1. Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы бар науқастарды сұрау және жалпы тексеру



бет5/72
Дата27.01.2022
өлшемі92,54 Kb.
#115176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ИАП-сессия

Клиникалық көрінісі . Науқастың хал - жағдайы үзақ уақыт қалып ты жағдайда болады , ауру білінбейді , бұл сол қарыншаның теңелту қасиетіне байланысты . Жүрек аймағының ұстамалы ауру сезімі ( сте нокардия тәрізді ) сол жақ қарыншаның қалыңдауынан диастолалық Қысымның төмендігінен тәжді қан тамырларындағы қан көлемінің аздығынан жүрек бұлшық етінің қоректенуі нашарлайды . Мидың қоректенуінің нашарлағанынан басы айналып , көзі қарауытады . Сол жақ қарыншаның жиырылу үдерісінің төмендеуінің зардабынан кіші қан айналымында іркіліс пайда болады , сондықтан ентігу , жүректің соғуы және әлсіздік сезіледі . Науқастың терісінің бозаруы , артерияда систолалық және диастолалық қысымның өзгерістерінің зардабынан шеткей артерияларда тербеліс пайда болады ұйқы артериясының ( « каротидтер биі » ) бүғана қабырғасы артериясы , самай артериясында
т . б . Бір калыпты ырғақ қан тамыр тербелісімен бастың тербелісі ( Мюссе симптомы ) . Акырын тырнақты басып , үсақ капиллярлардың солқылын ( пульсациясын ) байқауға болады ( Квинке симптомы ) . Жүрек аймағында жүрек үшының түрткісі томен солға қарай ығысады . Жүрек үшы көтеріңкі көрінеді , жүрек түрткісі V - VII кабырға аралыгында , бүғана орталық сызықтан сыртқа қарай , таралған аймақта күшті , көтеріңкі , күмбез тәрізді . Бұның бәрі сол жақ қарыншаның үлгайганын бүлшық етінің қалыңдаганын және қарынша ішінің кеңейгенін көрсетеді .
Перкуссияда жүрек шекарасу солға қарай ығысады , жүрек қол қалы пішінді болып қалыптасады Тыңдағанда Lдыбыс жүрек үшында әлсіз , систола кезіндегі қақпақшалардың жабық кезеңі жоқ . ІІ дыбыс қолқада әлсіз қақпақшалардың бүзылғандғынан мүлдем естілмеуі мүмкін . Мерездік және атеросклероздық өзгерістерге ІІ дыбыс жақсы естіледі . Осы ақауға тән диастолалық шуыл қолқада жоне Боткин Эрба нүктесінде жүмсақ , үрлеген диастоладан кейінгі ( протодиасто лалық ) шуыл , қан қысымының қолқада төмендеуіне байланысты қанның ағымы баяулайды . Дыбыстардың өзгерісі және шуылдар ФКГ - да жақсы көрсетіледі . Миокардтың тонусының төмендеуінен қолқа қақпақшаларының ақаулары бар ауруларда жүрек үшында патологиялық ІІІ , ІV дыбыс тардың және шоқырақ ырғағы пайда болады . Кей кезде жүрек үшын да функционалдық шулар болады . Сол жақ қарыншаның кеңеюінен екі жармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі шығады , сондықтан систолалық шуыл , сирегірек диастолалық шуыл ( пресистолалық ) - Флинт шуылы пайда болады . Мұның себебі қан кері көп мөлшерде қайтқанда қанның ағымы қақпақшаларды жоғары көтереді , сөйтіп жасанды екі жармалы саңылау тарылады . Бұл кезде сан артерияларында екі дыбыс естіледі ( Траубенің қо сарлы үні ) және Виноградов - Дюрозьенің қос шуылы естіледі . Тамырдың соғуы жылдам , биік , үлкен , себебі тамырлық қысым жоғары және қанның соқпа көлемінің көптігінен болады . Артериалдық қысым . систолалық жоғарылап , ал диастолалық төмендей түседі , тамырлық қысым жоғарылайды . Рентгенологиялық көріністе сол жақ қарыншаның ұлғайғанын жүрек мықынының айқындалғанын , қолқаның кеңігенін көруге болады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет