Қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігі
Қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігі ( қолқалық жетіс пеушілік — insuffiеntia valvulae aortae ) – бүл жүрек ақауында жарты айшық тәрізді жапқыштар қолқа саңылауын диастола кезінде жап пайды , осының зардабынан қолқадан қан кері сол жақ қарыншаға қайта ағады.Мүндай қолқа ақауы ревматикалық эндокардитте жиі , ал бактериалдық , мерездік аортитте , атеросклерозда сирек кездеседі / Ревматикалық эндокардиттегі қабыну үдерісі қақпақшаларды бүрістіріп қысқартады , ал мерездік атеросклероздағы патологиялық жағдай тек қолқаны ғана жарақаттандырады , оны кеңітіп қақпақша лардың жармасын тартады немесе тіннің дәнекерленуі қақпақшала рға тарап , оның пішінін өзгертеді . Ойық жаралы эндокардиттер сепсисте қақпақшаларды ыдыратып , тыртықтандырып , олардың Қысқаруына әкеп соғады .
Гемодинамика . Сол жақ қарыншаға диастола кезінде жүрекше ден келетін қан қолқадан да кері ағады . Осының зардабынан сол жақ қарынша қан мөлшерінің көбеюінен диастола кезінде керiледi . / Систола кезінде сол жақ қарыншаға үлкен күшпен жиырылудың қажетінен қанды қолқаға үлкен көлеммен айдауға мәжбүр етеді .
Қолқа қызметіндегі жетіспеушілікке өте бір тән белгі , ол артери алдық қан қысымының қолқадағы систола және диастола кезіндегі өзгерістердің болуы . Қалыпты жағдаймен салыстырғанда қан көлемінің систола кезіндегі көтерілуі , систоликалық қысымды жо ғарылатады , ал диастола кезінде қанның азын - аулақ көлемі кері қарыншаға қайта ағады , сондықтан диастолалық қысым жылдам төмендеп кетеді .
Достарыңызбен бөлісу: |