1. Өлшеулер қателіктерінің классификациясы Кездейсоқ қателіктер. Өлшеу нәтижелерін және қателіктерін ықтималдылық сипаттау



бет2/4
Дата28.09.2023
өлшемі53,79 Kb.
#182774
1   2   3   4
Байланысты:
4 дәріс

Субъективті қателік
Аспап қателігі:
Конструкция қателігі
Технологиялық қателігі
Ескіру қателігі


Көріну сипаты бойынша
Тұрақты
Айнымалы:
Прогрессивті
Периодты
Кұрделі заң бойынша өзгеретін






1 сурет Өлшеулер қателіктерінің классификациясы


Бір шаманы қайталап өлшеу кезінде тұрақты немесе заңды өзгеретін болып қалатын өлшеу қателігі жүйелік қателік деп аталады. Егер жүйелік қателік белгілі болса, яғни белгілі мәні және таңбасы болса, онда ол өлшеу аяқталғанша түзету енгізу жолымен алынып тасталуы мүмкін.


Егер жүйелік қателіктің себебі (көзі) белгілі болса, онда оны өлшеуге дейін шығарып тастау қажет. Жүйелік қателіктердің туу салдарына байланысты, олар өлшеу әдісі қателігі, құралдық қателік, орнату қателігі, субьективті қателік, әдістемелік қателік болып бөлінеді.
Өлшеу әдісі қателігі (теориялық қателік) – бұл өлшеу әдісінің жетілмегендігінің қателігі. Негізінде бұл өлшеу принципінің жетілмегендігі және өлшеу негізіне алынған құбылыстың жеткілікті зерттелмеуі. Құрал-саймандық қателік (құралдың қателігі) - қолданылатын өлшеу құралдарының қателіктеріне байланысты туатын қателіктер (конструкцияның, өлшеу құралдарының жасалу технологиясының жетілмегендігі, олардың бірте-бірте тозуы, материалдардың ескіруі).
Орнату қателігі - өлшеу құралдарын дұрыс орнатпау себебінен пайда болатын қателіктері. Әдістемелік қателік – шаманы өлшеу әдістемесінде жіберілетін қателік және бұл қолданатын өлшеу құралдар дәлдігіне тәуелді емес.
Субьективтік қателік – байқаушының жеке ерекшеліктерімен шартталған қателіктер. Байқалу сипаты бойынша қателіктер тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты жүйелік қателіктер өзінің мәнін қайта өлшеулерде өзгертпейді.
М ы с а л Өлшеу құралын дұрыс емес градустауы, есептеу басталуын дұрыс қойылмауы және т.б. Айнымалы жүйелік қателіктер қайталап өлшеулерде әртүрлі мәндерді белгілі заңдылықтарына сәйкес қабылдайнады.
Егер қателіктер қайта өлшеулерде көбейсе, не болмаса азайса, онда бұл прогрестік жүйелік қателік. Периодтық жүйелік қателік периодтық немесе күрделі заң бойынша өзгере алады.
Периодтық жүйелік қателіктің пайда болу себебі - сыртқы факторлардың әрекеті және өлшеу құралының құрылымының ерекшеліктері.
Өлшеу нәтижесі әрқашан жүйелік ( ) және кездейсоқ ( ) қателіктерден тұрады:
   
Сондықтан өлшеу нәтижесінің ( ) қателігі жалпы жағдайда кездейсоқ шама ретінде қарастырылуы керек, сонда жүйелік қателік осы шаманың математикалық күтімі болады, ал кездейсоқ қателік – орталықтанған кездейсоқ шама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет