Жіті (жедел) коронарлы синдром клиникалық көрінісі.
Жедел коронарлы синдром ST тісшесінің төмендеуінсіз жүретін түрінде екі нозологиялық формаға бөлінеді. Олар тек симптомдардың айқын көрінуімен ғана ерекшеленеді десе де болады. Бұл екеуіне ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды және тұрақсыз стенокардия жатады.
ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды дегеніміз миокардтың жедел ишемиясы. Бұл кезде ауру ауырлығы және ұзақтығы оның миокардта некроз түзілуіне әсер ете алады.
Бастапқы ЭКГ де ST тісшесінің жоғарылауы байқалмайды. Көпшілік науқастарда сонымен қатар Q тісшесі де анықталмайды. Мұндай науқастарда Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі анықталады.
ST тісшесіндегі өзгеріссіз миокард инфарктісі тұрақсыз стенокардиядан тек қанда миакард некрозының маркерлері анықталуымен (концентрациясының жоғарылауымен) ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |