ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАРҒА АРНАЛҒАН
20 СҰРАҚ ПЕН ЖАУАП
2 ШЫҒАРЫЛЫМ: «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын қолдану туралы
Астана - 2014 ж.
УДК 2
ББК 86.2
Д 91
Жауапты редакторлар:
Е.С. Абдақасов, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары,
Б.К. Күлекеев, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
Конфессияаралық қатынастар департаментінің директоры
Д 91
Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ пен жауап: / Құраст. Ә.Т. Жуанышпаева. 2 шығарылым: «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңын қолдану туралы Астана: ҚР ДІА, 2014. – 16 б.
Аталған басылымда діни саланың түрлі аспекттерін қамтитін өзекті және Агенттікке жиі келіп түсетін сұрақтарға жауаптар ұсынылған.
Жинақ дін саласындағы зайырлы мемлекеттің саясатымен және дінмен қызығушы оқырмандардың кең аудиториясына арналған.
ISBN 978 – 601 -7028 -88-6
УДК 2
ББК 86.2
ISBN 978 – 601 -7028 -88-6
© ҚР Дін істері агенттігі, 2014
Мазмұны
1. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қандай актілерге негізделеді?....................………...
|
5
|
2. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қандай жаңалық бар?..........................................
|
5
|
3. Қазақстанда діни бірлестік құруға кім құқылы?……................................…..
|
6
|
4. Діни бірлестіктердің басқа коммерциялық емес ұйымдардан қандай айырмашылығы бар? .........................................................................………….
|
6
|
5. Қоғамдық бірлестіктер немесе коммерциялық емес ұйымдар діни қызметті жүзеге асыра алады ма?…...............………………............................
|
7
|
6. Діни бірлестік жарғысының мазмұнына қатысты заңнамамен қандай талаптар міндетті болып табылады?………................................……………...
|
7
|
7. Құрылып жатқан діни бірлестіктің бастамашы азаматтар тізімі қандай нысанда ұсынылады?.......................................……………………………….…..
|
9
|
8. Діни бірлестік барлық бастамашы азаматтармен қол қойылған оның құрылуы туралы бірден шешім шыққан соң діни қызметшіні тағайындай және құдайға құлшылықты өткізе алады ма?.........…………………….....….…
|
9
|
9. Қай мемлекеттік орган өңірлік діни бірлестіктер мен олардың филиалдарын тіркейді?........................................................................……......
|
10
|
10. Миссионер деген кім? ..................................................................................
|
10
|
11. Діни қызметші деген кім?……......................................……………….……..
|
11
|
12. Ғибадат үйлерінен (ғимараттардан) тыс діни тақырыбына сөйлесу, сұхбаттасу миссионерлік қызмет болып табылады ма?.…….........………..…
|
11
|
13. Ғибадат үйінде тұрақты тұруға болады ма?..................….......………..….
|
11
|
14. Мемлекеттік мекемелердің немесе ұйымдардың үймереттерінде құдайға құлшылық ету, діни жоралар (намаз) жүргізіле алады ма?……..…..
|
12
|
15. Какие Ғибадат үйдің (ғимараты) жұмыс істеуі үшін қандай рұқсат құжаттарын алу қажет?......…………...................................................…..…….
|
12
|
16. Діни іс-шараларды Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген орындардан басқа қайда жүргізуге болады?................................……........….
|
13
|
17. «Дiни әдебиет» және «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» дегеніміз не?.........................…………….....................................………………..
|
14
|
18. Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни әдебиеттерді әкеле алады ма?......................................…….………………....
|
14
|
19. Діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, соның ішінде діни әдебиетті кез келген кітап дүкенінде таратуға болады ма?.....................….
|
15
|
20. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарында діни киімдерді киюге тыйым сала алады ма?................................................…..….
|
16
|
1. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қандай актілерге негізделеді?
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабы (Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.), 5,14 баптар (Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды), 19 бабы (Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.), 22 бабы (Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс)
Сонымен қатар, Заңды жасау барысында келесідей халықаралық актілер ескрілген: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактi (1966), Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісі(1975), Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңеске қатысушы-мемлекеттер өкiлдерiнің Вена кездесуi Қорытынды құжаты (1986), Адам өлшемi жөнiндегi Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңес конференциясының Копенгаген мәжiлiсiнiң құжаты(1990) және т.б.
2. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қандай жаңалық бар?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен түсінік беру аппараты кеңейтілген. Атап айтқанда, келесі түсініктер енгізілген: «діни қызмет», «діни қызметші», «діни бірлестік», сонымен қатар келесі түсініктер қайта қаралған: «миссионерлік қызмет», «уәкілетті орган».
Бар түсініктерге жаңа анықтамалар мен өзгерістерді айналымға енгізу дін саласындағы субьектілер қызметін толық реттеумен байланысты.
Сонымен, осы Заңмен діни бірлестіктерді құру тәртібі (діни бірлестіктерді және т.б. құру бамтамашылары мен атауларына мәртебе, белгілер, талаптар анықталған), діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеудің тәртібі айқындалған (тіркеуді тоқтату негіздері мен мерзімдері, тіркеуден бас тарту негіздері,бастамашы азаматтардың тізімін тексеру процедурасы енгізілді), дінтану сараптамасының негізгі ережелері белгіленді (сараптама өткізудің объектілері, субъектілері және негіздері), діни жораларды өткізу және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды тарату бойынша талаптар нақтыланды (сонымен қатар діни әдебиеттердің де), діни мақсаттағы заттарды, сонымен қатар миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу процедурасыда қайта қаралған.
3. Қазақстанда діни бірлестік құруға кім құқылы?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес, діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз ері бойынша жеке түрде қатысады.
Яғни, Қазақстан Республикасының аумағында діни бірлестіктерді тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары ғана құра алады.
4. Діни бірлестіктердің басқа коммерциялық емес ұйымдардан қандай айырмашылығы бар?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1 бабы 4) тармақшасына сәйкес діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі.
Басқа коммерциялық емес ұйымдарға қарағанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 2 тармағына сәйкес діни бірлестіктің мынадай айрықша белгілері бар:
1) ортақ діни ілімі;
2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;
3) өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын дінге тәрбиелеу;
4) қызметінің діни бағыты.
5. Қоғамдық бірлестіктер немесе коммерциялық емес ұйымдар діни қызметті жүзеге асыра алады ма?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13 бабының 4 тармағына сәйкес діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Осыған байланысты діни қызметпен тек діни бірлестік немесе діни білім беру ұйымдары айналыса алады.
6. Діни бірлестік жарғысының мазмұнына қатысты заңнамамен қандай талаптар міндетті болып табылады?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 бабына сәйкес жарғының ішінде:
1) атауы, қызметінің мәні мен мақсаттары;
2) орналасқан жерi және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумақ;
3) құрылымы, басқару органдарын қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыреті;
4) қатысушыларының (мүшелерінің) құқықтары мен мiндеттерi;
5) ұстанатын діні, діни ілімінің негіздері және осы ілімге сәйкес келетін діни қызметі туралы мәліметтер;
6) діни бірлестіктің мүшесі етіп қабылдаудың және одан шығудың шарттары мен тәртібі;
7) мүлікті қалыптастыру көздері;
8) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
9) қызметін қайта ұйымдастыру және оны тоқтату шарттары;
10) таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі;
11) филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер болуға тиіс.
Дiни бiрлестiктiң жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер болуы мүмкін.
«Мүлікті құрау көздері» тарауын құрастыру кезінде «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабын басшылыққа алу қажет. Осы орайда, заңнамалық актілерге сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың ақшалай және басқа да нысандарда мүлікті құрау көздері мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
«Құрылымы, құру тәртібі және басқару органдарының өкілеттігі» атты тарауды құрастыру кезінде «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39 бабына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, құрылтай құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) - коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) - коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);
4) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.
Осы баптың 2 тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органының ерекше құзыретiне:
1) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн айқындау;
4) атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
5) заң актiлерiнде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.
Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен осы ұйым қызметiнiң басқа да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.
7. Құрылып жатқан діни бірлестіктің бастамашы азаматтар тізімі қандай нысанда ұсынылады?
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі №112 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулығымен (11-қосымшаға) бекітілген діни бірлестіктерді құратын бастамашы - азаматтар тізімі нысанда ұсынылады.
Аталған нысанда діни бірлестіктің атауы, азаматтар туралы ақпарат(Тегі, аты, әкесінің аты, туылған күні, айы және жылы, жеке куәлік құжатты туралы мәлімет, тұрғылықты мекен-жайы, өз қолы) көрсетіледі.
8. Діни бірлестік барлық бастамашы азаматтармен қол қойылған оның құрылуы туралы бірден шешім шыққан соң діни қызметшіні тағайындай және құдайға құлшылықты өткізе алады ма?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес дiни бiрлестiк оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқық қабiлеттілігiне ие болады.
Діни бірлестік өзінің қызметін, атап айтқанда құдайға құлшылық етуді өткізуді, діни қызметшіні тағайындауды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін жүзеге асыра алады.
9. Қай мемлекеттік орган өңірлік діни бірлестіктер мен олардың филиалдарын тіркейді?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15 бабының 2 тармағына сәйкес, республикалық және өңірлік дiни бiрлестiктерді мемлекеттік тіркеу Әділет министрлігімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі №112 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулығының 4 тармағына сәйкес республикалық және өңірлік мәртебесі бар діни бірлестіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу, қайта тіркеу және республикалық және өңірлік мәртебесі бар діни бірлестіктерд тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
Нұсқаулықтың көрсетілген тармағына сәйкес, тиісті облыс пен Астана және Алматы қалаларының қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу және есептен шығару облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет Департаменттерімен жүзеге асырылады.
10. Миссионер деген кім?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 5)-тармақшасына сәйкес миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі.
Осылайша, миссинерлер болып, Қазақстан Республикасында тіркелген, Қазақстан Республикасы аумағында діни бірлестіктер атынан діни ілімді тарататын Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар танылады.
11. Діни қызметші деген кім?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1 - бабының 3)-тармақшасына сәйкес діни қызметші – діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам.
Осы нормадан шыға келе, діни бірлестіктер діни қызметшіні рухани, уағыздаушылық қызметін жүргізу үшін тағайындайтындығын, бұл ретте тағайындау және жұмыстан босату Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес, еңбек шартын жасасу немесе бұзу арқылы және діни бірлестіктің тиісті бұйрығын шығару немесе басқа заңды негіздер арқылы жүзеге асырылады.
12. Ғибадат үйлерінен (ғимараттардан) тыс діни тақырыбына сөйлесу, сұхбаттасу миссионерлік қызмет болып табылады ма?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1- бабына сәйкес миссионерлік қызмет, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі болып табылады.
Діни сенімді тарату дегеніміз кез келген бір дін туралы белгілі бір мәліметті жеткізуді ғана емес, сондай-ақ сұхбат құрушыны діни бірлестіктің қызметіне тартуды, діни сенімге деген қызығушылығын оятуды мақсат тұтатын қарым-қатынастың мақсатқа бағытталған актісі болып табылады.
Яғни, басқаша айтқанда аталмыш мақсаттарға бағытталған әрекеттер миссионерлік қызметке жатады, ал діни сенімді таратуды етпейтін дін туралы әңгіме, сұхбат құру миссионерлік қызметке жатпайды.
13. Ғибадат үйінде тұрақты тұруға болады ма?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабына сәйкес ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын.
Ал «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабы 28)-тармақшасына сәйкес тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), тұрғын жай болып табылады.
Осыған орай ғибадат үйі тұрақты тұру үшін арналмаған.
14. Мемлекеттік мекемелердің немесе ұйымдардың үймереттерінде құдайға құлшылық ету, діни жоралар (намаз) жүргізіле алады ма?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ғимараттарында жүзеге асыруға жол берілмейді.
Осылайша құдайға құлшылық етуді, діни жораларды жүргізу мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ғимараттарында жүзеге асыруға жол берілмейді.
15. Ғибадат үйдің (ғимараты) жұмыс істеуі үшін қандай рұқсат құжаттарын алу қажет?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 8)-тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды.
Аталған шешімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген тәртіпте беріледі.
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы шешім Жер кодексімен және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамамен белгіленген реттерде, ғибадат үйін салу үшін жер учаскесін беру/ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және үй салу «қайта бейімдеу» туралы тиісті жергілікті атқарушы органға жүгінуге негіз болып табылады.
Сонымен, ғибадат үйі (ғимараты) келесі құжаттардың бар кезінде қызмет жасай алады:
1. ғибадат үйлерін салу немесе үйлерді ғибадат үйлеріне қайта бейімдеу туралы шешім;
2. ғибадат үйлерін салу үшін жер учаскесін беру немесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім. Осы шешімді алған сон сәйкестендіру номері беріледі (немесе оған өзгерістер енгізіледі);
3. үй салу немесе үйді қайта бейімдеу туралы шешім.
16. Діни іс-шараларды Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген орындардан басқа қайда жүргізуге болады?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8)-тармақшасына сәйкес құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Аталған нормаға және Заңның 5-бабына сүйене отырып, басқа жағдайларда (салт жоралардың емес) және басқа орындарда діни іс-шараларды өткізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіпте облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісілген, діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларда ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс үй-жайларда өткізуге болады.
Егер бір жолғы және ұжымдық сипаттағы діни іс-шараны ашық жерлерде өткізу (ғимараттан тыс) жоспарланса, онда осындай іс-шаралар өткізуді «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте, сонымен қатар тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келісу қажет.
17. «Дiни әдебиет» және «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» дегеніміз не?
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығымен бекітілген Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын анықтау бойынша нұсқаулығына сәйкес діни әдебиет – діни мазмұнға ие (теологиялық, діни-каноникалық, ритуалдық-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) және тұрғындардың діни және рухани-діни ұстанымдарынан туындайтын өзге де әлеуметтік мәні бар сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған баспа немесе электрондық өнім (кітаптары, брошюралар) болып табылады. Діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни мазмұндағы ақпаратты қамтитын, діни әдебиетке жатпайтын баспа түріндегі немесе электрондық өнім.
Аталған ұғымдарға сүйене отырып, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарға келесі баспа түріндегі немесе электрондық материалдар жатады:
- діни мазмұндағы ақпараттық бюллетендер, діни уағыздар, құдай ілімі туралы сөз сөйлеу, діни-канондық мәтіндерге түсініктеме, діни лекциялар және діни білім беруге арналған сөз сөйлеу мәтіндік материалдары және жинақтары;
- діни бірлестіктермен өткізілетін және теологиялық тақырыпқа арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер және конференциялар материалдары;
- діни мазмұндағы мәтіндері бар үндеухаттар, буклеттер;
- діни ілім мәтіндері, діни сипаттағы цитаталары бар діни күнтізбелер.
Діни әдебиетке, діни мазмұны (теологиялық, діни-канондық, ритуалды-мистикалық, әлеуметтік-теологиялық) бар кітаптар, баспа немесе электрондық түріндегі брошюралар жатады.
18. Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни әдебиеттерді әкеле алады ма?
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналғандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелуді тіркелген діни бірлестіктер ғана дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жүзеге асырады.
Заңның осы нормасынан шыға келе, жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, сонын ішінде діни әдебиеттерді, тек қана Қазақстан Республикасында тіркелген, әкелінетін тауарларға дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған діни бірлестіктер ғана әкеле алады.
Бұл ретте, «жеке пайдалануға арналған» тұжырымы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіның 4 бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлар – кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге де тәсілмен өткізілетін жеке адамдардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтарына арналған тауарлары.
19. Діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, соның ішінде діни әдебиетті кез келген кітап дүкенінде таратуға болады ма?
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), рухани діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.
Бұл ретте арнайы белгіленген үй жайлар сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар тұрақты ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі
Мұндай үй-жайлардың орналасу орындары тиісті мемлекеттік қызмет стандартымен белгіленген реттерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісілуі қажет.
20. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарында діни киімдерді киюге тыйым сала алады ма?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабы 4-тармағына сәйкес діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43- бабына сәйкес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабының 15-1-тармағына сәйкес білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті.
Осыған орай, көрсетілген нормалардан шыға, білім беру ұйымы оқушыларға міндетті болып табылатын киім үлгісін ішкі құжаттармен, сонын ішінде жарғылармен дербес бекіте алады.
Достарыңызбен бөлісу: |