Клиникалық көрінісі .
Үлкен қан айналымы шеңберіндегі вена лық іркілу , үш жармалы қақпақшаның ақауында жылдам ісіктің , шеменнің , бауырдың үлкеюіне әкеліп соғады . Терінің түсі көгеріп , кей кезде сарғыштанады , мойын көктамырлары ісініп , оң веналық пульс және бауырдың тербелісі пайда болады . Бұның себебі , атрио вентрикулярлық саңылаудың толық жабылмауынан оң қарынша дан оң жүрекшеге қан кері қайтқаннан жүрекшеде қан қысымы жоғарылайды , содан мойын және бауыр көктамырлары қаннан толық босай алмайды . Үш жармалы қақпақшаның өзіне тән негізгі белгілері : бауырдың алға қарай ауытқуымен қатар көлемі ұлғаяды , үлкейіп ісінеді . Мұндай жағдай бауырдың пальпациясында жақсы білінеді , бауырды екі қолмен ұстап тұрғанда , тербелістің ырғағына қарай дәрігердің саусақтары бірінен бірі ажырасып отырады . Көзбен қара оң қарынша аймағында айқын тербелісті байқауға болады . Екі жармалы тесіктің тарылуындағы жүрек түрткісінен мұның айыр систола кезінде ішке тартылып , диастола кезінде кеуде сыртқа қарай қозғалады . Систола кезіндегі кеуденің ішке тарты луының себебі : систола кезінде қанның үлкен көлемі бауыр вена сына барады . Сондықтан оң қарыншаның көлемі кішірейеді .
Кеуденің систола кезінде ішке тартылуы бауырдың үлкеюіне сой кес келеді , ал керісінше диастола кезінде оң қарынша канмен толады , сондықтан кеуденің алға қарай үлкеюі байқалады , ал бауыр диастола кезінде кішірейеді . Сондықтан бір қолды оң карынша аймағына , екінші қолды бауыр аймағына қойсақ , онда алты бақан тербелісі торiздi қоз ғалыс сезіледі . Бұл кезде жүрек үшының түрткісі сезілмейді , неге десеңіз сол жақ қарынша қалыңдаған оң қарыншамен артқа қарай ығыстырылған .
Перкуссияда жүрек шекарасы оңға қарай ауытқиды , ол оң Тыңдағанда қарыншаның , жүрекшенің қалыңдауынан және кеңеюінен болады . - семсер тәрізді өсіндінің негізінде І дыбыс босен , осы аймақта және үшінші , төртінші қабырға аралығында оң жақтан систолалық шуыл естіледі . Дем шығармай дем алудың ең биік саты сында шуыл жақсы айқын естіледі ( Риверо - Корвалло симптомы ) . Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде кіші қан айналымы шеңберіндегі қан қысымы төмендейді , сондықтан өкпе бағанасында ІІ дыбыс бәсең естіледі . Тамырдың соғуы – аса өзгермейді , жиі және кішірейеді , бұл ақауда жүрек жетіспеушілігі айқын білінеді . Артериалдық қан қысымы төмендейді , веналық қысым басым болады , жоғарылайды — 200-300 мм су бағанасында . Рентгенологиялық - оң жүректің оң жағының қалыңдау белгісі болады . Бұл ЭКГ және ФКГ - да жақсы тіркеледі , семсер тәрізді өсіндінің үстіндегі 3-4 қабырға аралығында төстің оң жағындағы систолалық шуыл бәсеңдеуімен сипатталады . ФКГ - да дем алмай тұрғанда тіркелсе шуыл биіктейді . Флебограммада – мойыл дырықты көктамырда оң биік альфа толқыны , оң жүрекшенің қалыңдауынан немесе веналық пульс тәрізді толқын пайда болады . ЭхоКГ - да үш жармалы қақпақшаның анықталуы қиындау : жүрек ше аралықтарында оң қарыншаға түскен күштің айғағындай парадоксалды қозғалыстар пайда болады . Үш жармалы қақпақша қызметінің жетіспеушілігімен қан айналымы жетіспеушілігі қатар жүреді . Созылмалы үлкен қан айналымы шеңберіндегі веналық іркілу көп мүшелердің қызметінің бұзылуына әсер етеді ( бауыр , бүйрек , асқазан жүйесіне ) . Көбінесе бауырдың қан айналымының бүзылуы , веналық іркілу , бауырда дәнекер тіндердің пайда болуына әсер етеді . Мүны жүректің бауыр фиброзы деп атайды . Осының бәрі ішкі ағза лардың қызметін қиындатады , зат алмасу үдерісі бұзылады .
Достарыңызбен бөлісу: |