1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет14/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия

Клиникалық көріністері . Теміртапшылығы білінетін анемияның созылмалы түрде дамуы кезінде организм компенсаторлық мүмкін діктерді қолданып , ұзақ уақыт аурудың белгілері көрініс таппайды . Негізгі клиникалық көріністер анемиялық және сидеропениялық синдромдардан құралады . Сидеропениялық синдромының белгілері төмендегідей болады : 1 ) құрғақ және қатты тағамды жұтқанда қиналу ( сидеропениялық дисфагия ) , тілдің ауыруы және күюі , дәм сезудің бұзылуы ( борды , жерді , көмірді , шикі етті жеу қажеттілігі ) , иіс сезудің әдеттен тыс түрлері ( керосин , ацетон , мазут , резеңке т . б . иістерге әуесқойлық ) ; 2 ) шірік иісті сезіну ; 3 ) тері мен тері туындыларының , кілегей қабатының трофикалық өзгерістері : тері құрғап , аздап қабыр шақтанады ; шаш ағарып , тез түседі , ұштанады ; тырнақтар қасық тәрізді ойықтанады , жылтырамайды , тез сынады , көлденең сызық тар пайда болады ; ауыздың шетінде ойық жаралар мен жырықтар шығады ( ангулярлы стоматит ) ; тіл бүртіктерінің тегістелу нәтижесінде беті теп - тегіс ( атрофиялық глоссит ) , тістің қызыл иегінің іріңді қа бынуы ( альвеоларлық пиорея ) ; 4 ) терінің түсі бозарған , алебастр немесе жасыл реңді .

Гемограммада эритроциттер мен гемоглобин мөлшері азаяды , түсті көрсеткіш 0,5-0,75 - ке дейін төмендейді , эритроциттердің гипо хромиясы , анизоцитоз , пойкилоцитоз анықталады . Қанның сары суындағы темірдің деңгейі күрт азаяды – бмкм / л ( қалыпты мөлшер : әйелдерде - 7,2-26,8 және ер адамдарда – 8,8–28,6 мкм / л ) .

Тромбоцитопения анемиямен қатарласа жүреді , кейде салыстыр малы лейкоцитоз , лимфоцитоз , эозинопения анықталады . Тран сферриннің темірмен қанығуы 15 % және одан да төмен болады . Рентгенологиялық және эзофагогастроскопиялық зерттеулері кезінде өңеш пен асқазанның кілегей қабатының семуіне көңіл аудару қажет .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет