секіргіш жәндіктердің денесі дөңкиген, мұрттары жіп тәрізді,
жұмыртқалары өте майда, домалақ мөлдір,0,1-0,2 мм шамасында болады. Дернәсілдері ұзынша, құрт тәрізді, ақшыл-сары түсті кеудесінде үш аяғымен, басы анық көрінеді. Қоңыздар өсімдіктердің астында қыстайды. Ерте көктемде, қыстап шыққан жерлерінен шығады, алғашында айқышгүлділер тұқымдас арамшөптерімен коректенеді, одан соң айқышгүлділердің жаңа шыққан өскіндерімен, көшеттеріне көшеді.
Жас өскіндерді айқышгүлді бүргелер топырақ бетіндегі тұқым жарнақтарды пайда болғанға дейін жеп қояды, өсімдікті жапырақтарды кішірек шұңқыршалар қазады, зақымдайды жапырақтардың шет-шетін майда тесіктерін жасайды.
Күннің ыстық қүрғақшылық кезеңінде өсімдіктердің зақымдалуы өте қауіпті, мұндай ауа-райында қоңыздар өте жылдам және қомағай болады. Жұмыртқаларын топыраққа салады, дернәсілдері тамырда өмір сүреді де, осы жерде коректенеді онша зиян келтіре қоймайды.Тек ақшыл аяқты бүргесінің ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға салады. Басқаларынан өзге ақшыл аяқты бүгре жапырақтарда кішірек қисық формалары миналар жасайды. Жұмыртқалар 8-19 күнде, дернәсілдер 20-30 күнде дамиды. Олар топырақта қуыршақтанады, қуыршақтың дамуы 8-19 күнге созылады. Қоңыздар біраз уақыт әр түрлі айқыш гүлділермен көректеніп қыстауға кетеді. Бүргелердің экономикалық зиян келтіру шегі бір өсімдікке 2-3 қоңыздан келеді.
Айқышгүлділер қандаласы– Eurydema. Қырыққабат және айқышгүлділердің өсімдіктеріне басқа да бес түрлі қандала зиян келтіреді. Марокандық, қыша, әшекейлі, рапс сібір қандалалары марокан қандаласынан, басқалары барлық жерлерде зиян келтіреді. Соңғы жылдары айқышгүлділерінің қандаласы, әсіресе қырыққабаттық түрі өте көбейіп кетті. Қырыққабаттың бір жапырағында кейде 15-20 данадан болады.
Қандаланың имагосы бес буынды мұртшалары бар, дамыған қалқаншалары құрсақтарын жартылай жабады. Ашық түсті – металды көк немесе металды – жасыл, қызыл, сары немесе ақ суретті болады.
Даму мен және өсімдікті зақымдауымен қандалар өте ұқсас.
Жұмыртқалары бөшке тәрізді, доңкиген жапқышымен, қара түстес, жасыл немесе сұр, ұзындығы -0,6-1,5 мм болып келеді.
Дернәсілдер үлкен қандалаларға ұқсайды, тек кішілеу және қанатсыз болады.
Үлкен қандаламен дернәсілдер жапырақтың терісін тесіп сөлін алады. Гүл жаратын өркіндердің зақымдану салдарынан генеративтік мүшелері шашылып қалады, ал пайда болған бұршаққындардағы дәндер солғын болады. Қатты зақымдалған жапырақтар бірден сарғайып, құрап қалады ал жас өсімдіктер өліп қалуы мүмкін.
Қандалалар түскен жапырақтардың айында, орман шетінде, көшет жайлар мен бақтарда ағаштардың түбінде қыстайды.
Ерте көктемде олар қыстаған орындарынан шығып, бастап қыда арамшөптерде, кейін айқыш гүлді дақылдарда көректенеді (қырыққабат, шомыр,шалқан).
Ұрғашылар жұмыртқаларын жапырақтармен және сабақтардың үстінде салады: әр бір қоймада екі қаторға орналасқан 6 дана, екі реттен 12 дана
болады. әр түрлі түрлерінде өсімталдығы 30- дан -30 ге дейін жұмыртқадан толады 3-10 куүнің ішінде жұмыртқалардан дернәсілдер шығады, 25-60 күн ішінде 5 жастан өтір үлкен дараққа айналады. Қазақстаның сол түстігінде қандалалар бір ұрпак берсе, оңтүстігінде 2-3 ұрпактан береді.
Экономикалық зияндылық келтіру шегі – бір өсімдікке 0,2 қандала болады, 1 м2 - 1-2 қандала.
Шалқанның ақ көбелегі Pieris rapae L. Қазақстанның барлық жерлеріне кең таралып зиян келтіреді. Айқыш гүлділердің дақылдарын зақымдайды. Қырыққабаттың ақ көбелегіне ұқсас, бірак одан гөрі кішірек, қанаттардың өрісі 40-50 мм. Ұрғашы көбелектердің алдыңғы қанаттарында екі-екіден, еркектерінде бір-бірден қара дақ болады.
Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауыптілеріне мынадай көпқоректі зиянкестер жатады: шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштылар (ұлулар). Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қаттықанаттылар, қабыршаққанаттылар, теңқанаттылар, жартылайқаттықанаттылар, қосқанаттылар мен трипстердің түрлері жатады.
Сәбіз шыбыны - Psila rosae L. (Dipteraтобы,Psilidaeтуыстасы). Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара үшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5мм.
Дернәсілдері жіңішке, жылтыр, қоңыр-сары түсті. Денесінің ұзындығы 7мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пілләларда, кейде көкөніс қоймаларында тамыр-жемістерде қыстайды.
Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер туыстасына жататын өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Аналық шыбын ұшып шыққан соң көп кешікпей жұмыртқа салуға кіріседі. Жұмыртқаларын 10 данадан және одан да көп мөлшерде топыраққа қоректік өсімдіктердің түбіне жақын жерге салады. Арада 4-17 күн өткен соң дернәсілдер жұмыртқадан шығып тамыр- жемістің ішкі етті бөлігімен қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары қызғылт түске боялады, ал дернәсілдер көп болғанда жапырақтар тез сарғайып қурап қалады. Дернәсілдің өсіп-жетілу мерзімі 20-25 күн. Бұдан кейін дернәсілдер топырақта қуыршақтанады да, 15-20 күннен кейін шыбынның екінші ұрпағы ұшып шығады. Олармен зақымданған сәбіз ащы, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Сақтау кезінде тез бұзылады. Сәбіз шыбыны бір жылда 1-2 ұрпақ береді.
Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң әр қайсысы
10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4-тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады.
Пияз шыбыны Delia antiqua. Екіқанаттылар тобы, гүлшыбындары туыстасына жатады. Пияз шыбыны, пияз егілген жерлерде болады. Сырт пішіні қырыққабат шыбынына ұқсас, тек ірілеу. Түсі сарғышсұр, ұзындығы 6-7 мм.
Жұмыртқалары ақ түсті, ұзындығы 1,0-1,1 мм. Дернәсілдері ақ түсті ұзындығы 10 мм денесінің алдынғы жағы жеңішкелеу артқы жағында тіс тәрізді өсінділер болады, олардың ортаңғы төргеуі жақсы көренеді. Денесінің соңғы сегментінде қиғаш кесілген орта жағында 2 сары пластинасы бар сол пластиналарда 3 тыныс тесікшелері бар.
Шыбынның жалған пілләсі сарғыштау қоңыр, сопақша, жұмыртқа пішінді, дернәсілдердің аяқ жағында кіндей төмпекшіктер орналасқан.
Қуыршақтары топырақ арасында жалған пілләдардың ішінде қыстайды. Ауа райы жағдайларына байланысты шыбындар сәуірдің аяғы мамырдың басында ұшып шығады, бұл қезең бақ-бақ, шие өсімдіктерінің гүлденуіне тура келеді. Қанаттанған соң көп ұзамай шағылысуы басталады, жұмыртқаларын көбінесе пияз көгіне жекелеп немесе топтап 5-12 –ден пиязшықтарға, жапырақтарға, өсімдіктің жанындағы топыраққа салады.
Даму кезеңі 3-8 күнге созылады. Дернәсілдер туылған мезетте пиязшықтардың шырынды жағына енеді көбіне түбінен. Бір туылған дернәсілдер бірге болады, жалпы қуысты зақымдай бастайды. Қатты залалған жағдайда бір пиязда, әр түрлі аналықтардан туылған жұмыртқалардан шыққан 50 дернәсілден болуы мүмкін. Дернәсілдермен зақымдалған пиязшалар шіри бастайды, әсіресе ылғалды суық ауа- райында. Жапырақтары солып, жеңіл жұлынады. Дернәсілдер 3 рет түлейді, шыбындардың көктемгі жалған пілләсі 2-3 аптада дамиды. Қуыршақтардың 2 ұрпағы қыстауға қалады. Қуыршақтардың 1 ұрпағы пиязда маусым айында зиян келтіреді. Ең қатты зияндылық шілденің аяғында білінеді.
Шыбындар 2 ұрпақ береді, тек ауа-райының қолайлы жағдайына байланысты 3 ұрпақ береді. Дамып болған соң, жұмыртқа салуға топыраққа кетеді.
Пияздың ызылдақ шыбыны Euremus strigatus Fall. Екіқанаттылар тобы, ызылдақтар туыстасына жатады. Пияздың ызылдақ шыбыны пияз егілетін барлық жерлерде кездеседі. Пияздың ызылдақ шабынының сыртқы түрі сонаға ұқсас, сонадан аздап ажыратылады.
Шыбынның ұзындығы 6,5-9 мм, жасылдау қола түсті, денесі цилиндрге ұқсас. Құрсағының бүйір жақтарында жарты ай тәрізді үш ақшыл дақ орналасқан. Жұмыртқасы ақ түсті, сопақша, ұзындығы 0,8 мм. Дернәсілдері түсі сұрғылт сары, бауыр жағы жалпақ, ұзындығы 10-11 мм-ге дейін жетеді. Денесінің арт жағында қосқалқылары бар. Олардың 3 жұп етті өсінді түрінде, ал жалған біреуі қоңыр түтікше түрінде болады. Дене сегменттерінің жиектерінде үлкейткіш әйнекпен жақсы көрінетін ұсақ тікенектер орналасқан. Жалған пілләның түсі сұрғылт, ұзындығы 6 мм, дернәсіл денесінің арт жағында болатын қосалқылар мұнда да болады.
Ызылдақ шыбынының дернәсілдері көбінесе пияз шыбынымен зақымдалған пиязшықтарда кездесіп, сонда қоректенеді. Олар кейде қоймалардағы пиязшықтың ішінде қыстайды. Бұл зиянкестің пияз шыбыны сияқты жалған піллә күйінде қыстауы серек кездеседі. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында, ауаның орташа тәуліктік температурасы 18 0 С-қа жеткен кезде байқалады. Олардың ұрғашылары жұмыртқаларын топтап пиязшықтарға және соларға таяу жерге салады.
Жұмыртқаларының дамуы 5-10 күнге созылады. Бірінші дернәсілдер тұқымдықтарда мамырдың соңында пайда болады. Көктемгі ұрпағының дернәсілдерінің жаппай туылуы маусымның басында байқалады және шілденің ортасында туылып бітеді. Дернәсілдерінің дамуы 17 күннен 25 күнге, жалған пілләларының дамуы 10 күннен 15 күнге созылады. Дернәсілдер пиязшық мойны мен пиязшықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды.Одан кейін пиязшық түгелдей шіріді де, едәуір. Зақымдануы нәтижесінде қара шіріген массаға айналады.Жалған пілләлары және дернәсілдердің екінші ұрпағы қыстайды.
Экономикалық зияндылық келтіру шегі саны энтомологиялық аулағыш қақпатормен 10 рет сермеу кезінде 5-8 шыбын түссе, 3 жұмыртқа өсімдікте, өсімдіктің зақымдану дәрежесі 25% -ды құрайды, өсімдікке 5-10 дернәсіл.
Бақылау сұрақтары
Капуста тұымдастардың зиянкестері, олардың жүйелі орындарын атап көрсет.
Капуста тұымдастардың дақылдардың жапырақ кеміргіш зиянкестерінің зияндылық шегін атаңыз.
Капуста тұымдастардың дақылдардың өнуі үшін қандай зиянкестер қауіпті?
Капуста тұымдастардың дақылдардың зиянкестерінің қыстау кезеңін және қыстайтын орындарын атап көрсет.
Қандай көп қоректі зиянкестер көкөніс дақылдарына зиян келтіреді?
Қандай арнаулы зиянкестер көкөніс дақылдарын зақымдайды?