Өсімдік карантиніндегі зерттеу әдістері Зертханалық әдісарнайы жабдықталған карантинді зертханаларда жүргізіледі және келесі міндеттер арқылы орындалады:
- импорттық және отандық карантинді жадығаттардың сараптама үлгісі;
- жұмыс жүргізілетін алаңның карантинді жағдайын білу;
-карантинді іс-шаралардың жүргізілуіне әдістемелік көмек көрсету;
Вегетациялық әдіс интродукция-карантиндік көшеттіктер мен жылыжаларда зерттеуде мына мақсаттар арқылы жүргізіледі:
- жасырын карантинді залалдану, аса қауіпті зиянкестер немесе отырғызу және егінді себу жадығаттарының ауру қоздырғыштарын анықтау;
- сау өсімдік отырғызу және егінді себу жадығаттарының сау түрлерін шығару;
Танаптық әдіс арнайы сұрып қолданатын алқаптар мен қорытынды бақылау жүргізетін ауылшаруашылығы егістіктері үшін қолданылады. Олардың негізгі мәселелері:
- өсімдіктің карантиндік зиянкестерінің, ауру қоздырғыштарының және арамшөптердің таралу ошақтарын дер кезінде анықтау;
- осы ошақтарды оқшаулау және жою;
- зиянды карантиндік ағзаларға қарсы шаралар қолдану.
Карантинге жатқызылған ағзалармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде келесі ережелер сөзсіз сақталуы тиіс:
- зерттеу жүргізуге Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешені Мемлекеттік инспекциясы комитетінің (ҚР АШМ-нің МИК) арнайы рұқсаты керек;
- ғылыми мекемелер мен ұйымдар зерттеу жүргізілетін орын тұрғысында жергілікті өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциямен келісім жасайды;
- әрбір зерттеу үшін, зерттелгелі отырған карантиндік ағзалардың таралуын болдырмайтын алдын-алу шараларын орындау мен тәжірибе жүргізудің карантиндік талаптары дайындалады. Талаптарды ҚР АШМ МИК бекітеді;
- тәжірибе жүргізіліп жатқан орындарға зерттеуге қатысы жоқ адамдардың келіп-кетуіне тиым салынады;
- карантиндік талаптардың орындалуын тәжірибе қоярдың алдында, жүргізу кезінде және тәжірибе аяқталған соң өсімдік карантині жөніндегі жергілікті мемлекеттік орган тексереді. Әрбір тексерудің нәтижесі актімен рәсімделеді;
-карантинге жатқызылған материалдарды есепке алу үшін жауапты орындаушы арнайы журнал ашады;
- карантиндік ағзаларды олардың таралуына жол бермейтін бөлек ғимараттағы оқшау ыдыстарда ғана ұстауға рұқсат етіледі;
- халаттар, тағы басқа арнайы киімдер, шаруашылық құрал-жабдықтар, аспаптар және ыдыстарды зерттеу бойы, жұмыс жүргізуге рұқсат етілген орында ғана пайдаланылады;
- ауылшаруашылығы жабдықтары зерттеу аяқталған соң карантиндік талаптарда көрсетілген дәрілермен зарарсыздандырылады;
- бағалы биологиялық материал (оның ішінде бактерия, саңырауқұлақ), коллекциялар, гербарийлер, ауру және залалданған өсімдіктер тәжірибеден соң міндетті түрде мақсатты түрде ғана пайдаланылуы тиіс. Бұл үшін де өсімдік карантині бойынша жергілікті мемлекеттік орган өкілінің қатысуымен акт жасалады;
- карантиндік ағзалар жаппай тараған аймақта жүргізілетін зерттеулер, зиянды ағзаларды ол бұрын тіркелмеген жерлерге шығаруға және одан әрі тарауына жол бермейтін жалпы ережелерді сақтай отырып жүргізеді.