1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру


Теміртапшылығы білінетін анемиялар



бет13/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия

Теміртапшылығы білінетін анемиялар Теміртапшылығы білінетін анемиялар ( апаетia ѕidеrоpеnicae ) организмдегі эритроциттердің гемоглобинін құрайтын темірдің жетіспеушілігінен ( сидеропения ) туындайды . Анемияның бұл түрі барлық анемиялардың 80 % -ін құрайды . Темірдің тапшылығының негізгі себептері төмендегідей : 1 ) тағамның құрамында темірдің жеткіліксіз болуы ; 2 ) ішек бойында оның дұрыс сіңірілмеуі ; 3 ) со зылмалы түрде қан жоғалту ( меноррагиялар , метроррагиялар , ге морроидалдық , т . б . ) ; 4 ) жүктілік және лактация кезеңдерінде темірдің аса қажеттілігі ; 5 ) темірдің туа біткен тапшылығы .

Организмге тәулік ішіндегі қажетті темір мөлшері 11-28 мг , оның тек 14 бөлігі ғана сіңіріледі ( 15 мл қандағы көлемі ) . Сондықтан қанды аздаған мөлшерде жоғалтудың өзі теміртапшылығы білінетін анемияны туындатады , ал ол көбінесе ішкі ағзалар , оның ішінде асқазан - ішек жолдары ауруларында жиі кездеседі . Оған өңеш ( көк тамырлар варикозы , диафрагмалық жарық ) , асқазан ( ойық жарасы , рак , гастрит ) , ащы ішек ( ойық жарасы , полипоз ) , тоқ ішек ( ойық жаралық колит , рак ) , тік ішек ( геморрой , обыр ) аурулары себепші болады . Кейде бүйрек өспелері , өкпе туберкулезі , жатырдан қан кету де темір жеткіліксіздігіне әкеліп соғады .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет