2. Клапанды аппараттың бұзылу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру.
Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігі Екі жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігі ( insufficientia valvulae mitralis ) . Сол жақ қарыншаның жиырылған ( систола ) кезінде сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік екі жармалы қақпақшамен толық жабылмайды , сол кезде қарыншадан жүрекшеге қан кері ( ре гургитация ) қайтады . Екі жармалы жетіспеушілік органикалық , функ ционалдық және салыстырмалы болып бөлінеді . Органикалық жетіс пеушілігі көбінесе ревматикалық эндокардит ауруында пайда бола ды . Бұның әсерінен екі жармалы қақпақшада дәнекер тіннің жетілуі болады , кейіннен солып , жиырылып , қақпақшаның және оған ба ғытталған сіңірлік жіпшелердің қысқаруына әкеліп соғады . Осы ның нәтижесінде , қарыншаның жиырылу кезінде қақпақшаның жиектері толық түйіспейді , саңылау пайда болады , ал бүдан қарын ша жиырылған кезде қанның біраз мөлшері қайта кері сол жақ жүрек шеге қарай ағады ( түседі ) . Салыстырмалы жетіспеушілігі кезінде екі жармалы қақпақша өзгермеген , бірақ сол жақтағы атриовентрикулярлық тесік кеңей геннің әсерінен қақпақша оны тығыз толық жаба алмайды . Салыс тырмалы екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі миокардит кезіндегі сол жақ қарыншаның кеңеюі , миокард дистрофиясы , кар диосклероз , дөңгелек бұлшық еттердің талшықтарының әлсірегенінде ( ол атриовентрикулярлық тесік айналасында бұлшық еттiк сақина түзеді ) және капиллярлы бұлшық еттердің зақымдалуы кезінде байқалады . Функционалдық жетіспеушілігі қақпақшаның жабылуын қам тамасыз ететін бұлшық ет аппаратының қызметі бұзылғанда пайда болады .
Гемодинамика . Екі жармалы қақпақшаның дұрыс қабыспауы нан қарыншаның систоласы кезінде , біраз мөлшерде қан қайта жүрекшеге қарай кері ағады . Жүрекшенің қанға толуы , қанның кө бейгенінен жоғарылайды , себебі өкпелік көктамырдан келетін қалыпты қанмен қатар , сол жақ қарыншадан да қан келеді , сол жүрекшеде қысым артып , ол ең алдымен үлкейеді , содан кейін созылады сөйтіп сол жақ жүрекшенің іші кеңейеді . Диастола кезінде толып тұрған жүрекшеден сол қарыншаға қалыптан тыс көп қан барады , ол оның толуына және созылуына әсер етеді . Сол қарынша үлкен күшпен жұмыс істеуінің әсерінен сол қарыншаның гипертрофиясы пайда болады . Сол қарыншаның күшейген жүмысы үзақ уақыт екі жармалы қақпақшаның жетіс пеушілігін компенсациялайды ( 79 - сурет ) . Сол жақ қарыншаның миокардының жиырылуы әлсіреген кез де , онда диастолалық қысым артады , бұл өз кезегінде сол жүрекшенің қысымының жоғарылауына әкеліп соғады . Сол жүрекшедегі үлкен қысым өкпе веналары қысымының артуына әсер етеді , ал ол баро рецепторларды қоздырады және рефлекторлы түрде кіші қан айна лу шеңберінде артериялардың тарылуын тудырады ( Китаев рефлексі ) . Артериялардың түйілуі ( спазмы ) өкпе артериясындағы қысымды біршама жоғарылатады . Осыдан оң қарыншаға үлкен күш түседі , себебі қанды , өкпелік бағанаға айдауы үшін оған үлкен күшпен жиырылу керек . Сондықтан ұзаққа созылған екі жармалы жетіспеу шілік кезінде оң жақ қарынша да гипертрофияға ұшырайды .