1. Оқытушы туралы мәліметтер


Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық



бет45/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының аумағына аса қауіпті адвентивті карантиндік зиянды бөжектердің, фитопатогенді микроағзалардың және қатерлі арамшөп тұқымының әкеліну және таралу мүмкіндігі өте зор. Карантинге жатқызылған өсімдік тектес өнімдердің едәуір бөлігінің шеттен әкелінуі, бір орталықтан жоспарлау мен мемлекеттік монополиядан сыртқы саудаға, нарықтық экономикаға өту елімізде карантиндік реттеу жүйесін түбірімен өзгертеді.
Қазақстан Республикасы Кедендік Одаққа кіруіне байланысты тіркелмеген карантиндік ағзалардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға да, сондай-ақ республика жерінде олардың ошақтарын жоюға және оқшаулауға да бағытталған карантиндік шаралар рөлі арта түсті.
Қазіргі кезде әлемнің барлық елінде де фитосанитарлық карантиндік бақылау бойынша нормативтік-құқықтық талаптар анықтап, ажырататын құжаттардың үш негізгі мәтіні бар. Бұл талаптар әрбір жеке алынған елде өсімдік карантині бойынша ұлттық ережелер немесе заңнамалар жасалынған іргелі ұстанымдар болып табылады.
Мұндай негізгі құжаттар:
Өсімдік қорғау жөніндегі халықаралық Конвенция (ОҚХК, 1951, 1979, 1997 жылдар);
Санитарлық және фитосанитарлық шаралар қолдану жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымдарының Келісімі (ДСҰ СФШК, 1994 ж.);
Өсімдік карантинінің халықаралық саудаға байланысты ұстанымдары (ФШХС №1, 1995);
Әрбір елдің жерін және өсімдік ресурстарын карантиндік зиянды ағзалардың әкелінуі мен таралуынан қорғау бірнеше ел – сауда серіктестері жұмыла кіріссе ғана табысты түрде іске асады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң БҰҰ-ның Азық-түлік (ФАО) және ауылшаруашылығы ұйымдары өсімдік қорғау жөніндегі Халықаралық Конвенцияның жобасын дайындады. Оған 1951 жылдың 6-желтоқсанында Римде қол қойылды. КӨҚЕҰ бұрын қабылданған (1881, 1889, 1929 жылдар) ескі келісімдерді ауыстырды. Бұрынғы КСРО 1956 жылдың 24-сәуіріндегі Конвенцияға қосылды. Конвенция мәтіні екі рет (ФАО конференциясының 20-сессиясында, 1979 ж. және оның 29-сессиясында, 1997 ж.) қаралды. Соңғы Конвенция дүниежүзілік сауда ұйымының санитарлық және фитосанитарлық шаралар қолдану туралы Келісімге қол қоюына орай шақырылды.
ФШХС туралы Келісімде дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер халықаралық саудаға әсер ететін санитарлық алдын-алу нормасын жасап, қабылдауда сақтауға міндетті ережелер анықталды. Келісім мақсаты-ақталмаған шектеулі сауданы жөнге келтіру, яғни сауданы қорғау, КӨҚЕҰ мақсаты – халықаралық сауда жүйесі бойынша карантиндік ағзалардың таралуын болдырмау.
1979 жылы КӨҚЕҰ Конвенциясының мәтіні қабылданды. Бұл Конвенцияға 1982 жылы бұрынғы КСРО қосылды. Ресей Федерациясы КСРО-ның мұрагері ретінде өзге 110 елмен бірге Конвенцияға қатысушы болып табылады.
1997 жылы Конвенция мәтіні қайта қаралып, КӨҚЕҰ -ның 13 қатысушысын қабылдады, бірақ ол әлі бекітілген жоқ. Өйткені оны қол қоятын елдің 2/3 бөлігі мақұлдауға тиіс болатын.
Конвенция халықаралық серіктестіктің түрлі формаларын қарасты­рады. Конвенцияның қызметі:
- халықаралық сауда кезінде карантиндік зиянды ағзалардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу;
- аса қауіпті зиянды ағзалармен жаппай күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
- әрбір елде Конвенцияны орындауға қызмет ететін келісілген нормативтік-құқықтық және техникалық шаралардың қабылдануы;
бірегей үлгідегі карантинге жатқызылған өнімдердің экспорты мен реэкспортына фитосанитарлық сертификаттар қолдану.
Конвенция әрбір мүше елге карантинге жатқызылған жүкті каран­тиндік тексеруге және залалданғандарын кідіртуге құқық береді.
Конвенция 23 баптан тұрады. Оның сегізінде халықаралық сауда жасау және тасымалдау кезінде карантиндік фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты маңызды жайттар сөз болады. Бәрінен бұрын олар ұлттық қызметтің атқаратын ісінің жалпы ережелері және негізгі қызметінің міндеттері жайында жазылған IV бап және карантинге жатқызылған өнімді фитосанитарлық сертификаттау жайлы жазылған V бап.
Конвенцияның қайта қаралған мәтінінде карантиндік фитосанитарлық нормативтер мен тәсілдемелік ұсыныстар негізіне жатуға тиіс маңызды принциптер бар. Конвенцияның негізгі талабы – ұлттық карантиндік фитосанитарлық ережелер ФАО бекіткен халықаралық әдістемелік ұсыныстарда немесе стандарттарда негізделуі тиіс. Бұл ұсыныстар Конвенцияға қатысатын елдер үшін міндетті. Күні бүгінге дейін осындай 10 әдістемелік басшылық немесе ФАО терминологиясы бойынша фитосанитарлық шама жөніндегі халықаралық стандарт қабылданды:
1 – өсімдік карантинінің халықаралық саудадағы принциптері;
2 – фитосанитарлық қауіп-қатерлерді талдау тәртіптері;
3 – биологиялық күрес экзотикалық агенттерін әкелу және шығару жөніндегі басшылық;
4 – карантиндік зиянды ағзалардан бос аймақтар жасау бойынша талаптар;
5 – фитосанитарлық терминдер сөздігі (глоссарий);
6 – карантиндік зиянды ағзалар табу үшін жүргізілетін зерттеулер жөніндегі басшылық;
7 – экспорттық сертификаттау жүйесі (фитосанитарлық сертификат беру тәртібі);
8 – жағырапиялық өңірде зиянды ағзалардың карантиндік статусын анықтау ережелері;
9 – карантиндік зиянды ағзалар ошақтарын жою жөніндегі әдістмелік басшылық;
10 – карантиндік зиянды ағзалардан бос, өндіру (өсіру) орындарын ұйымдастыру жөніндегі талаптар.
Тұтасымен алғанда өсімдік қорғау жөніндегі Халықаралық Конвенция қатысушы-елдер алдында ешқандай қаржылық міндеттеме алмайды және халықаралық саудаға мүмкіндік бере отырып, карантиндік фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін ғана шешеді. Конвенциядағы ең маңыздысы VІІ тармақ, онда әрбір қатысушы-елге карантиндік тексеруге жатқызылған өнімдер әкелуді регламенттеуді ұлттық мүдде тұрғысында іс жүзіне асырудың тәуелсіз құқығы белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет