Клиникалық көрінісі . Көптеген науқастар белгісіз немесе екі жар малы қақпақшаның жетіспеушілігінде көптеген уақыт бойы еште ңеге шағымданбайды және сыртқы бет - әлпетін сау адамдардан ажы ратуға болмайды . Тек қана кіші қан айналымында іркілу пайда бол ғанда оларда мынадай белгілер : ентігу , жүрек қағысы , көгеру және т . б . пайда болады .
Пальпация жасағанда жүрек аймағында жүрек үшының түрткісі солға жылжуы байқалады , ал кей кездерде төмен қарай да жылжи ды ; соғуы – күшейген , резистентті болып келеді , бұл сол жақ қарын шаның гипертрофиясын көрсетеді .
Перкуссия жасағанда , сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекшенің үлкеюі нәтижесінде , жүректің шекаралары жоғарыға және солға қарай жылжуы байқалады . Бұл кезде жүрек екі жармалы конфигурацияға не жүрек мықыны жазық болып келеді , оң жақ қарыншаның Гитлер трофиясы кезінде жүректің шекаралары оңға қарай жылжиды .
Аускультация кезінде жүрек ұшында І дыбыстың бәсеңдеуінің себебі бұл ақауда қақпақшалардың жабылу кезеңі жоқ . Сол жерде систолалық шуыл естіледі , бұл екі жармалы қақпақшаның жетіс пеушілігінің негізгі белгісі болып есептеледі . Сол жақ қарыншалан сол жақ жүрекшеге систола кезінде қанның кері қайтуынан ( регур гитация ) пайда болады . Систолалық шуыл І дыбыспен қосылады . Кіші қан айналымында қан қысымының жоғарылауынан , өкпе баға насының түсынан П дыбыстың акценті пайда болады . Әр кезде өкпе қақпақшасы уақытында жабылмайды . Өкпе артериясының қан қысымының жоғарылауынан II дыбыс күшейе түседі . Аускультацияның мағлұматтары ФКГ арқылы дәлелденеді және анықталады . Теңгерілген екі жармалы жетіспеушілігінде пульс және артери алдық қан қысымы өзгермеген . Рентгенологиялық зерттеуде сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның үлкейгені байқалады , бүл осы ақауға тән белгі . Сонымен бірге бүл жүрек көлеңкесінің солга , жоғарыға , артқа үлкейгені арқылы көрінеді . Қан қысымының жоға рылауында кіші қан айналымда өкпе артериясының доғасының кеңейгені байқалады . ЭКГ - теріс типтік болады , Р- тістері үлкейген . Эхокардиография да сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекшенің қуыстарының кеңейгені екі жармалы қақпақшаның , оның жармаларының жан - жаққа қозғалысы көрінеді . Олардың қалыңдауы байқалады . Екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі ұзақ уақыт біркелкілі ақау болып қалады . Екі жармалы қақпақшаның жетіспеу шілігі ұзақ уақыт бойы сақталған жағдайда , сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның бүлшық етінің жиырылуының нашарлауы нан кіші қан айналымында веналық қанның іркілуі пайда болады . Одан әрі оң жақ қарынша жиырылу кезінде көп күшті қажет етеді , біртіндеп оң жақ қарыншада жиырылу қабілеті әлсіреуі және үлкен қан айналымда веналық іркілу пайда болуы мүмкін .