Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады



Дата14.12.2021
өлшемі14,14 Kb.
#127009
Байланысты:
алеумет 12 апта
Батыс философиясындағы адам мәселесі, khir bolezni iga s, алеумет 12 апта, док мед тест сурак, Тема 2 научный проект, кмж,11гб-сын,алгебра,3-ток — копия, Ñáîðíèê ïî ïðåäìåòó «Ðóññêèé ÿçûê è ëèòåðàòóðà» 2, Тесты РК №1 (50) 2, учебно-метод. пособие, Влияние языка современных СМИ на речь молодежи, «?àçà?ñòàí òàðèõû» ï?í³íåí òî?ñàíäû? æèûíòû? áà?àëàó, значение имени диана - Поиск в Google, материаловедение, Семинар сабақтың жоспары мен әдістемелік нұсқаулары

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады. 

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретіндеэкономиканың өзалдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық жүйеде- өндіріс-бөлу-айырбастау-тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: “Сұраныс және ұсыныс”. Нарық дегеніміз, тар мағынада- азық-түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Таурларды ұсыну жіне оған деген төлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс (воспроизводство) теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып, өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді. 



Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процес, яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастушы, стаушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері-инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсеңділігі, шаруа қорлығы, т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтіп, сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады. 

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлері, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсеңділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінің де зерттейдң.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет