1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет12/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия

Клиникалық көріністері . Анемиялық синдроммен ауыратын нау қастардың жиі кездесетін шағымдары : бастың ауруы , бас айналу , құлақтағы шуыл , ентігу , ауа жетіспеушілік сезімі , жүректің жиі соғуы , кейде жүрек тұсының шаншуы , естен танып қалу , көз ал дында " шіркейлердің ” көрінуі , ашуланшақтық , ұмытшақтық , әлсіздік . Бұл гипогемоглобинемия нәтижесінде дамыған клеткалар дың гипоксиясының және тіндердегі метаболизмнің бұзылуының белгісі . Бүл жоғарыда айтылған анемияның барлық түрлеріне ортақ симптомдар болып табылады . Одан басқа анемияның әрбір кли никалық түріне тән арнайы синдромдар бар ( мысалы , гемолиздік анемияда терінің сарғаюы , теміртапшылығы кездесетін анемияда -тағамның ауыздың дәмін қалыптан тыс бұзуы ;В12 тапшылығы се зілетін анемияда глосситтің дамуы , гипопластикалық анемияда - геморрагиялық көріністер) .

Осы дертпен ауырғандардың өмір тарихын зерттеу белгілі бір тәртіппен жүргізіледі . Оның туған жерін , этникалық шығу тегін сұрастыру қажет , себебі кейбір анемиялар ( мысалы , гемоглобино патиялар ) белгілі географиялық жерлерде және этникалық топтар да жиірек кездеседі . Тұрақты мекен - жайы да қазіргі экологиялық жағынан зиянды жағдайларды ескергенде , гематологиялық аурулар дың дамуына әкеліп соғуы мүмкін . Аурудың бастапқы шағымдары на ( әсіресе қан кету ) көңіл бөлген жөн , оның артынша постгемор рагиялық анемияға айналуы ықтимал . Сол сияқты иондаушы радиа ция , уланулар , левомицетин және цитостатиктер сияқты дәрілерді қабылдаудан пайда болады . Асқазан - ішек аурулары ( грипшт ) мен ба уыр ауруларының ұзаққа созылуы теміртапшылығы және В12 тап шылығы сезілетін анемияға әкеліп соғуы мүмкін .

Анемиялық синдромның бірден - бір көрінісі – ол терінің бозаруы , гемолиздік анемияларда сарғыштығы , ал теміртапшылығы кездесетін анемияда ( хлороз ) жасылдануы қосылады ( Толығырақ жалпы бөлімде айтылған ) . Анемияға шалдыққан науқасты көріп зерттегенде байқалатын клиникалық көріністер : тыныс алу мен пульстің жиілеуі , жүректің шекараларының кеңеюі , барлық нүктелерде естілетін систо лалық шуыл , үлкен көктамырлардың тұсында естілетін шуыл ( қан айналымының жылдамдығы , қанның сұйылуы ) , артериалдық қысым ның аздап төмендеуі , аяқта ісіктің пайда болуы.Анемиялық синдром ның көріністері әр жағдайда , эритроцитопения мен гипогемоглобине мия ауруларына байланысты әр түрлі болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет