1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру


B12 - фолий қышқылы тапшылығымен білінетін анемия



бет15/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия

B12 - фолий қышқылы тапшылығымен білінетін анемия B12 - фолий қышқылы тапшылығы білінетін анемия ( Аддисон Бирмер анемиясы ) В12 витамині мен фолий қышқылының жеткіліксіз дігі нәтижесінде дамыған анемия . Осы тапшылық әсерінен эритропоэз клеткаларының қалыпты құрамына бөліну үдерісі бұзылып , сүйек миында үлкен көлемді клеткалар - мегалобласттар пайда болады .

Дені сау адамдардың асқазанында В12 - витамины гастромукопро теинмен бірігіп , тұрақты комплекс құрады . Ал ол В12 - витаминін ішектің микрофлорасының әсерінен бұзылудан сақтайды , сөйтіп ол жақсы сіңіріледі . Ал В12 - витаминінің мөлшерінің азаюын гастро мукопротеиннің азаюын тудырады ( оның жеткіліксіз шығарылуы , көп қолданылуы , тағаммен аз келуі , дұрыс сіңірілмеуі ) . Гликопро теин асқазан клеткаларымен секрецияланады , ол тамақ құрамын дағы В12 - витаминімен қосылады . B12 - витаминінің тәулік бойы қа жетті мөлшері 2,5 мкг . Организмдегі оның қоры үлкен , сондықтан мөлшері азайғаны бірден білінбейдi . B12 - витаминін адам жұмырт қадан , сүттен , бауырдан , бүйректен , т . б . тағамдардан алады .

Фолий қышқылы - суда еритін витамин , өсімдіктердің жасыл жапырағында , кейбір жемістердің құрамында , бүйректе , бауырда болады . Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг . Фолий қышқылының тап шы болу себептері : өсімдіктік тағамдарды аз пайдаланудан , оның ішекте сіңірілуінің бұзылуынан болады ( жүктілік , гипертиреоз , өспе лер , гемолиз , т . б .) .

В12 - фолий қышқылы тапшылығы білінетін анемиялық синдром мен қатар нерв , ас қорыту жүйелерінің және қан түзілудің бұзылуы кездеседі . Науқастың терісінің түсі бозарып , лимон реңді сарғышта нады , өйткені мегалобласттар қатты ыдырайды және босаған гемог лобиннен билирубин шығады . Кейбір түтікті және жалпақ сүйектерді пер - куссиялау кезінде ауыратыны байқалады . Бұл сүйек миы ги пер - плазиясының белгісі . Гемолиздің күшеюіне байланысты бауыр мен көк бауыр аздап ұлғаяды . Асқазан секрециясы төмендеген соң ( В12 - витаминінің тапшылығынан ) бірте - бірте тілдің кілегей қаба - ты семіп , теп - тегіс болып жылтырайды Хантер тіл қабынуы ( 88 сурет ) . .

Biz - фолий қышқылы тапшылығы білінетін анемиясы кезінде нерв жүйесі - нің зақымдануы жүлынның ми қабатының зақымдануынан ( фуникулярлық миелоз ) , шеткері нервтердің азғындауынан ( дегене рация ) пайда болады . Фуникулярлық миелоздың көріністері : терілік анестезия және парестезия , бұлшық еттердің семуі , полиневрит , жедел жағдайларда - аяқтардың спастикалық салы ( паралич ) және ареф лексия . Бұл ауруда психика мен интеллекттің нашарлауы мүмкін .

Макроцитоз - мегалобластық анемиялардың негізі және бұл ауруды ерте анықтауға жәрдемдесетін белгі . Шеткері қанда макроцитозды түсті көрсеткішпен ( 1,1 - ден жоғары ) немесе эритроциттердің диаметрімен анықтайды . Мегалоциттердің ядросының бөлшектері қанның жағындысында “ Жолли денешіктері ” , “ Кебоr сақиналары ” түрінде сақталады . Ал өздері қызыл түсті , дөңгелектенген , үлкен клеткалар түрінде кездеседі . Ретикулоциттердің саны көп емес ; кенеттен қатты көбеюі В12 - витаминімен емдеген кезде пайда болса , науқастың жағдайы жақсара бастағаны деп ұғыну керек . Гипер билирубинемия орташа деңгейде , жанама билирубиннің мөлшері артып , панцитопенияға әкеліп соғуы мүмкін .

Диагноз қою мақсатымен сүйек миын зерттеумен қатар соңғы кезде радиоиммундық әдіспен сарысудағы В12 - витамины мен фолий қышқылын анықтау жиі қолданылуда . Жоғарыда айтылған ретикулоцитоз мөлшерінің көбеюі де маңызды белгі , ол ем таға йындаған соң 3-5 күннен кейін басталып , 10 - шы күні ең жоғарғы санына жетеді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет