Клиникалық көріністері. Диабеттік кома бірнеше сағат бойында, кейбір жағдайларда бірнеше күн бойы дамиды. Кома кезінде қантты диабеттің барлық белгілері айқындалады; асқа тәбеті тартпау, кұсу, жүректің айнуы пайда болады. Ауыздың, терінің құрғауы, зәрдің көбеюі, әлсіздіктің үлғаюы, ауыздан ацетон иісі шығый, артериялык қан қысымының төмендеyi, сол сиякты құрғаудың (дегидротация) клиникалыкқ белгілері де байкалады.
Комада жатқан наукастың турі ерекше болады: беті бозарған (не аздап қызарған), көгеру болмайды, ерні мен тілі қурғап, қабыр-шакты, терісі де құрғақ, салқын, серпімділігі азаяды. Тынысы шулы, терең, соңғы кезеңдерінде - Куссмауль тынысы пайда болады. Біртіндеп есінен айырылып, рефлекстер, дене қызуы төмендей бастайды. Сусыздану белгілері күшейіп, артериялық қысым төмендейді. ЭКГ-да гипокалиемияға тән өзгерістер пайда болады. Токсикоздың әсерінен ас қорыту жолдарынан қан кетеді, наукас кан құсады, ш ауруы пайда болады.
Белгілеріне карай, диабеттік команы бірнеше түрге бөледі: 1) асказан-ішектік-перитониттің,аппендециттің,гастроэнтериттің клиникасын береді; 2) жүректік — тамырлық; 3) бүйректік (олигурия, гиперазотемия, альбуминурия); 4) энцефалиттік (ми қан айналуы- ның бүзылуымен қосыла жүреді).
Гипергликемиялық кома түсындағы зертханалық көрсеткіштер: гипергликемия (19,4-33,3 ммоль/л), глюкозурия және ацетонурия, липидемия, холестеринемия, протеинемия (90 г/л), мочевина мен қалдық азот аздап жоғарылайды, гипонатриемия, гипокалиемия орын алады. Бұл уақытылы ем көрсетілмеген жағдайда қазамен аяқталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |