Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы
Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы синдромы деп плевра жапырақшаларының зақымдануы немесе организмдегі су - электролиттердің алмасуының жалпы бұзылыстары нәтижесінде плевра қуысында сұйықтық жиналғандықтан пайда болған клинико рентгенологиялық және лабораториялық симптомдар жиынтығын атаймыз . Плевра қуысында 5-6 литрге дейін сұйықтық жиналуы мүмкін . Егер сұйықтың көлемі 100 мл - ден аспаса , ол клиникалық әдістер арқылы анықталмайды , 100 мл - ден артық сұйықтық рентге нограммада көрінеді , әсіресе лапароскопия жасағанда . Алдымен сұйықтық диафрагма үстінен анықталады , кейін қабырғалық - диаф рагмалды синуста жиналады , бұл кезде 1500 мл - ге дейін сұйықтық жиналуы мүмкін . Плевралды сұйықтық көп жиналса , ол тыныс алу мен қан айналу қызметтерін нашарлатады .
Плевраның қабынулық және реактивтік үдерістері кезінде экс судат түзіледі . Плевриттер басым көпшілік жағдайда біріншілік ауру емес . Олар өкпенің , кеуде клеткасының , аралықтың , диафрагма ның , диафрагма асты кеңістігінің зақымдануында жүйелі аурулар дың асқынуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін . Экссудаттар жиі сірлі немесе сірлі - іріңді ( пневмониялар , өкпе туберкулезі ) , іріңді ( өкпе гангренасында ) , геморрагиялық ( қатерлі ісік , өкпе инфаркты ) , Хилезді ( көкіректік тармақ ісікпен немесе үлкейтен лимфа бездерімен қысылу әсерінен лимфаның іркілуі ) болады .
Жалқық ( экссудат ) арқылы сәуле өтсе жылтырайды ( опалесцен ция ) , тұрғанда ұйып қалады , салыстырмалы тығыздығы 1015 - тен артық , белоктың құрамы 30 г - л . асады , кейде 50 г - л - ге жетіп қалады , лейкоциттер саны микроскопиялық қарау аймағында 15 - тен арта ды , Ривальт сынамасы оң болады , яғни жалқықта арнайы белок серозомуцин анықталады .
Ісіну сұйықтығы ( трансудат ) - өкпе қабы қуысында қабыну сыз пайда болған сұйықтық , ол организмдегі су - электролиттер алмасуының бұзылуы әсерінен жиналады . Ісіну сұйықтығы капил лярлар ішіндегі плазманың коллойдты осмотикалық қысымының гидростатикалық қысымынан төмен болуына әкелетін патология лық үдерістерден пайда болады . Ол белогы аз сұйықтық , капилляр лар қабаты өзгермеген , сол арқылы плевра қуысына кіріп жинала ды . Оның түсі ашық сарғыштан ашық жасылға дейін болуы мүмкін , кейде ол геморрагиялық болады . Ісіну сұйықтығы мөлдір , тұрғанда ұйымайды , реакциясы сілтілі , ішіндегі белок 30 г - л - ден аздау , оның салыстырмалы тығыздығы 1015 - тен төмен , Ривальт бойынша сына ма теріс , тұнбасындағы клеткалар аз болады . Плевра қуысында ісіну сұйықтығының жиналуын гидроторакс дейді .
Достарыңызбен бөлісу: |