Спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы ақпарат



Дата31.01.2018
өлшемі45,81 Kb.
#37129
28.10.2013 дейінгі жағдай

Спорт саласындағы

халықаралық ынтымақтастық туралы ақпарат
Қазіргі уақытта, спорт саласындағы ынтымақтастық Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Еуропа, ТМД мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастық және көптараптылық негізде ХОК, ЕО, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ИЫҰ халықаралық ұйымдарымен сонымен қатар, спорттың әр түрінен халықаралық спорт федерацияларымен жүзеге асырылуда.

Қазақстанның және басқа елдің спортшылары спорт түрлері бойынша халықаралық күнтізбе жоспарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысады, әртүрлі елдің аумағында өткізілетін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.




  1. Дене шынықтыру және спорт саласында Қазақстан Республикасында халықаралық келісімді қабылдау және іске асыру

Бүгінгі күні спорт саласындағы шарттар базасында Агенттік пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойылған және күшіне енген халықаралық 22 келісім бар.

2013 жылы 2 қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е. Ыдрысовтың Бразилия Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде Бразилиа қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Бразилия Федеративтік Республикасы Спорт министрлігімен Спорт саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қазіргі кезде, 13 халықаралық шарттың жобалары келісуден өтуде:


Үкіметаралық:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық.


Ведомствоаралық:

1) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Жастар істері жөніндегі бас кеңесі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

2) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Болгария Республикасы Дене шынықтыру және спорт министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

3) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Үндістан Республикасы Жастар қызметі және спорт министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасы;

4) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Корея Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

5) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Жапония Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

6) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Қатар Мемлекетінің Ұлттық олимпиадалық комитеті арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

7) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Куба Республикасы Спорт, дене шынықтыру және демалыс ұлттық институты арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

8) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Түркия Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

9) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Таиланд Корольдігі Туризм және спорт министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

10) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы;

11) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жастар, спорт және туризм істері жөніндегі комитет арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы.





  1. Шетел мемлекеттерімен бірлескен Үкіметаралық комиссиялар және олардың кіші комиссияларының қазақстандық бөлігіндегі жұмыс

Қазіргі таңда, дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық 19 Үкіметаралық комиссиялардың шеңберінде келесі мемлекеттермен жүзеге асырылуда: Армения, Әзірбайжан, БАӘ, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Индонезия, Иран, Корея, Қатар, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Пәкістан, Польша, Словения, Таиланд, Тәжікстан, Украина, Үндістан, Ұлыбритания, Швейцария.


3. Халықаралық ұйымдар қызметінің шеңберіндегі ынтымақтастық
ЮНЕСКО

Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасын дамыту және сақтау тұжырымдамасына түрік әлемінің материалдық емес мәдени мұрасының тізілімдер тізбесіне «Қазақша күресті» және «тоғызқұмалақты» қосу туралы ұсыныстар енгізілді.


ЕО

Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақастық және кеңейтілген әріптестік туралы келіссөздердің 4-ші раундына Агенттік Қазақстан Республикасында спортты дамыту үшін «Ынтымақтастықтың басқа да бағыттары» бөліміне «Тараптар барлық санаттағы және топтағы тұрғындардың дене шынықтыру мен спорт саласында халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыруға ынтымақтастықты алға жылжыту, спорттын әлуметтік міндететін және білімдік құндылығын демеу және спорттағы қауіп-қатерлермен, оның ішінде допингпен, зорлықпен, нәсілшілікпен күресу. Сонымен қатар, алдыңғы тәжірибемен және ақпартпен алмасу ынтымақтастығы» ұсыныстар енгізді.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген келісім бойынша гранттар алуға, ТМД техникалық көмек бағдарламасы үлгісінде дене шынықтыру, спорт және спортық медицинаны дамыту үшін техникалық көмек алу мүмкіндігі туралы қызығушылық танытты.

ТМД

2013 жылы 12 маусымда Астана қаласында Агенттік ТМД қатысушы-мемлекеттерің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім қатысушыларының дене шынықтыру және спорт бойынша кеңесін өткізді.


ХОК

Халықаралық Олимпиада комитетінің талабына сәйкес Агенттік пен Ұлттық Олимпиада комитеті бірігіп 2013 жылы 19 тамызда 2022 жылы Алматы қаласында 22 қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет