Этиологиясь мен патогенезі. Гипергликемиялық команың негізгі себебі инсулиннің жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде тіндердің глюкозаны шығаруының бүзылып, бауырда гликонеогенез шапшаңдайды, гипергликемия және глюкозурия дамиды. Гомеостаздағы өзгерістер контринсулярлық гормондардың (СТГ, АКТГ, катехола-миндер) денгейін көтеріп, олар да кетоацидозды күшейтеді. Глюко- кортикоидтардың артық мөлшері гипоталамус-гипофиз-адреналдық жүйені қоздырып, глюконеогенездің белсенділігін арттырады, майлы қышқылдар деполарынан шығады.Олардың толық тотықпауы кетоацидозға алып келеді. Кетон денелері ацидоздың дамуын ұлғайтады, яғни бүл кезде белоктар мен тіндердің ыдырауы күшейеді, олар бүйрек арқылы бөлінетіндіктен, калий және натрийурез пайда болады. Сутегі ионының көбеюі ацидозды ұлғайтады, полиурия мен дегидратацияның алмасуы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |