1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру


Клапанды аппараттың бұзылу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет2/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия
!16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, !16-ОШ ФО Қазақ әдебиеті 8кл, .., .., Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы, рефрат 11 дене шын Ілесбек Сымбат ППМ-811, Латын -қазақ термин сөздік, ИАП-сессия, psihol-ped pr bagd
2. Клапанды аппараттың бұзылу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру.

Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігі
Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігі ( insufficientia valvulae mitralis ) . Сол жақ қарыншаның жиырылған ( систола ) кезінде сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік екі жармалы қақпақшамен толық жабылмайды , сол кезде қарыншадан жүрекшеге қан кері ( ре гургитация ) қайтады . Екі жармалы жетіспеушілік органикалық , функ ционалдық және салыстырмалы болып бөлінеді . Органикалық жетіс пеушілігі көбінесе ревматикалық эндокардит ауруында пайда бола ды . Бұның әсерінен екі жармалы қақпақшада дәнекер тіннің жетілуі болады , кейіннен солып , жиырылып , қақпақшаның және оған ба ғытталған сіңірлік жіпшелердің қысқаруына әкеліп соғады . Осы ның нәтижесінде , қарыншаның жиырылу кезінде қақпақшаның жиектері толық түйіспейді , саңылау пайда болады , ал бүдан қарын ша жиырылған кезде қанның біраз мөлшері қайта кері сол жақ жүрек шеге қарай ағады ( түседі ) . Салыстырмалы жетіспеушілігі кезінде екі жармалы қақпақша өзгермеген , бірақ сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік кеңей геннің әсерінен қақпақша оны тығыз толық жаба алмайды . Салыс тырмалы екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі миокардит кезіндегі сол жақ қарыншаның кеңеюі , миокард дистрофиясы , кар диосклероз , дөңгелек бұлшық еттердің талшықтарының әлсірегенінде ( ол атриовентрикулярлық тесік айналасында бұлшық еттiк сақина түзеді ) және капиллярлы бұлшық еттердің зақымдалуы кезінде байқалады . Функционалдық жетіспеушілігі қақпақшаның жабылуын қам тамасыз ететін бұлшық ет аппаратының қызметі бұзылғанда пайда болады .
Гемодинамика . Екі жармалы қақпақшаның дұрыс қабыспауы нан қарыншаның систоласы кезінде , біраз мөлшерде қан қайта жүрекшеге қарай кері ағады . Жүрекшенің қанға толуы , қанның кө бейгенінен жоғарылайды , себебі өкпелік көктамырдан келетін қалыпты қанмен қатар , сол жақ қарыншадан да қан келеді , сол жүрекшеде қысым артып , ол ең алдымен үлкейеді , содан кейін созылады сөйтіп сол жақ жүрекшенің іші кеңейеді . Диастола кезінде толып тұрған жүрекшеден сол қарыншаға қалыптан тыс көп қан барады , ол оның толуына және созылуына әсер етеді . Сол қарынша үлкен күшпен жұмыс істеуінің әсерінен сол қарыншаның гипертрофиясы пайда болады . Сол қарыншаның күшейген жүмысы үзақ уақыт екі жармалы қақпақшаның жетіс пеушілігін компенсациялайды ( 79 - сурет ) . Сол жақ қарыншаның миокардының жиырылуы әлсіреген кез де , онда диастолалық қысым артады , бұл өз кезегінде сол жүрекшенің қысымының жоғарылауына әкеліп соғады . Сол жүрекшедегі үлкен қысым өкпе веналары қысымының артуына әсер етеді , ал ол баро рецепторларды қоздырады және рефлекторлы түрде кіші қан айна лу шеңберінде артериялардың тарылуын тудырады ( Китаев рефлексі ) . Артериялардың түйілуі ( спазмы ) өкпе артериясындағы қысымды біршама жоғарылатады . Осыдан оң қарыншаға үлкен күш түседі , себебі қанды , өкпелік бағанаға айдауы үшін оған үлкен күшпен жиырылу керек . Сондықтан ұзаққа созылған екі жармалы жетіспеу шілік кезінде оң жақ қарынша да гипертрофияға ұшырайды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет